"Астанаэнергосбыт" бәсекеге қабілетті жұмыс беруші емес"

Фархат Әміренов Фархат Әміренов
2869

Бас қаланы жылумен қамтып отырған компания кадр тапшылығын сезініп отыр. 

"Астанаэнергосбыт" бәсекеге қабілетті жұмыс беруші емес"

"Астанаэнергосбыт" ЖШС бас директорының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары Лидия Гуляренконың айтуынша, компанияда кадр жетіспейді. Мұндай мәселенің туындауына компаниядағы орташа айлық жалақының төмендігі кері әсер етіп отырған көрінеді.

"Астанаэнергосбыт" табысының 60%-ы қызметкерлердің еңбекақысына жұмсалады. Компаниядағы орташа айлық жалақы 2015 жылы 81 мың теңгені құрады. Ал 2017 жылы шамалы азайып, 79 мың теңгеге тең болды. 2015-2017 жылдар аралығында ел экономикасында елеулі өзгеріс орын алса да, жалақы көбейген жоқ. Өкінішке қарай, "Астанаэнергосбыт" бәсекеге қабілетті жұмыс берушілердің қатарына жатпайды. Мәселен, жарты жылдан бері аула тазалаушы таба алмай жүрміз. Өйткені, 79 мың теңгеге ешкім бұл жұмысқа келгісі келмейді. Бүгінде компанияда кадр тапшылығын айтарлықтай сезіліп отыр", – дейді Лидия Гуляренко қоғамдық тыңдауда.

Еске сала кетейік, "Астанаэнергосбыт" компаниясы жылуды құрамына №1 және №2 жылу электр орталықтары енетін "Астана – Энергия" АҚ-дан сатып алады. Сөйтеді де оны "Астана-теплотранзит" компаниясының көмегімен тұтынушыларға жеткізеді.

"Астанаэнергосбыт" ЖШС қаржының 54-58 жылуды сатып алуға, ал 41-42%-ын тасымалдауға жұмсайды. Тарифтер жыл сайын өсіп келеді. 2015 жылы 1 гигаколория жылуды  "Астана- Энергия" - дан сатып алу тарифі 1238 теңге болса, 2017 жылы 1584 теңгені құрады. Яғни 45%-ға өсті. Ал жылуды "Астана – теплотранзит" тасымалдау тарифі 2015 жылы 1 гигаколория үшін 968 теңгені құрса, 2017 жылы 1097 теңгеге дейін жетті. Тариф үш жылда 25%-ға ұлғайды", – дейді "Астанаэнергосбыт" ЖШС бас директорының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары.

Лидия Гуляренконың сөзіне сенсек, "Астанаэнергосбыт" 2015 жылы жылуды сатып алуға және оны тасымалдауға 11 млрд теңге жұмсаған. 2017 жылы аталған көрсеткіш 14 млрд теңгені құраған.

"Астанаэнергосбыт" - тың шығыны 2015 жылы 189 млн теңгені құрады. Ал 2017 жылы 195 млн теңгеге тең болды. Үш жылдағы айырмашылық – 6 млн теңге. Шығындардың өсуіне әсер ететін бірден-бір фактор – жылуды тұтыну көлемінің артуы. 2015-2017 жылдар аралығында тұтыну көлемі 14%-ға артты", – деп толықтырды сөзін Лидия Гуляренко.

Компания инвестициялық бағдарламаларды да жүзеге асырып келеді. Бұл мақсатқа 2015 жылы 6 млн теңге бөлінген. Ал 2016, 2017 жылдары 11 млн теңге бағытталған. Лидия Гуляренконың сөзінше, бөлінген қаржының бәрі мақсатты жұмсалып, толықтай игерілген.

Фархат Әміренов

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу