Әлем: маскашылдар мен оппоненттер үні

6606

Коронавирус пандемиясы кезінде бетті тұмшалаған дұрыс па, бұрыс па? Дүниежүзілік дебаттан таңдалған пікірлер. 

Әлем: маскашылдар мен оппоненттер үні

"Бір анығы – қазір жер шарында бет маскасы киім тарихындаңғы ең тез және аса кең таралған дүние болып тұр" – Валерий Стил, Нью-Йорктің Сән технологиясы инситуты мұражайының бас кураторы.

********

"Менің әжем де коронавирустан қайтыс болды. Және де туған-туыстарымның кейбірі бұл ауруды жұқтырып, бірақ аман қалды. Сондықтан, мен үнемі маска тағып, індетке шалдықпауға тырысып жүрмін. Өзгелерді де алаңдатқым келмейді" – Рейхане Раджаеи, Тегеран тұрғыны, тату суретшісі.

********

"Алғашқы кезде коронавирустан қорқу деген болды, адамдар үрейленіп, бір-бірінен алшақ жүруге тырысты. Бүгінде жұрт бұл ауруды жеңіл қабылдайтын болды. Ешкім маска таққысы келмейді, бір күні бәрібір өлеміз дейді, өлсек Алланың алдына барамыз, бірақ, содан кейін дәл қазіргідей өмір сүрмес едік дейді" – Уасим Аббас, пәкістандық ауылдың маскадан тағудан шаршаған тұрғыны,

********

"Жас жігіттер мен қыздар вирустан аса зардап шеге қоймас. Бірақ, олар ата-аналары мен қарттарды да ойлауы керек. Әке мен шеше, ата мен әже де жастар өмірінің бір бөлігі ғой" – Рауад Сархан, Бейруттің маска тағушы тұрғыны, Ливан.

********

"Негізі, пандемия кезінде жағдай осылай болып тұрғанда, біреуге маска тағып жүр деп айтуға міндетті емеспіз сияқты. Әркім өзі білетін шығар. Дегенмен, масканың өте маңызды екеніне де сенгеніміз дұрыс" – Фунмилайо Нвосу, лагостық сатушы, Нигерия.

********

"Адамдар маған жақсы қараса, мен оларға да жақсы қарауға тиіспін. Демек, біреу маска тақса, мен де тағуға міндеттімін" – Владимир Игнатьев, Мәскеу тұрғыны.

********

"Мен маска тағайын деп жүрген жоқпын. Оны ешкім тақпайды... Ешқандай коронавирус жоқ деп ойлаймын. Басшылар халықты алдап отыр" – Мохаммед әл-Бурджи, мемлекеттік қызметкер, Ливан тұрғыны.

********

"Мен үшін маска тағу – өзіңді-өзің оттегінен айыру.  ... Шын мәнінде бетімізді тұмшалап, өзімізді-өзіміз өлтіріп жатырмыз" – Кемаконава Матхоле, масканың оппоненті, Йоханнесбург, Оңтүстік Африка.

********

"Әдетте адамдардың масканы дұрыс тақпайтынын жиі көремін. Бұл дұрыс емес. Маска иекте емес, мұрын мен ауызды жауып тұруы керек. Оны иек үшін жасамайды ғой. Айналамдағылар бір-біріне мұқият қараса екен. Дегенмен, бұл бағытта прогресс бар тәрізді, сол қуантады" – Эйтан Азрия, инженер, Париж, Франция.

********

"Қоғам үшін біз өзімізді белгілі бір деңгейде құрбандыққа шала білуге тиіспіз. Әрине, қалағанымызды істеуге құқық беретін жеке бас бостандығы деген бар. Бірақ, қоғамның ортасында өмір сүріп жатқандықтан, тек өз басымызды ғана ойламай, өзгелер үшін де қам жегеніміз жөн" – Марсела де ла Серда, бразилиялық студент.

********

"Бұл вирустық байбаламның соңы бар ма өзі?" – Австралия тұрғыны, масканың қарсыласы, комментатор Эндрю Болт.

********

"Егер олар өлгісі келсе, өле берсін" – Микеланджело Привитера, Италиялық зейнеткер, маска тағуға жақтас.

********

"Әлемнің бағыты сөзсіз өзгерді. Жер шары тұрғындарының 95 пайыздан астамы маска тағуды талап ететін немесе соған кеңес беретін елдерде тұрып жатыр... Адамзаттың ғаламдық мінез-құлқында дәл мұндай өзгеріс бұрын болмаған шығар". – Джереми Ховард,  #Masks4All тобының негізін қалаушы, маска тағуға жақтас.

Арыс Әділбекұлы

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу