"Астық Транс"-тың аянып қалғысы жоқ

2879

Астық вагондарының операторы осы маркетингтік жылдың соңына дейін 2 млн тоннадан астам астықты экспортқа шығаруды көздеп отыр.

"Астық Транс"-тың аянып қалғысы жоқ

Қазақстан биылғы маркетингтік жылдың соңына дейін 2 млн тоннадан астам астықты экспортқа шығаруы мүмкін және "Астық Транс" акционерлік қоғамы осы арқылы жазда тасымалдауға арналған өз тарифін төмендетуге көмектеспек. "Астық және зәйтүн. Қазақстан" зерттеу бюросы Бурабай шипажайлы кентінде ұйымдастырған "Қазақстандық жаңалық 01/2018" конференция сыртында болған әңгімеде компания президенті Рамазан Айғайбеков abctv.kz-ке осыны айтты.

"Маркетингтік жыл соңынан дейін сәуір мен тамыз аралығында екі миллион тоннадан астам астықты экспортқа шығарамыз. Қарашадан бастап ай сайын миллион тоннаға жуық астық артамыз. Біздің астықтың шамамен 70%-ы экспортқа кетеді. Негізінен арпа, Ақтау порты арқылы Иранға бағытына тиеледі. Сондай-ақ Орта Азиядағы дәстүрлі нарықтарға тиеледі. Осы жылы ресейлік порттарға тиеу жұмысы жақсы жүрді, одан әрі еуропалық елдерге, негізінен Италияға жеткізілді", – деп атап кетті ол.

Астық тасымалдау операторының Орта Азияға жіберген вагондарының орташа айналымы 20 тәулікті құрайды. Бұл ретте Ақтау порты ең тиімді бағыт болып отыр, ол жерде бір айда екі рейс жасауға болады деп атап кетті Рамазан Айғайбеков abctv.kz-пен болған әңгімеде. Сонымен қатар ол қазір Қытай да тартымды бағдар болып келе жатқанын, себебі олар астықты вагонмен қабылдай бастағанын айтты.

"Күзде Қытайға алғаш рет вагонмен астық жіберген кезде шекарада қиындықтар болған еді. Әдетте Қытай астықты тек жабық вагондарда қаппен ғана қабылдайтын. Азық-түлік корпорациясы бір компаниямен келісімшарт жасады, сол жерде, шынында да, сертификаттауға қатысты проблемалар болды. Карантин қызметі бұл астықты жерге түсіруге тыйым салды. Қытаймен арадағы шекарада кәдімгі терминал мен астықты түсіретін орын жоқ. Қазір Алашаңқай және Достық бойынша терминал салынып жатыр. Достық та астық вагондарын түсіруге арналған терминал түріндегі кірме жол ашылды. Сәуірде сынамалық топтамасын жіберіп көргіміз келеді, астықты вагондарға үйе тиеу арқылы жеткізуге ниет білдіріп отырған жүк жөнелтуші бар. Бұл сынамалық топтама шамамен үш-төрт мың тоннадай болады", – деп "Астық Транс" басшысы егжей-тегжейлі тоқталып кетті.

"Астық Транс" басшысы былтырғы жылы қазан айында Ақтау портында шамамен 1,5 мыңдай астық тасымалдайтын вагондардың қаңтарылып тұрып қалғанын тілге тиек етіп, қазір кемеге астық тиеуде мұндай проблема жоқ екенін айтты.

"Солтүстік" және "Ақ бидай" терминалдары толып тұрды. Астық трейдерлерінде астықты алушымен нақты келісімшарт болған жоқ, жүк кемелерін беруде кешіктіру болды. "ҚТЖ" да қазан айында Ақтау портының, ирандық тараптың астық трейдерлерінің қатысуымен жиналыс өтті. Үлкен жұмыстар атқарылып, бұл жағдайдан шығудың жоспары жасалды. Қарашада бұл жерге келіп, вагондардағы астықты кемеге тиеу бойынша барлық проблема шешілді. Қазір қиындық жоқ", – деп сендірді ол.

"Русагротранс" еншілес компаниясының өкілдері ресейлік астықты Ақтау порты арқылы шағын көлемде тасымалдау фактісі былтырғы жылы жақсы үрдіс болды деп есептейді.

"Көбінесе Ресейден "Русагротранс" вагондары атсалысты. Содан кейін бұл вагондарды Ресейге бос жібермес үшін "Русагротранс"-пен жасалған келісімге сәйкес өзімізге алдық. Олар тиеліп, қазақстандық тумен ЕО-дағы ресейлік порттарға және Новороссийскіге кетіп жатты", – деді Рамазан Айғайбеков.

Бұл ретте ол "Астық Транс"-тың астық тасымалдау вагондары солтүстіктегі көршілерімізде вагондарды жалға алу мөлшерлемесі көтерілетін қауырт кезеңде Ресейге кетпейтінін айтты. Ол біздің астық тасымалдайтын вагондар тек қазақстандық жүк жіберушімен жұмыс істейді деп атап кетті. Сонымен қатар "Астық Транс" басшысы компания астық тасымалдауға арналған мөлшерлемені "мамырдан қыркүйекке дейін" түсіруді жоспарлап отырғанын мәлім етті.

"Астық таситын вагондар бес ай жұмыс істейді де, жеті ай бос тұрады. Биыл шаруа қожалықтары шамалы болса да жақсы егін өсірді, жеті-сегіз ай жұмыс істейміз деп ойлаймын. 2016 жылы мұндай өнім болған жоқ. Ол кезде төрт ай жұмыс істеп, сегіз ай тұрып, күттік, біздің вагондар үлкен шығынға батты", – деді ол.

Қоймаларда астық тиеудің ұзаққа созылуы туралы проблемаға қатысты "Астық Транс" президенті негізінен олармен жүк жіберушілер өзара әрекет ететінін айтты.

"Мәселе демалыс, мереке күндері астықты тиеу мүлдем болмайтындығында. Біздің вагондар тиеуді күтіп тұрып қалады. Қоймадағылар мұндай күндері жұмысқа шыққаны үшін екі немесе үш есе төлем жасауды талап етеді. Жүк жіберушілерге, әрине, бұл тиімсіз, өйткені мұның барлығы астықтың өзіндікқұнына кіреді. Осындай проблемалар бар, бірақ биыл ауылшаруашылығы министрлігінде үлкен жиналыс болып, ведомство әкімдіктерге қоймалардағы тиеу жұмысы мәселесін шешуді өтінді. Қазір бұл проблема шамалы болса шешілген сияқты, өйткені демалыс күндері қоймалар жұмыс істей бастады", – деп атап кетті ол.

Гүлназ Ермағанбетов, Данияр Серіков

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу