Батареялар әлемді 3 әдіс арқылы өзгертеді

22165

Қайта зарядталатын батареялар ғаламдық энергия көзі бола алады, бірақ оның бағасының әлдеқайда тұрақты тізбегі құрылуы қажет. 

Батареялар әлемді 3 әдіс арқылы өзгертеді

Литий-ионды аккумуляторлар шамамен 50 жыл бұрын пайда болды, қазір олар әлемдік энергетиканың дамуында шешуші рөл атқаруда. Климаттың өзгеруіне жол бермеу, көмірқышқыл газы мөлшерін қысқарту, жаңа технологиялардың дамуы және жаңа инновациялардың енгізілуінен аккумуляторлық батареяларға деген сұраныс артты.

Аккумуляторлық батареялар секторына арналған Халықаралық альянстың жаңа баяндамасында аккумуляторлық технологияның әлемді әлеуметтік, экологиялық және экономикалық жағынан трансформациялауы мүмкін үш саласы сипатталған.

 Париж келісімінің мақсаттарына қол жеткізу үшін энергетика және көлік секторларындағы қалдықтарды 30%-ға төмендетуді қамтамасыз ету
600 млн адамды энергиямен қамтамасыз ету, нәтижесінде электр қуатынсыз қалған халық саны 70%-ға қысқарады.
10 миллионға жуық жұмыс орнын құру.

Болжам бойынша, 2030 жылға дейін аккумуляторлық батареяға деген сұраныс 14 есе өсіп, сағатына 2600 Гвт болады. Нәтижесінде экономикалық өсімінің тұрақты түрде өсуіне, қоршаған ортаны қорғау және экономиканың дамуына зор үлес қосып, электр энергиясы қол жетімді бола бастайды.  

Аккумуляторлық батарея секторында бағаны қалыптастырудың қалдықсыз тізбегін құру

Аккумуляторлық батареялар көліктен шығатын зиянды қалдықтар көлемінің азаюына ықпал етіп, жаңартылатын энергетикаға өтуде маңызы зор. Бағаны қалыптастырудың қалдықсыз тізбегін құру қысқа мерзімде көліктік және энергетикалық секторларды біріктіріп, ластаушы қалдықтардың шығарылуы бойынша нормативтердің орындалуын қамтамасыз етеді.

Адам құқықтары саласындағы талаптар мен БҰҰ-ның тұрақты дамуға қатысты мақсаттарын ескере отырып, жаңа энергия көздеріне көшуге және экономикалық дамуды қамтамасыз етуге жәрдемдесу

Бағаны қалыптастырудың жаһандық тізбегі БҰҰ-ның тұрақты дамуға қатысты мақсаттарына қол жеткізуінде, климаттың өзгеруімен күресте шешуші рөл атқарады. Баяндамада жарияланғандай, 600 млн-ға жуық адам электр энергиясына қол жеткізеді. Сонымен қатар осы тізбек аясында 2030 жылға қарай балалардың еңбекке салынуын түп-тамырымен жою бойынша жұмыстар жүргізілмек. Бұл, әсіресе, Конго Демократиялық Республикасы үшін өзекті мәселе болып табылады. Өйткені бұнда әлемдік кобальттың 70%-ы кездеседі. Болжам бойынша, аккумуляторлық батарея секторы тарапынан кобальтқа деген сұраныс өсуі мүмкін деп күтілуде.

Экономиканы трансформациялау, қосымша баға және жаңа жұмыс орындарын құру

Зерттеу нәтижелері көрсеткендей, 2030 жылға қарай 10 миллионға жуық жаңа жұмыс орны пайда болады. Олардың жартысынан көбі дамушы елдердің үлесіне тиесілі. Бұл энергетиканың трансформациялануына ықпал жасайды. 

Сонымен қатар қолайлы нормативті-құқықтық база құрылу керек. Яғни жаңартылатын энергия көздеріне қатысты нормативтік талаптар өзгертілуі қажет.  

Трансформацияны жеңілдету үшін ынтымақтастық құру

Аккумуляторлық технология жаһандық транформацияға үлес қосып, Париж келісімінің мақсатына жетуге көмектесіп, әлеуметтік-экономикалық дамудың жаңа мүмкіндіктерін туғызады. Аккумуляторлық батареялар секторына арналған Халықаралық альянстың түпкі мақсаты осы.

ERG пен BASF, сонымен қатар альянстың басқа да мүшелері бағаны құру тізбегінің жетекші мүшелерін осы мақсаттарға қол жеткізу үшін бірлесе жұмыс атқаруға шақыруда. Біз жоспарланған іс-шаралар кешенін 2020 жылы Давоста өтетін Дүниежүзілік экономикалық форум аяқталған соң бастаймыз.

Аккумуляторлық батареялар секторына арналған Халықаралық альянстың "аккумуляторлық батареялар секторында 2030 жылы бағаны құрудың тұрақты тізбегінің концепциясы – климаттың өзгеруімен күрес жүргізу және тұрақты дамуға атсалысу үшін әлеуетті толықтай жүзеге асыру" атты баяндамасы ("A vision for a sustainable battery value chain in 2030 – Unlocking the full potential to power sustainable development and climate change mitigation") McKinsey & Co. и SYSTEMIQ компаниясының аналитикалық қолдауымен дайындалған.

Бенедикт Соботка,  Бас атқарушы директор, Eurasian Resources Group

Мартин Брудермюллер, директорлар Кеңесінің Төрағасы, Техникалық директор, BASF

Осы мақалада айтылған пікірлер тек авторлардың жеке көзқарастары болып табылады және Дүниежүзілік экономикалық форумның ұстанымын білдірмейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу