Айман Омарова әйелдер туралы: санамыз төмен бе?

4467

Адам құқығы бойынша адвокат қоғамда қордаланған көп мәселені қозғады. 

Айман Омарова әйелдер туралы: санамыз төмен бе?

"Елдің басты байлығы – адам. Адам құқықтарын қорғау мемлекеттің маңызды міндеті. Мен тек құқық қорғаушы ғана емеспін, мен – адвокатпын. Әлеуметтік осал топтарға көмек көрсетіп жүрмін",- деп сөзін бастады Айман Омарова Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысында. Қоғам белсендісі отырыста сөйлеген сөзінде басқаның құқығын қорғауы тиіс адвокаттар өз құқықтарын қорғауға мәжбүр екендігін, БАҚ туралы заңнан "жала жабу" туралы бапты алып тастау қажеттігін, түрме реформасын, педофилия, сондай-ақ гендерлік тепе-теңдіктің жоқтығын айтып, көптеген мәселерді көтерді.

Бірінші, "Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы" деп аталатын заңға өзгерістер енгізілсе. Адвокаттар құқық қызметін ешкімнен қорықпай көрсетуі керек. Адвокаттардың тәуелсіздігіне назар аудару қажет. Бізде қазір "тәртіп коммисиясы" деген бар. Тәртіп коммисиясының құрамында пенсияға шыққан судялар, адвокаттыққа ешқандай қатысы жоқ тұлғалар бар. Ол дұрыс емес деп ойлаймын. Адвокаттарды оңға барса – құқықтар органынан, солға барса - прокуратура, тік жүрсе судялардан қорқып жүрген адамдар десе болады. Адвокаттар өзінің құқын қорғаумен алысып жүрген адамдар қазір. Олар еркін тұлғалар болуы керек. Әсіресе, ауыл адвокаттары. Алматы облысында екі-үш ауданда бір-екі ғана адвокат бар. Соларды тергеу барысында қай жерге жіберерімізді білмейміз.

Екінші, бұқаралық ақпарат құралдары туралы заңға өзгерістер енгізілсе. Әсіресе, ҚР қылмыстық кодексінде 130- "жала жабу" деген бап бар. Осы алынып тасталса. Журналистер ешкімнен қорықпай ақпарат берулері керек. Оларға азаматтық істің өзі жеткілікті – айыппұлдар, салықтар салынсын. Мен қазір 13 журналистің құқығын қорғап жүрмін. Сенесіздер ме, журналистерді көбінесе полиция қызметіндегі азаматтар қорқытқан, ұрған, соққан, тепкен, балағаттаған. Ондай болмау керек – елдің имиджіне қатты тиеді.

Үшінші, Қазақстан аумағында жүріп-тұруға рұқсат беретін "босқын мәртебесі" халықаралық стандарттарға сай емес. Осыған түбегейлі реформа қажет.

Төртінші, түрме реформасы. Түрме адамды түзетпейді. Ұрып соғатын түрме керек емес. Сәйкес заңдар қабылданып жатыр, бірақ оларды осал деп санаймын. Сол себепті түбегейлі реформа жасау керек.

Бесінші, зорлық- зомбылық, педофилияға қатысты. Мен әйелдерді қорғаған кезімде бұл қиын іс деп ойладым ал, балалар, ер адамдар, мүгедектерге қатысты істер тіптен қиын. Өз ерекшеліктері бар. (...). Бұл мәселе бойынша балаларға бөлек, басқаларына да бөлек департамент құрылуы керек.

Алтыншы, гендерлік тепе-теңдік. Біздің әйелдердің білімі, тәжірибесі ер-азаматтарға қарағанда төмен бе, қалай ойлайсыз? Қараңыздаршы мына жерге, 44 мүше бар, соның ішінде қанша әйел отыр? Сонда біздің тәжірибеміз, санамыз төмен бе? Қанша әйел әкім бар? Қанша департаменттің әйел бастығы бар? Жоқ.

Мен осы реформалар орындалады деп сенемін. Осы реформалармен кешігіп қалмасақ екен.

Нұржан Көшкін

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу