Банк секторының экономикадағы рөлі төмендеп барады

Несие беру мен экономикалық өсудің драйвері ретінде ақша-несие саясатын жеңілдету жайлы әңгіме ертегіге айналған тәрізді.  

Банк секторының экономикадағы рөлі төмендеп барады

Банк активтері жыл басынан бері баяу қысқарды да, тек шілде айының басында ғана біршама өсу көрсетті, бірақ 2018 жылдың I жартыжылдығының қорытындысы бойынша банктер оң динамика байқата алмады. Қаңтар-маусымда активтер бір жыл бұрынғы 25,1 трлн теңгемен салыстырғанда 24,2 трлн теңге кеміп, 3,5%  немесе 886 млрд теңгеге азайды.

Осы арада бір жыл бұрын банк секторындағы жағдай біршама жақсы болғанын айта кету керек. 2017 жылдың алғашқы жартыжылдығында банк активтері 2016 жылмен салыстырғанда 1,6%-ға қысқарған. Алайда Ұлттық банктің статистикасына сәйкес, биыл банк секторында құлдырау күшейген.

Банк активтерінің қысқаруы банк үшін елеулі және елеусіз көптеген баптар бойынша болған. Мәселен, банк шоттарындағы қолма-қол ақшалар мен тазартылған алтынға салынған ақшалар қысқарған. Нақты құны  509,6 млрд теңгеден 57 млрд теңге болатын құнды қағаздар көлемі 8,8 есе  төмендеген. Сондай-ақ банктер тарту мөлшерінің төмендеуінен, басқа банктер шотына салым орналастыруды азайтқан.

Несие беру тығырыққа тірелді

Активтердің қысқаруына қарыз портфелі себеп болды. Клиенттерге арналған баланстық талаптар 2,2 трлн теңгеге (16,6%), 13,5 трлн теңгеден 11,3 трлн теңгеге дейін қысқарған. Репо операциялары есебінен банктердің жиынтық қарыз портфелі 15,5 трлн теңгеден 13,4 трлн теңгеге дейін азайып қалған.  

2018 жылдың алғашқы жартыжылдығында ЖІӨ 2017 жылдың осындай кезеңіндегі 4,2%-бен салыстырғанда 4,1%-ға өсіп, экономикалық өсудің үлкен қарқынын нақты сақтап тұруы банктердің несие белсенділігінде байқалмады. Үкімет отырысында жартыжылдықтың  қорытындысын таныстырған ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов жалпы экономиканың көтерілуі инфляциялық процестердің баяулауынан және жоғары инвестициялық белсенділік есебінен болып жатқанын айтты.

Жыл басынан бері инфляция 2,6% болды, ал жыл қорытындысы бойынша соңғы үш жылдағы ең төменгі көрсеткіш 5,9%-ға жеткен. Министрдің айтуынша, негізгі капиталға салынған инвестициялар 25,8%-ға өскен және одан әрі қарай өсу тенденциясын сақтайды. Бұл ретте өңірлер бойынша экономиканың салаларында өсудің жақсы қарқыны байқалады.

Несие беруге қайта келер болсақ, Қазкоммерцбанктің қарыз портфелі 3,5 трлн теңгеден 1,2 трлн теңгеге дейін барынша қысқарғанын айта кету керек. Еуразиялық банктің портфелі шамалы, 39 млрд теңгеге, ал AsiaCredit Bank портфелі 5,6 млрд теңгеге қысқарған болса, Bank RBK-нің шығысы басқаларға қарағанда біршама, 507,5 млрд теңге болған. Qazaq Banki, Астана банк пен Қазақстан Эксимбанктің қарыз портфелінің көлемі де төмендеген.

Еске салар болсақ, мамыр айының басында Ұлттық банк басшысы Данияр Ақышев журналистерге осы үш банктің қарыз портфелінің сапасы төмен болғандықтан, өтімділікті жеткілікті деңгейде қамтамасыз етуден қиындық көріп отырғанын айтқан болатын. Мамыр айының ішінде аталған үш банктің жеке тұлғалардан депозитке ақша тарту лицензиясы тоқтатылды. Реттеушінің шешімі осы банктердің барлық операциялық қызметі үшін кері әсер етті. 

Сонымен бірге қарыз портфелінің сапасы тұрақталды. 2018 жылдың алғашқы жартыжылдығында өтелмей тұрған несиелер үлесі бір жыл бұрынғы 28,28%-ға қарағанда 12,8% болған. Банк секторы бойынша төлеу мерзімі 90 күннен асып кеткен несиелер үлесі (NPL 90+) 2017 жылғы 10,71%-бен салыстырғанда, 8,75% болған.

Дегенмен банк секторының провизиялау деңгейі артып, қарыз портфелінің 14%-на жетті, бұл абсолюттік көрсеткіште 1,8  трлн теңгені құрайды. Салыстырмалы түрде айтар болсақ, бір жыл бұрын көрсеткіш 11,2% немесе 1,7 трлн теңге шамасында болған.

Банктерден ақша өтімділігі жылыстап жатыр
Түбіне жете алмай жатқан активтердің қысқаруы банк секторы өтімділігінің төмендеуіне әкеледі. Ақпанда өтімді активтер деңгейі 40,5%, ал мамырда 38,8% болған. Әйткенмен 2018 жылдың алғашқы жартыжылдығында банк секторының өтімділігі жоғары деңгейде қалған. Реттеуші басы артық өтеу мүмкіндігін нота, депозит, репо және валюталық айырбас сияқты құралдар арқылы алуды жалғастырды. Ақша нарығындағы мөлшерлеме жыл басынан бастап негізінен реттеуші төрт рет 9%-ға дейін төмендеткен базалық мөлшерлеменің төменгі шегінде болды.

Мысалы, Ұлттық банк шотындағы банктердің депозит көлемі артты. Ұлттық банкке қойылатын талап 2,5 есе өсіп, 270 млрд теңгеден 686 млрд теңгеге дейін жетті. Сонымен қатар банктердің сауда портфеліндегі ноталар көлемі тағы 39,6%-ға, яғни 3 трлн теңгеге дейін өсті.

Банктердің валюталық айырбас және дилингтік оперцияларға қатысты талаптары 413,5 млрд теңгеден 298,5 млрд теңгеге дейін қысқарған, ал ұқсас міндеттер 141,7 млрд теңгеден 217 млрд теңге дейін біршама өскен.

Банк секторындағы теңге өтімділігінің профициті өз рөлін атқарды, сонымен қатар реттеуші нарығында жандану болғаннан кейін мөлшерлеме де тартымды болмай қалды.  

Долларды кепілге қою арқылы теңгені тартуға деген сұраныс белсенді болып қала бермек, алайда мұның көлемі 2017 жылдың алғашқы жартыжылдығындағыға қарағанда үлкен емес. Қазақстандық қор биржасының валюталық айырбас нарығындағы сауда көлемі осы уақыт ішінде 59,8%-ға 18,9 трлн теңгеге дейін төмендеген. Инструменталдық құрылымда жалпы сауда көлемінің 79%-дан астамы доллар бойынша жасалған екі күндік валюталық айырбас келісімдеріне тиесілі болған.

Осының аясында кері репо операциялары ( құнды қағаздарды кепілге қою арқылы теңге өтімділігін тарту) 14,6%-ға, 263,9 млрд теңгеге дейін өсті. Мәлімет келтіретін болсақ, KASE-дегі репо секторындағы сауда көлемі 2018 жылдың алғашқы жартыжылдығында 37,9 трлн теңгеге жеткен, бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 5,8%-ға немесе 2,1 трлн теңгеге көп. Жартыжылдық қорытындысы бойынша кері репо келісімдеріне қатысушы банктер тізіміндегі өзгеріс қызығушылық тудырады.

Кейбір банктер (Халық банк және Kaspi Bank) өз позицияларын қысқартқан, ал кейбірі (Қазкоммерцбанк, ForteBank, АТФ Банк, "ЦентрКредит" банк және Bank RBK) керісінше, оларды арттырған. Еуразиялық банк пен "Цеснабанк" 2018 жылдың шілдесінің басында өз позицияларын жапты. 

Банк секторының жиынтық міндеттері 2018 жылдың алғашқы жартыжылдығында 4,3%-ға (939,7 млрд теңге) 21,1 трлн теңгеге дейін қысқарған. Ең бірінші банкаралық міндеттер едәуір қысқарған. Яғни ол 2,3 есе, 1,4 трлн теңгеден 622 млрд теңгеге дейін қысқарған. Сонымен қатар банктердің үкіметтен алған ақша көлемі де азайған. Бұл ретте шоғырландырылған қарыз бен халықаралық қаржы ұйымдарынан алынған қарыз шамалы өскен.

Айналымға шығарылған құнды қағаздар (борышкерлік міндеттер) 180 млрд теңгеге, яғни 1,4 трлн теңгеден 1,2 трлн теңгеге дейін қысқарған. Банктер бұрынғыша қысқамерзімді ақшаларды тартуды қалайды. Өйткені ақшаны ұзақмерзімге қарызға алып, халыққа және корпоративтік сектор үшін несиеге бергеннен гөрі оларды ақша нарығында немесе Ұлттық банк ноталарын сатып алу арқылы тиімді орналастыруға болады.

Банктер жоғалтқан табысын инвестициялық портфелдің күрт өсуі есебінен толтырды. Негізінен құнды қағаздар портфелі 2,3 есе, 778 млрд теңгеден 1,7 трлн теңгеге дейін өскен. Жалпы портфель жыл басынан бері өсіп келеді.

Халықтың салымы үшін күрес жалғасады
Бұл арада банктердің жиынтық міндеттерінің 79,5%-ын депозиттік портфель құрайтынын атап кеткен жөн. Реттеушінің есебіне сәйкес, 2018 жылдың алғашқы жартыжылдығында депозит көлемі 2017 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда нөлдік динамканы көрсеткен.

Алайда депозит құрылымында маңызды өзгеріс болды. Егер бір жыл бұрын депозиттердің басым бөлігі заңды тұлғаларға тиесілі болса, яғни халықтың салымы 7,8 трлн теңге болғанда, заңды тұлғалардың салымы 8,9 трлн теңге болып, депозит жиынтығы 16,7 трлн теңгені құрады. Ал биылғы жылы жеке тұлғалардың депозиті 8,47 трлн және корпоративтік клиенттер салымы 8,39 трлн теңгеге сәйкескен.

Жекелеген клиенттерге арналған депозиттердің мөлшерлемесі корпоративтік сектордың салымына қарағанда үнемі жоғары болатынын ескеретін болсақ, базалық мөлшерлеме мен салымдар бойынша мөлшерлемені автоматты түрде төмендетуге қарамастан, банктерге пассив табысты ұстап тұру айтарлықтай қымбатқа түседі.

Банктер бойынша қарайтын болсақ, ірі және орта банктердің алғашқы үздік жиырмасының құрамына кіретін көптеген ұйым салымдарды төмендеткенін көруге болады. Ірі банктер бестігі ішінде табысын жоғалтпаған тек екі банк – Халық банк пен Қазақстан Сбербанкі ғана бар. Қазкоммерцбанк, "Цеснабанк", АТФ Банктің депозиттік портфелі қысқарған, оған заңды тұлғалардың салымының жылыстауы себеп болған. Оны тіпті жекелеген депозиттердің өсуінің өзі орнын толтыра алмады. Үздік ондықтан Bank RBK мен Еуразиялық банк шығып қалды. Bank RBK-дан жекелеген, әсіресе, заңды тұлғалардың депозиттері бойынша үлкен жылыстау орын алған. Ал Еуразиялық банкте жекелеген клиенттердің ақшасын тартудың өсуі есебінен заңды тұлғалардың депозиттері құлдырап кетті.

Төмендеу шамалы ғана, бірақ та бұл жерде төмендеуге бейім тренд маңызды рөл атқарады. Әңгіме биылдан бастап депозиттерді тартуға қатысты жағдай банктер үшін оңай болмағандығында. Қаңтар айындағы өсу, ақпан айында төмендеумен жалғасып, мамыр айында шегіне жетті. Бұған мамыр айында елбасының үш банктің  көрсеткіші нашар, басшылары дұрыс басқара алмағандықтан, салымдар бойынша қарыз болып отыр дегені себеп болды.

Мамыр айында Эксимбанк, Астана банкі мен Qazaq Banki жекелеген клиенттерден депозитке ақша тартуға қатысты лицензиясын тоқтатты. Банк секторының депозиттер бойынша жоғалтқан табысы мамыр айының қорытындысы бойынша 234 млрд теңге болған. Алайда маусым айында депозиттердің мәртебесі қайта қалпына келді, депозиттердің жылыстауы 555,8 млрд теңгеге өсті.

Банкирлер пайдаға кенелуде
2018 жылдың қаңтар-маусымында банктер бірлесіп 321,1 млрд теңге тапқан, бұл 2017 жылдың қаңтар-маусымынан 57,4%-ға көп. Ол кезде банктердің кірісі 204 млрд теңге болған еді. Алайда 2017 жылы кіріс 2016 жылдың алғашқы жартыжылдығымен салыстырғанда 0,3%-ға түсіп кеткен болатын.

Банк секторының салық төлегенге дейінгі шығысы 2017 жылдың қаңтар-маусымындағы 14,8 трлн теңгемен салыстырғанда 15,1 трлн теңге шамасында болды. Бірақ та банктердің табысы бір жартыжылдықпен келесі жартыжылдықтың арасында 15 трлн теңгеден 15,5 трлн теңгеге дейін өсіп, жоғары көрсеткіш көрсетті.

Банктердің табыстылық көрсеткішіне Ұлттық банк құралдары бойынша табыстылықты төмендететін активтер сапасын сақтауға кететін үлкен шығыстар, қорландырудың жоғары құны, қарыз портфелінің тұралауы және мерзімі өтіп кеткен қарыздар үлесінің айтарлықтай болуы қысым көрсетті. Дегенмен сектордың таза пайыздық маржасы осы кезең ішінде былтырғы жылдың көрсеткішмен салыстырғанда өсіп, 5,44% болды.

Гүлназ Ермағанбетова, Татьяна Батищева

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу