Bitcoin: Қазақстан үздіктердің қатарында ұзақ болмауы мүмкін

4426

Бүгінде еліміз сандық ақша өндіруден әлем бойынша екінші орында тұр. 

Bitcoin: Қазақстан үздіктердің қатарында ұзақ болмауы мүмкін

Қазақстан bitcoin өндіру бойынша үздіктердің қатарында ұзақ болмауы ықтимал, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы finprom.kz-ке сілтеме жасап.

Елімізде өткен жылы 12 айда 114,8 млрд кВт/сағат электр энергиясын өндірілген. Бұл 2020 жылдың қаңтар-желтоқсанымен салыстырғанда 5,2%-ға артық.

2020 жылы электр энергиясын өндіру көлемі 108,6 млрд кВт/сағат болды. Бұл 2019 жылмен салыстырғанда 2%-ға артық. Ал бұрын электр энергиясын өндіру көлемі 0,7%-ға төмендеген.

2021 жылғы қаңтар-желтоқсанда өндірістің ең көп көлемі Павлодар облысына тиесілі болды: 49,8 млрд кВт/сағат немесе елдегі өндірілген электр энергиясының 43,4%.

Сондай-ақ электр энергиясы Қарағанды (14,8 млрд кВт/сағат) және Шығыс Қазақстан (9,3 млрд кВт/сағат) облыстарында да айтарлықтай көлемде өндірілген.

Электр қуаты нарығының қазақстандық операторының (КОРЭМ) дерегінше, 2021 жылғы қаңтар-қазанда Қазақстанда 92,7 млрд кВт/сағат электр энергиясы тұтынылған, бұл 2020 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 7,1%-ға артық.

Электр энергиясын тұтыну Қызылорда облысында (15,6%) айтарлықтай өскен. Кейін тізімде Батыс Қазақстан облысы (14,9%), Ақмола облысы және Нұр-Сұлтан (13,9%), Түркістан облысы және Шымкент (12,6%) тұр. 

Өткен жылы жазда Қытайда криптовалюта айналымына және тау-кен өндірісіне тыйым салудың салдарынан қытайлық биткоин фермалар басқа елдерге көше бастады. Оның ішінде Қазақстан да бар. Биткон өндірігу тыйым салудың басты себебінің бірі майнинг электр желісіне артық салмақ түсірді. Салдарынан ҚХР-дағы бүтін бір аудандар жарықсыз қалып отырды. 

Кембридждегі әлемдік хешрейт бойынша балама қаржы орталығының дерегінше, 2021 жылғы тамызда Қазақстан (нарықтағы үлесі – 18,1) bitcoin өндіру бойынша АҚШ-тан кейін екінші орынға көтерілді.

Осыдан соң елдегі блокчейн-индустриясының болашағына Үкімет те назар аудара бастады. Мәселен, 2021 жылғы 24 маусымда цифрлық майнингке салық енгізу (1 кВт/сағат үшін 1 теңге мөлшерінде) туралы заң қабылданды. Ол 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енді. 

Бірақ жылдың соңына қарай электр энергиясы тұтынудың өсуінен электр желісіне артық салмақ түсе бастады. Салдарынан елде жарық жиі өшті. Тіпті, ресми тіркелген "ақ" майнерлерді де жарықтан ажыру туралы шешім қабылданды. Ал қаңтар оқиғасы елде электр энергиясының өшуіне әкелді. Осылайша, әлемде майнинг жасау 10%-ға төмендеді.

"Ақ" майнерлерді жарықтан ажырату, электр тапшылығы, жарықтың жиі өшірілуі майнинг-фермелардың Қазақстаннан басқа елдерге көшуіне ықпал етуі мүмкін.

Еліміз "арзан" электр энергиясынан басқа бұл салаға ештеңе ұсына алмайды. Майнинг-фермалар Қазақстанды шикізат көзі ретінде қарастырады, әрі елде блокчейн-индустриясы да дамымай отыр. 

Сонымен қатар Қазақстанда электр энергиясына тапшылық мәселесі шешілген жоқ. Елде тіркелмей заңсыз жұмыс істеп жатқан майнерлердің үлесі "ақ" майнерлерден басым болуы мүмкін.

Электр энергиясының тапшылығы мәселесі жаңартылатын энергия көздері (ЖЭК) есебінен қарастырылған. Олардың үлесі 2025 жылы 6%-ға, 2030 жылға қарай 15%-ға дейін арттыру жоспарланып отыр.

Осыған дейін 2030 жылы ЖЭК үлесі 10% болады деген жоспар құрылған. Алайда бұл жоспар алдағы уақытта орындалмайтын сияқты. Мысалы, 2020 жылға қарай елдегі ЖЭК үлесі 3% жетуі керек болған. Бірақ 2020 жылғы қаңтар-желтоқсанда елдегі электр энергиясын өндірудегі ЖЭК үлесі тек 2,3% болды.

Сондай-ақ 2019 жылы Энергетика министрлігі шамамен 2 мың МВт көлемінде электр энергиясының профициті туралы хабарлады.

Дәурен Ерболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу