Азияда аптап ыстық орнады

1362

Ең суық жер нүктесінде жаһандық жылыну жеделдеді.

Азияда аптап ыстық орнады

Азияда күн ысыды. Құрлықтың оңтүстік бөлігінде, әсіресе, Үндістан, Қытай, Таиландта рекордтық ыстық температура тіркелді, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Климаттанушылар биылғы сәуірді "Азия тарихындағы ең ыстық ай" деп бағалады. Температура бағаны Лаоста 42, Мьянмада 44, Таиландта 45 градусқа жеткен. 

Үндістанда қолайсыз ауа райынан 13 адам көз жұмып, кейбір штатта мектептер жабылды. Пәкістан мен Бангладеште бірнеше күннен бері сынап бағанасы 40 градустан түспей тұр. 

Қытайда сәуір айындағы қалыпты температура бірқатар қалалар мен провинцияларда, соның ішінде Чэнду, Чжэцзян, Нанкин, Ханчжоу және Янцзы өзенінің атырауының басқа аудандарында байқалады.

Осы айда күн-райының құбылуы Түрікменстан, Өзбекстан және Қазақстанда да байқалды. Метеорологтар Таразда сәуір айында ауа көрсеткіші 33,6 градусқа жетті, дейді. 

Сондай-ақ, ең суық жер нүктесінде жаһандық жылыну жеделдеді. Норвегияда мұздықтардың жылдам еріп жатқаны туралы ғалымдар дабыл қағып, хабарлады. Нью-Оллессун станциясында жүргізілген 40 жылдық зерттеу алғаш рет жылдам қарқынмен мұз еруі тіркелді деген шешімге келді. 

Зерттеушілер жұмыс барысында мұздықтарды 125 метр тереңдікке дейін бұрғыламақ болған, бірақ олар 25 метрге жеткенде-ақ, ағылған суға тап болыпты. 

Деректерге сәйкес, қазір Арктика басқа континенттерге қарағанда 4 есе жылдам еритін болған.   Сондай-ақ, Шпицберген архипелагындағы температура әлемдегі орташа деңгейден шамамен 7 есе жоғары екені анықталды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу