2023 жылы болуы ықтимал жаңа қақтығыс ошақтары

2251

Әлем сарапшылары келіп жеткен қоян жылы жаңа жанжал ошақтары пайда болатынын айтып отыр 

2023 жылы болуы ықтимал жаңа қақтығыс ошақтары Фото: google.com

The Guardian газетінің шолушысы Саймон Тисдолл  "Қатал шындық: Батыстың дамыған елдері дамушы мемлекеттердегі қақтығыстарға жеткілікті қызығушылық танытпайды" деп жазады.

Оның пайымдауынша, 2022 жыл Мьянма, Йемен, Мали, Никарагуа, Конго Демократиялық Республикасы, Сомали және Ауғанстанда болған дағдарыстар халықаралық назардан тыс қалып кетті.  

Автордың зерттеуінше, 2023 жылы геосаяси шайқастың 3 ошағына ерекше мән берген жөн. Олар: Қытайдың Шығыс Азиядағы басым "мінез-құлқы", Таяу Шығыстағы бітпейтін былық және АҚШ пен Еуропа арасындағы шиеленіс.

Шығыс Азия

"Әскери "ойынды" күшейтуге итермелеген факторлар Aukus (Австралия, Ұлыбритания және АҚШ қауіпсіздік пактісі) құрылуына және төрттік шеңберіндегі ынтымақтастықты тереңдетуге ықпал етті (АҚШ, Үндістан, Жапония және Австралия). Бұл елдердің барлығында ортақ қорқыныш бар: ол – Қытай", - дейді шолушы.

"Шығыс Азиядағы әскери шиеленістің күшейіп келе жатқанын Жапония әрекетінен байқауға болады. 2022 жылы күншығыс елі қорғаныс техникасын 2 есе арттырған. Осылайша, 9-орыннан АҚШ пен Қытайдан кейінгі қорғанысы мықты 3-орынға бір-ақ көтерілген.  Бейжің 2023 жылы әскери әрекетін агрессивті түрде кеңейтіп, көршілерімен, соның ішінде Жапония және Үндістанмен ескі аумақтық дауларды (сонымен қатар, Тайвань) жалғастырады", – дейді автор.

Таяу Шығыс

"Таяу Шығыс ондаған жылдар бойы АҚШ-тың бас проблемасы болды. Алайда, Ирактағы кіші Джордж Буштың жеңілісінен және Сириядағы Барак Обаманың шегінуінен кейін салыстырмалы түрде бұл тақырып уақытша ұмыт қалды. Дегенмен, 2023 жыл америкалық билік үшін бұл негізгі тақырыпқа қайта айналып, тіпті,  шарықтау шегіне жетуі мүмкін", – дейді Саймон Тисдолл.

Оның болжамынша, оккупацияланған Батыс жағалауында қанды эскалация одан әрі жалғасады. Себебі, Премьер-Министр Беньямин Нетаньяху анти-араб коалициясындағы серіктестеріне осы аймақтағы министрлік өкілеттіктерін беру туралы шешім жасады. Үкіметке қарсы наразылықтардан босамаған Иран да Батыс елдерімен ядролық келісімдерге келе алмай, жарылу алдында тұр. Оның айтуынша, Израиль-Иран әскери қақтығысы Батыстың Тегеранмен қатынасын түпкілікті тоқтатуына себеп болады

2023 жылы, сондай-ақ, түрік-күрд қақтығысы қайта жанданады.

"Түркия көшбасшысы Режеп Тайып Ердоған сириялық күрдтерге тағы да шабуыл жасайды. Сайлау алдында ол өзінің ішкі қателіктерінен халықтың назарын осылайша өзге мәселеге аударады", - дейді  Тисдолл.

АҚШ пен Еуропа

ЕО елдері арасындағы Ресеймен келіссөздерге қатысты келіспеушіліктер соғыс жалғасқан сайын күшейе түседі. Ал Украинаға қомақты қаражат көп бөлінгендіктен, Вашингтон да алаңдаулы.

"Трансатлантикалық байланыстар Байденнің Брюссельді ашуландырған сауда және технология туралы маңызды заңнамасында протекционистік элементтердің жаңа сынақтарына ұшырайды. Кім біледі? 2023 жылы Путин масқара болып, тағын босатуы мүмкін бе?! Байден мен Си сүйісіп, татуласуы ықтимал ма?! Палестинадағы бейбітшілік мираж емес, шындыққа айналар?! 2023 жылы бір нәрсе анық. Украина Ауғанстан және ондаған өзге де алпауыт елдер үшін маңызды емес мемлекеттерге қарағанда қолдауды көбірек тауып, әлемнің назарында бола береді", - деп түйіндеді.

Ірі державалар өздерінің жаһандық шайқастарын жүргізе береді, ал дамушы елдердегі кедейлік пен хаос бақылаусыз қалып, байқалмай "дами" береді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу