Бағалы қағаздардың сауда көлемі 2,5 трлн теңгені құрады

7756

Қазақстанның қор нарығы жоғары шоғырландырылғанымен, теңгерімі аз болып келеді. 

Бағалы қағаздардың сауда көлемі 2,5 трлн теңгені құрады

Мәмілелердің басым көпшілігі валюталық және ақшалай операцияларға тиесілі. 2018 жылы АХҚО – AIX биржасының ашылуы бағалы қағаздар нарығын дамытуға жаңа серпін берді, деп хабарлайды  finreviewТек бір  жылдың ішінде "Қазатомөнеркәсіп" АҚ–ның IPO, ҚР Үкіметінің Еурооблигациялары мен Polymetal шетелдік эмитенттің акциялары қоса алғанда, биржа 24 ұйымның бағалы қағаздар листингісін өткізді.

Нарықтық экономика жағдайында ұйымдардың қызмет көрсету үрдісі қаржы ресурстарының қозғалысымен қамтамасыз етіледі. Аталмыш ресурстардың құрылу және пайдалану үрдістері бағалы қағаздар нарығында белсенді және пассивті операцияларды өткізуге тікелей байланысты. Қазақстанда бағалы қағаздар нарығының негізгі индикаторы 1993 жылдан бастап "Қазақстан қор биржасы" АҚ (KASE) болды.

KASE негізінен валюта және ақша нарығына мамандандырылған. Ал қор нарығын дамыту дегеніміз бағалы қағаздарға инвестиция тартуға қолайлы жағдай жасау, халықаралық капитал нарығы бар қазақстандық биржа жүйесіне халықаралық эмитенттерді тарту болып табылады.

Осыған орай, 2018 жылдың 5 шілдесінде Қазақстанның Тұңғыш Президенті Н. Назарбаев "Астана" Халықаралық қаржы орталығының қор биржасы — "Astana International Exchange" (AIX) ресми түрде іске қосты. Биржа әлемнің ірі биржаларының озық технологияларымен жабдықталған және бекітілген халықаралық стандарттарға сай келеді. Оның серіктестері қатарында GoldmanSachs, Шанхай қор биржасы, Жібек Жолы Қоры және NASDAQ сияқты қаржы және қор нарығының әлемге танымал компаниялары бар.

Бір жыл ішінде AIX-те 24 мемлекеттік, квазимемлекеттік және жеке сектор мекемелері тіркеліп, листингіден өтті. 2018 жылы Қазақстанның қор нарығы үшін айтулы оқиға орын алды, "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ әлемдегі ең ірі уран өндіру компаниясысының IPO-сы өтті.

Жекешелендірудің кешенді жоспары аясында "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ-ның еншілес компаниялары 2020 жылдың соңына дейін IPO/SPO-ға "Эйр Астана", "Қазақтелеком", "ҚазМұнайГаз", "ҚТЖ", "Қазпошта" сияқты компаниялар шығады деп жоспарлауда.

2019 жылдың 17 сәуірінде AIX-те алғашқы шетелдік эмитент – Polymetal International Plc. компаниясының листингісі өтті, ол – Ресей мен Қазақстанда активтері бар, бағалы металдарды өндіру бойынша әлемдегі көшбасшылардың бірі.

Polymetal International Plc. акциялары Лондон және Мәскеу қор биржаларында саудаға шығарылады, 2019 жылдың 24 сәуірінде AIX-те алғашқы сауда өтті. Polymetal-дың жай акцияларына сұраныс күткендегіден де асып түсті –17,19 млн АҚШ доллары сомасына 1,69 млн бірлік инвесторлар сатып алған. Бұл ретте, алғашқы сауда күні жалпы сауда көлемі 17,31 млрд АҚШ долларын құрады. Осылайша бір айда жиынтық көлемі 22,6 млн АҚШ долларын құрайтын сауда жасалды.

Ірі ұлттық компаниялардың бірқатарын жекешелендіру, сондай-ақ халықаралық, өңірлік және отандық жеке компаниялар листингісі – AIX-ке халықаралық және отандық инвесторлар есебінен қажетті өтімділікті  тартуға мүмкіндік береді. AIX-тегі листинг эмитенттер үшін қолданыстағы инвесторлар базасын әртараптандыруға, сондай-ақ, капитал тарту үшін жаңа нарықтарды игеруге мүмкіндік береді.

2019 жылдың мамыр айының қорытындысы бойынша AIX-тегі барлық бағалы қағаздардың жиынтық сауда көлемі 3,9 млн АҚШ долларды (1,5 млрд теңге) құрады, ал сауда басталғанға дейін кумулятивтік көлем 43,2 млн АҚШ долларды құрады. Атап айтқанда, 473 мәмілеге қол жеткізген "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ айналымы жай акциялар бойынша  1,4 млрд теңгені құрады. Дәл осы кезеңде жаһандық депозитарлық қолхаттарымен "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ  289,5 мың АҚШ долларды құрайтын 20 мәмілеге қол жеткізілді.

2025 жылға дейін AIX биржасында экономиканың нақты және мемлекеттік секторлары компанияларының үлестік, сондай-ақ, борыштық бағалы қағаздарын шығару мен орналастыру есебінен нарық капиталын жандандыру әлеуеті 350 млрд АҚШ доллардан астам деп бағаланып отыр.

Бұл ретте нарықтың кәсіби қатысушылары экономиканың нақты секторына тартылған капитал әлеуетін капитал нарығы есебінен 500 млрд АҚШ доллар деңгейінде деп бағалап отыр. Қазақстан экономикасының ауқымын ескере отырып және ағымдағы даму қарқынын сақтау мен инвестиция тартуға арналған ресурстардың қажеттіліктерін есепке ала отырып, өсім міндеттерін жүзеге асыруда нарық капиталы рөлін бағалау қиын.

Қазақстан экономикасына жергілікті нарық капиталы қызметінен кумулятивті тікелей әсері 2025 жылға дейін шамамен 12 млрд АҚШ доллар сомасын құрауы мүмкін.

Қор нарығының және капитал нарығының толық көлемде дамыту шараларының бірі – активтерді басқару жөніндегі жергілікті көшбасшыларға және халықаралық компанияларға Ұлттық қор және БЖЗҚ-да сияқты мемлекеттік қорларда сақталатын қаржыны басқару мүмкіндігін ұсыну болып табылады. Бұл қадам нарықта өтімділікті барынша көбейтуге және халықаралық басқарушы компанияларды тартуға жол ашты.

Сақтандыру компаниялары, сақтандыру секторын дамыту, әсіресе, міндетті сақтандыру және өмірді сақтандыру бағыттарында белсенді саясаты болған жағдайда, Қазақстанның капитал нарығының белсенді қатысушысы бола алатын еді.

Қазақстанның аймақтық ел-серіктестерінде көлемі 300 млрд АҚШ долларын құрайтын – бос өтімді қаражаттары бар. Олардың бірқатары  қызықты инвестициялық мүмкіндіктер болған жағдайда, қазақстандық нарық капиталында орналаса алатын еді.

Мысалы, 2018 жылы Мәскеу қор биржасында (MOEX) сауда көлемі 13,5 трлн АҚШ долларды құрады, Беларусь валюталық-қор биржасында – 14,5 млрд АҚШ доллар, Қырғыз қор биржасында және Армения бағалы қағаздар биржасында 1,8 млрд және сәйкесінше 198,1 млн АҚШ долларды құрады.

Аталған сома ХВҚ әдістемесі бойынша анықталды және ол қаржылық делдалдық тұтыну (инвестициялық банкирлердің қаламақысы, трейдерлер, брокер–дилерлер), нарық қатысушыларына арналған кәсіби қызметтер (аудиторлар, заңгерлер, IT мамандары және басқалар) және АХҚО басқару (орталықты басқару және сот ісін жүргізу) сынды аралық тұтыну қызметін алып тастағанда, есептелген көрсетілген қызмет есебінен анықталды.

 Үкіметтің және Қазақстан Республикасы Ұлттық банктің бірлескен іс-қимыл жоспарына сәйкес капитал нарығының дамуы АХҚО қалыптастырудың төрт негізгі кезеңнің аясында жүзеге асыру ұсынылады.

Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі мен Үкіметтің бірлескен жұмысына сәйкес, нарық капиталын дамыту АХҚО-ны қалыптастырудың төрт негізгі кезеңі аясында жүзеге асыру ұсынылады.

"Жергілікті сараптама орталығы" бірінші кезеңі аясында төмендегілер көзделеді:

1.   тәуекелсіз табыстылықты қалыптастыруға мүмкіндік беретін, бір жыл ішінде  мемлекеттік қазыналық облигацияларды шығару және орналастыру;

2.   инвесторлардың ауқымды орталарына  25%-дан кем емес IPO өткізу үшін "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ компаниялардың инвестициялық жоспарында барынша тартымды тізімді айқындау;

3.   мемлекеттік және жекеменшік компаниялармен корпоративтік облигациялар шығару;

4.   Қазақстан қор биржасының IT-инфрақұрылымын дамыту.

"Қаржылық делдалдықтың жергілікті орталығы" екінші кезеңі аясында келесі мүмкіндіктерді қарастыру қажет:

1.   "көгілдір фишкалар" орналастырылған акцияларға 25% төмен емес деңгейде еркін айналыстағы капиталдың үлесін ұлғайта отырып SPO өткізу;

2.   квазимемлекеттік сектор компанияларының Қазақстан қор биржасында Қазақстан қор биржасында орналастырылған акцияларға  кемінде жалпы санының 25% орналастыра отырып, IPO өткізу (IPO уақытында орналастырылған акцияларды қоса алғанда);

3.   жеке компаниялардың IPO-сын өткізу;

4.   Қазақстандық қор биржасы арқылы қаржыландыруды тарту үшін, қазақстандық эмитенттерді қолдау және оларды қайтаруды ынталандыру бойынша іс-шаралар өткізу;

5.   ETF құралын нарыққа шығару.

"Жергілікті қаржы орталығы" үшінші кезеңінің аясында:

1.  борыштық және жеке компаниялардың акционерлік капиталын шығару, сондай-ақ шағын және орта компанияларды капиталдандыру үшін, алаңды жандандыру;

2.  басқа қор алаңдарымен кросс-трейдинг механизмінің іске қосылуы көзделеді.

Төртінші кезең аясында, 2025 жылдан бастап, қазақстандық капитал нарығы халықаралық деңгейде қызмет көрсетуді бастайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу