Әлеуметтік желіні балалардың қолдануына тыйым салды

803

Өткен аптада Австралия парламенті әлеуметтік желіні 16 жасқа толмаған балалардың қолдануына тыйым салу туралы заңды қабылдады.

Әлеуметтік желіні балалардың қолдануына тыйым салды Фото: Pixabay

Кейбір сарапшылар бұл құжатты жаңа заман ағысына қарсы жүзу деп сипаттап отыр. Мысалы – технологияға, маркетингке, жаһандануға, тіпті жасөспірімнің еркі тәрізді құдыретті күштерге. Бұл – бір жағынан амбициялық қадам, алайда ол жастарды онлайн компаниялар анықтайтын, бағалайтын, қалыптастыратын дәуірде жүзеге асуы оңай емес жоспар болуы мүмкін.

Жаңа заң бір жылдан кейін күшіне енуі керек. Австралия оның орындалуын қамтмасыз ете ала ма? Ол жағы әзірге түсініксіз. Дегенмен, TikTok, Snapchat, Instagram сияқты желілер өскелек ұрпақ өмірінің ажырамас бөлігіне айналдықтан, бұл платформалардан бас тарту мүмкін емес сияқты.

Өзге де сұрақтар бар. Мәселен, әлемуеттік желілер балалардың жасын қалай тексереді және бұл шектеу олардың сөз бостандығы мен өз ортасымен араласуын тоқтатып, заңды айналып өту мүмкіндіктеріне тосқауыл қоя ала ма?

21- ғасырда өмір сүріп жатырмыз. Кейінгі 25 жылда дүниеге келген толқын үшін әлеуметтік желі – коммуникацияның басты құралы. Сол құрал жойылса, не болады? Бұл сауалдарға әзірге нақты да тұщымды жауап жоқ.

Платформалар жауапқа тартылады

Заң TikTok, Facebook, Snapchat, Reddit, X және Instagram тәрізді платформалары жүйелік ақау жіберіп, 16 жасқа толмаған балалардың парақша ашуына мүмкіндік бергені үшін 50 миллион австралиялық доллар (33 миллион доллар) айыппұл төлеуге міндеттеледі.

"Бұл жерде әлеуметтік медиа компаниялар жауапкершілікке тартылуы керек екені анық айтылған. Австралия оларды жазалауға тырысады", – деді Джим Стейер, коммерциялық емес Common Sense Media компаниясының президенті және бас директоры АР агенттігіне берген сұқбатында.

Дүниежүзі елдерінің лидерлері мен ата-аналар Австралияның саясатын мұқият қадағалап отыр. Өйткені көпшілігі кішкентай балаларды интернеттің қауіпті де кездейсоқ  тұстарынан қорғауға мүдделі.

Көптеген балалар қауіпсіздігі жөніндегі сарапшылар, ата-аналар, тіпті жасөспірімдер Австралияның қадамын дұрыс деп санайды. Бұл да себепсіз емес.

"Ересектер сияқты балалар үшін де ең маңызды нәрсе – нақты адамдық қатынастар. Экранға аз телміру, өзгемен көп араласуды білдіреді", – дейді "Аналар медиаға тәуелділікке қарсы" тобының негізін қалаушы Джули Сселфо.

Facebook пайда болғалы жиырма жыл ішінде әлеуметтік желілердің балаларға тигізген зияны туралы фактілер жақсы құжатталған. Интернетте көбірек уақыт өткізетін балалар, әсіресе жасөспірімдер мен жеткіншектер, көптеген зерттеулерге сәйкес, депрессия мен мазасыздықты жиі бастан кешіреді. Бірақ желі мен осы проблемалар арасында себеп-салдарлық байланыс бар ма? Ол жағы әзірше бейгісіз.

Бұған қоса, балалар порнография мен зорлық-зомбылыққа, дене бейнесі мен макияжға қатысты жасына сай келмейтін контенттердің ықпалынан ұшырап жатады. Олар, сондай-ақ, қорқытуға, жыныстық қудалауға, құрдастары мен ересек бейтаныс адамдардың қорлықтарына да тап болып жатады.  Миы толық дамымағандықтан, жасөспірімдерге әлеуметтік салыстырулар да көбірек әсер етеді екен.

Өзге елдер не істеп жатыр?

Осы жылдың басында Ұлыбританияда және бүкіл Еуропада ата-аналар WhatsApp, Telegram сияқты платформаларда 12 - 13 жастан кіші балаларға смартфон сатып алмауға уәде берді. Бұл әдіс ақшаны қажет етпейді және үкіметтің күшін талап етпейді. Америка Құрама Штаттарында кейбір ата-аналар балаларын бейресми түрде немесе ұйымдасқан науқанның бір бөлігі ретінде әлеуметтік желіге кіргізбейді. Мәселен, оларға балалардың әлеуметтік желілер мен телефондарға қол жеткізуін кешіктіруге көмектесетін "Сегізіншіге дейін күт" деген топ бар.

Осы күзде Норвегия 15 жасқа толмаған балалардың әлеуметтік желілерді пайдалануына тыйым салу жоспарын жариялады. Ал, Франция мектептерінде 15 жасқа дейінгі жасөспірімдердің смартфон ұстауына рұқсат етпеу тәсілі сыналып жатыр. Бұл тәжірибе сәтті аяқталған жағдайда бүкіл елде қолданылуы мүмкін.

АҚШ заң шығарушылары Конгресте бірнеше тыңдалым өткізді. Солардың бірі – балалардың онлайн қауіпсіздігіне қатысты. Дегенмен, Құрама Штаттарда жеткіншектерді желіде қорғауға бағытталған соңғы федералдық заң 1998 жылы, Facebook-тың негізі қаланардан алты жыл бұрын қабылданған екен. Шілдеде АҚШ Сенаты балаларды қауіпті онлайн-контенттерден қорғауға арналған заңнаманы басым дауыспен мақұлдады. Бірақ Балалардың Интернеттегі қауіпсіздігі туралы ереже содан бері Өкілдер палатасынан өте алмай тұр.

Бірнеше штат баланың жасын тексеруді талап ететін заңдар қабылдағанымен, сол құжаттар сотта қалып қойған. Ал, 2023 жылы Юта балалардың әлеуметтік желілерді пайдалануын реттейтін заңдарды қабылдаған алғашқы штат атанды. Бірақ, қыркүйек айында судья әлеуметтік медиа компаниялардан пайдаланушылардың жасын тексеруді, құпиялылық параметрлерін қолдануды және кейбір мүмкіндіктерді шектеуді талап ететін бұл заңға қарсы бұйрық шығарған.

Өткен жылы мамырда АҚШ-тың бас хирургы Вивек Мерти әлеуметтік желілердің балаларға қауіпті екеніне дәлелдер жеткіліксіз екенін айтты. Ол саясаткерлерді әлеуметтік желілерге балаларға арналған автокөлік орындықтарына, нәресте тағамдарына, дәрі-дәрмекке қарағандай қарауға шақырды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу