2020 жылға қарай жолаушы транзиті бірнеше есе артады

Жанболат Мамышев Жанболат Мамышев
45356

Бүгінгі күні Қазақстан мен Ресей арасында рұқсат етілген рейстердің 1-ден 5%-ға дейінгісі қолданылып отыр.

2020 жылға қарай жолаушы транзиті бірнеше есе артады

– Сіз өткен жылдың соңында Қытай – Еуропа – Қытай бағытында жүк контейнерлерін тасымалдау 2020 жылға қарай 800 мыңға дейінгі жиырма футтық эквивалентке (ЖФЭ) дейін артады деген едіңіз? Мемлекет басшысы кезекті жолдауында транзитті 2 млн контейнерге дейін арттыру міндетін қойды. Қандай өзгеріс болды?

– 2011 жылмен салыстырғанда біздегі контейнер саны 11 есе өсті. Қазіргі база басқа, үлкен болса да, жыл сайын екі рет өсіп отырады. Сол себепті өзімізге үлкен міндет қойып отырмыз. Президент транзитті 2 млн контейнерге дейін жеткізуді тапсырды. 2 млн контейнер бүгінгі күннің қарқынымен есептеліп отыр. Ең бірінші, бұл Қытай – Еуропа – Қытай бағыты. Бұл – өте күрделі, үлкен міндет. Сондықтан бұл міндетті орындауға бар күшімізді саламыз. Бұл сан қайдан алынды? Соңғы жылдары Еуропадан кері жүктеу пайда болды. Егер бұрын негізінен Қазақстан арқылы Қытайдан Еуропаға тасымалдаған болсақ, қазір біздің көліктік инфрақұрылымға деген сенім күшейді. Жүк кем дегенде екі аптада, 10-13 күн ішінде жеткізіледі, бұл көптеген жүк жіберуші мен жүк алушының көңілінен шығып отыр. Ал теңіз арқылы тасымалдайтын болса, онда уақыт та көп кетеді, арақашықтық та тым алыс болады. Шұғыл жеткізілетін жүктер бар. Оларды ұшақпен жеткізу қымбат, сондықтан Қазақстан арқылы тасымалдау бұл жолы бәсекеге қабілетті. Соңғы уақытта жүк тасымалдаудың негізгі тренді – контейнерлік тасымал. Біздегі жүк тасымалдау құрылымында – көмір, астық және тағы басқа тасымалданатынын көріп отырмыз. Бүгінгі күні транзиттің – контейнерлік тасымал екенін көріп отырмыз. Контейнерлік тасымал жасау – экономикалық жағынан өте тиімді. Қазіргі біздің тартып отырған транзит теміржол, инфрақұрылымды дамытуға қатысты мәселені шешуге мүмкіндік береді. Яғни біз үшін транзит – өте қуатты нәрсе, сондай-ақ біздің логистикадағы басымдығымыз. Сонымен бірге 2020 жылға дейін елдің транзиттен түсетін табысы шамамен 4 млрд доллар болады деп өзімізге міндеттеме алып қойдық. Енді осы саясатты орындауға тырысамыз.

– 2016 жылы тасымалданған 87 мың транзиттік контейнерді есепке алғанда қазір қанша болып тұр?

– Бұл көлікпен тасымалдаудың барлық түрінің, яғни аэронавигация, әуежай, Ақтау портын қоса алғандағы табыс түрі. Бүгінгі күні табыс шамамен 300 млрд теңгені құрап отыр, яғни біз оларды кем дегенде 4 есе арттыруымыз керек. Бұл біздің бағдардың тартымдылығының арқасында болуы мүмкін.

– Қазақстан – Қытайдың жалпы өткізу қабілеті қандай болады ?

– Өткізу қабілеті қамтылуы керек. Дәл осыдан 2-3 жыл бұрын жаңа Қорғас шекаралық өткізуді іске қостық. Бүгінгі таңда бес шекаралық көліктік өтуді орнатып жатырмыз, сонымен бірге Қазақстан арқылы Еуропадан Қытайға авиациялық көлікпен жүретін транзиттік жолаушылар легі артып отыр. Теміржол, көлік және әуежайдағы өткізу қабілеті қойылған мақсатқа жетуге мүмкіндік береді.

– Авиациялық жүк транзиті бойынша... "ҚР кейбір заңнамалық актілеріне әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі мәселелері бойынша өзгеріс пен толықтыру енгізу" туралы Заң жобасы бойынша жұмыс тобының соңғы отырысында елорда әуежайының ұшып-қону жолағын шұғыл жөндеу керектігі, қосымша ҰҚЖ-ның болмауы Lufthansa Cargo компаниясының кетуіне әкелгендігі талқыланды...

 – Жоқ, Lufthansa Cargo компаниясының кетуіне көрші мемлекеттермен арадағы қатаң бәсекелестік күресі себеп болды. Олар ресейлік әуежайға кетті. Олардың кетуіне жанармай бағасы әсер етті. Оған қоса транзиттің негізгі ең тиімді факторларының бірі – бұл ұшақ Ресей арқылы Еуропадан Кореяға немесе Жапонияға ұшқанда, олар тарифтік жағдай арқылы өздері әсер ете алды.

Сонымен бірге белгілі бәсекелестік күрес бар. Мысалы, бүгінгі күні біз еуропадан келетін жолаушылар транзиті нарығына басымдылық жасауды бастап жатырмыз. Егер осыдан бес жыл бұрын Қазақстан арқылы ұшатын транзиттік жолаушы 25-30 мың болса, 2016 жылы Қазақстан арқылы ұшқан транзиттік жолаушының 400 мың болғанын көріп отырмыз. Оның ішінде Астана арқылы 250-300 мың жолаушы ұшқан. Ал биыл Астана мен Алматы әуежайы арқылы 600 мың транзиттік жолаушыны ұшыра алатынымызды көріп отырмыз. 2020 жылға дейін елдегі әуежайларда 1,6 млн транзиттік жолаушыға қызмет көрсетеміз деп міндет қойып отырмыз.

– Air Astana-ның 2020 жылы 1,2 млн транзиттік әуе жолаушыны тасымалдайтыны туралы болжам айтылды...

– Air Astana-дан да басқа әуе компаниялары бар.

 – Сонда транзиттік жолаушылардың көбісін Air Astana тасымалдай ма ?

– Оның міндеті – транзит тарту. Бірақ бұл жолаушылар мұнда басқа әуе компаниялары арқылы ұшып келе алады. Мысалы Мәскеуден "Аэрофлотпен", ал бұл жақтан Бейжіңге "Қытай әуе желісі" арқылы ұша алады.

Бұл транзит жаңа рейстер есебінен болжанып отыр ма?

– Біз бұны қосымша жиілік, жаңа бағдар, әуе кемелері санының артуы есебінен болжап отырмыз. Транзит бізде жыл сайын өседі, соңғы он жылда 10 есе өскен. Біз үшін бұл өте маңызды деп есептейміз, сондықтан ол үшін күресеміз.

– Ресеймен жасалып жатқан "ашық аспан" келіссөзіне қатысты жаңалық бар ма?

– Бізде әлемнің барлық елімен екіжақты рұқсат етуші жүйе жұмыс істейді, соның ішінде Ресейде бар. Сондықтан қазір екі мемлекет арасында ұшу үшін рұқсат етпейтін жүйені енгізу жоспарымызда жоқ. Сонымен бірге біз Корея, Малайзия, Өзбекстан, Еуроодақ, Кедендік одаққа кіретін елдер, БАӘ – барлық елге осындай ұшу жағдайын қолданамыз. Екіжақты келісім тәжірибесі негізінен барлық елде бар. Ресеймен екі арада Мәскеу – Алматы, Мәскеу – Астана бағытында бір тасымалдаушы болуы керектігі туралы талап бар. Ал басқа қалаларға екі немесе одан да көп ресейлік және қазақстандық тасымалдаушы болуы мүмкін. Мысалы біз қазіргі уақытта Қазақстан мен Ресей арасында рұқсат етілген жалпы рейстердің 1-ден 5%-ға дейінгісін қолданып отырмыз.

- Сонда әуе компаниялары келмей ме, мәселе неде болып отыр?

- Жоқ. Нарық жеткілікті. Тек Қазақстаннан Ресейдің басқа қалаларына ұшу жилігіне қатысты шектеу қойылмаған. Алматы – Астана бағытындағы рейстердің толығуы шамамен 60-65%, сондықтан жиілік санын арттыру жағдайын көріп отырған жоқпыз.

– Қазақстан мен Ресей арасында да жоқ па? Ал Сібір мен Оралға қажеттілік бар дейді...

– Мысалы Тараздан немесе Қызылордадан Новосібірге ұшу қажет пе? Қалаған адам қалаған бағытта ұша алады, барлығы ашық. Шектеу тек Астана, Алматы және Мәскеу арасына ғана қойылған. Оның өзі нарық толғаннан кейін қойылып отыр.

– Ақпан айынан бастап Астанадан "Жуковский" әуежайына "Орал әуе желісі" ұша бастайды. Қазақстан жағынан тасымалдаушы әзірге бекітілген жоқ, бірақ бұдан бұрын SCAT ұшады деп жоспарланған болатын...

– Ресейліктер "Жуковский" әуежайы мәскеулік емес, облыстық әуежай деп отыр. Сондықтан бұл рейсті ұшырмауға ешқанадай талап немесе шарт қоя алмаймыз, сол себепті рұқсат бердік. Егер Қазақстан тасымалдаушысы қызығушылық танытып жатса...

– SCAT…

– SCAT-қа рұқсат бергенбіз. Мәселенің барлығы экономикалық жағынан тиімсіз болуына қатысты. Бұл әуежайдың қасында Шереметьево, "Домодедово" әуежайлары бар, ол жерлердегі жүктеме 60%. Бұл әуежайларды қолдауға Ресейдің мүмкіндігі бар шығар, ал SCAT – коммерциялық жеке компания.

Яғни SCAT "Жуковский" арқылы ұша алады ғой?

– Иә, ұша алады, оған ешқандай шектеу қойылып отырған жоқ.

– Қазақстандағы қытайлық 6 жобаға қатысты айтатын болсақ... Биыл қандай жобаларды бастауды жоспарлап отырсыздар? Олардың сомасы белгілі ме?

– Мен сомасын айта алмаймын, бірақ полипропиленге қатысты жоба бар. Сонымен бірге Алматыда мұнай-газ секторына арналған құбырларға, JAC көлігін бөлшектік құрауға қатысты жобалар бар. Тағы да агросекторға, Қазақстанның солтүстігі мен оңтүстігінде азық-түлікке қатысты жоба бар. Өткен жылы екі жобаны іске қостық. Ал қазіргі 6 жоба – 2017 жылы іске қосылатын жаңа жоба.

– JAC бойынша айтатын болсақ, бұл бензинге қатысты жеке жоба және электромобильге қатысты жеке жоба ғой?

– Ірі детальдарды құру жобасы бар. Биыл қолда бар модель бойынша ұсақ бөлшектік құрау жобасы басталып, жыл соңына дейін аяқталады. Бұл жергіліктендірудің әртүрлі дәрежесі. Сонымен бірге электромобиль жаңа жобасы іске қосылады. Бұл жобаның басы ғана.

– Олар сынақтан өтті ме? Электромобильдерді қысқы уақытта сынақтан өткізу жоспарланған еді ғой...

– Сынақ тағы да болады.

– Оларға Қытайдағы сияқты қандайда бір субсидия қарастырыла ма? Себебі электромобиль айтарлықтай қымбат қой...

– Иә, ол қымбат. Бірақ пайдалануға берілгеннен кейін белгілі бір уақытта арзан болады. Себебі бензин бағасы қымбат. Қытайды көліктің осы түрі қатты қызықтырады. Өйткені ол экологиялық жағынан тиімді. Қытайда 10 млн-нан астам халық тұратын ірі қалаларда көптеген қиындық бар. Біз бұл жобаға қатысты бюджеттен қандайда бір субсидия қарастырып отырған жоқпыз.

– Биыл қандай ақылы жолдар іске қосылады?

– 600 шақырымнан астам жол пайдалануға беріледі. 7 мың шақырым жолды ақылы ету кезең-кезеңімен енгізіледі. Бұл Астана – Теміртау, Алматы – Қапшағай, Алматы – Қорғас жолдары.

Жанболат Мамышев

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу