2016 жылы Қазақстан төрт Ми-35М тікұшағын сатып алмақ

Жанболат Мамышев Жанболат Мамышев
12470

Қазақстан биыл ресейлік төрт Ми-35М әскери тікұшағын алмақ. Келешекте Су-35 жойғыштарын алу да жоспарланып отыр. 

2016 жылы Қазақстан төрт Ми-35М тікұшағын сатып алмақ

"Биылғы жылы төрт Ми-35 тікұшағы жеткізілетін болады", - деді ҚР Қорғаныс вице-министрі Оқас Сапаров KADEX-2016 көрмесінің сыртында болған әңгімеде.

Қазақстан қазіргі уақытта Ми-24 тікұшақтарын қолдануда, осы тікұшақтың базасында Ми-35М тікұшағы да жасалған. Ми-35М қарсыластың броньдытехникасын жоюға, әскерді оқ-дәрімен қамтамасыз етуге, десант түсіруге, сонымен қатар жаралыларды эвакуациялауға және жүк тасымалдауға арналған. Мұндай машиналар РФ, Әзербайжан, Бразилия және басқа елдердің жарағында бар. 2005 жылдан бастап 100-ден артық машина шығарылған. Машина экипажы екі-үш адамнан тұрады. Ең үлкен жылдамдығы - 300 км/сағ., тәжірбиелік әрекеті - 420 км,  әрекет шегі - 4,8 мың метр. Тікұшақ 23 мм калибрлі қосауызды зеңбірекпен, басқарылатын және басқарылмайтын зымырандармен, сонымен қатар авиабомбалармен қаруланған. Ми-35 8 десантты немесе зембілмен 4 жаралы адамға дейін тасымалдай алады.

Қорғаныс вице-министрінің айтуынша, ведомстваның Су-35 жойғыштарын, Ми-24 тікұшақтарын сатып алу жоспары бар.

"Бізге жаңа техниканы көрсетті, Су-35 ұнады... Ресей Федерациясы - біздің әріптес: қару мен техниканың 80%-ы, әсіресе тікұшақты Ресейдан аламыз, жыл сайын қарым-қатынас жақсара түсуде. Бізде жаңа жоспарлар  әрқашан болады, нақтылап айтсақ Су-35, Ми-24 тікұшағын сатып алуға қатысты",- деді Сапаров мырза журналистерге.

"Қазақстан Парамаунт Инжиниринг" ЖШС бас директоры Ербол Сәлімов, өз кезегінде, өзіміздің құрышпен қапталған  доңғалақты машиналарды бес жыл ішінде экспортқа шығаруды бастау туралы жоспарды хабарлады. Негізінен, компания  құрышпен қапталған доңғалақты  (4х4) әр түрлі модификациядағы және қаруланған "Арлан" машинасын шығарады.

"Зауыт былтырғы жылдың 30 қарашасында ашылған, жұмыс істей бастағанына тура алты ай өтті, зауыт қазір өз өнімін шығаруда, қазірдің өзінде қорғаныс министрлігіне, біздің қорғаныс мекемесіне жеткізілімдер бар. Әрине, бұл біздің Таяу Шығыстағы және ТМД елдеріндегі серіктестеріміздің қызығушылығын тудырары сөзсіз. Олармен жұмыс істеу керек",- деді ол журналистерге.

Қазақстандық құрышпен қапталған машиналарды экспортқа шығару қашан басталады деген сұраққа компания басшысы: - Жақын арадағы бес жыл ішінде іске асады, - деп жауап берді.

"Біз бір күймеде төрт машинаның түрін: ішкі әскер және полиция үшін шығаруға  дайынбыз. Қазір бір машинаны игердік, бірақ конструкторлық құжаттама барлық техникаға берілді",- деп атап кетті компания басшысы.   "Машина бұл кластағылардың ең жақсысы деп айтуға болады. Машина  торуылдан тойтарыс беруге бағытталған, оның минаға қарсы қорғанысы күшті",- дейді Ербол Сәлімов.

Оның айтуынша, компанияның өнімдер желісі жақын арадағы екі жыл ішінде кеңейтілетін болады.

Зауыттың өндірістік қуаты жылына  құрышпен қапталған доңғалақты 120 машина шығаруға негізделген.

Сонымен қатар, көрме барысында қазақстандық оқ-дәрі зауытының бірінші өнімдері Ұлыбританияға, Болгарияға және БАӘ елдеріне жеткізілетіндігі белгілі болды.

"Қазақстандық оқ-дәрі зауытының өнімдерін сатып алу бойынша Ұлыбритания, Болгария және БАӘ елдерінің компанияларымен келісімге қол қойылды",- деп хабарлады ҚР қорғаныс министрлігінің баспасөз-қызметі.

Қарағандыдағы оқ-дәрі зауытының құрылысы биыл басталды. Зауыт 2018 жылдан бастап қарулы күштерде сұранысқа ие 5,45*39 мм, 7,62*54 мм, 9*18 мм, 9*19 мм калибр оқ-дәрілерін шығаруды жоспарлап отыр, өндірістік қуаты жылына 30 млн. оқ-дәріні құрайтын болады. Оқ-дәрі өндіруде қазақ шикізаті мен материалдары қолданылатын болады.

Жанболат Мамышев

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу