Биыл қай бағыттағы жолдардың құрылысы аяқталады

Фархат Әміренов Фархат Әміренов
3300

Қазақстан битум экспортына тыйым салуы мүмкін.

Биыл қай бағыттағы жолдардың құрылысы аяқталады

Ресми дерекке сүйенсек, "Нұрлы жол" бағдарламасы қолға алынғалы бері (2015 жылдан бастап) республикалық маңызы бар 2,4 мың шақырым автокөлік жолы салынып, қайта жаңғыртылған. Ал биылғы меже – 4,4 мың шақырым жолды қайта жаңғырту. Оған 100 мыңнан астам адам жұмысқа тартылмақ.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Роман Скляр атап өткендей, осы жылы Қарағандыдан Алматыға дейінгі, Ақтөбеден Ресей шекарасына (Астраханьға) дейінгі жолдардың құрылысы басталады.

Сонымен қатар, жыл соңын дейін қайта жаңғыртылған 654 шақырым жол қозғалысын ашу жоспарлануда. Бұл ретте, Астана-Павлодар (441 шақырым), Щучинск-Зеренді (80 шақырым), Бейнеу-Ақжігіт (85 шақырым), Таскескен-Бақты (20 шақырым), Жетібай-Жаңаөзен (73 шақырым) жобалары толықтай аяқталады.

Бұдан бөлек, республикалық маңызы бар 1,6 шақырым жол жөнделеді.

Роман Склярдың сөзінше, автокөлік жолдарының құрылысына қажетті битум тапшылығы байқалып отыр. Аталған мәселені шешу үшін битумның экспортына тыйым салу керек.

Деректерге сүйенсек, жыл сайын жол құрылысына 770 мың тонна битум қажет екен. Ал зауыттардың өнімділігі – 890 мың тонна.

"Автомобиль жолдарын күтіп ұстау үшін және сақталуын қамтамасыз ету мақсатында ақы алу жүйесін енгізу жалғасуда", – деді министр Үкіметтің бүгінгі отырысында.

Оның айтуынша, қаңтар айының соңында жалпы ұзақтығы 471 шақырым болатын Алматы-Қорғас (295 шақырым), Алматы-Қапшағай (42 шақырым) және Астана-Теміртау (134 шақырым) жол учаскелерінде ақы алу жүйесі толық іске қосылған.

2019 жылдың соңында ақылы учаскелерден (4 учаске) түсетін жыл сайынғы қаржы шамамен 5,4 млрд теңгені құрайды деп күтілуде. Аталған автожоларды күтіп ұстауға 3,2 млрд теңге қажет екен.

"Келесі жылы тағы 5,5 шақырымға ақы алу жүйесі енгізіледі деп жоспарлануда. Бұл қадам автокөлік жолдарын күтіп ұстау шығындарын азайтуға мүмкіндік береді", – дейді Роман Скляр.

2022 жылдың соңына қарай шамамен 6,5 мың шақырым жол ақылы болмақ. Одан түсетін қаржы 40 млрд теңгеге жетеді деген болжам бар. Бұл қаржы жолдың өзін-өзі күтіп ұстау режиміне өтуге мүмкіндік береді.

Еске сала кетейік, Қазақстан жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінің автомобиль жолдары жағдайының рейтингінде 59-шы орында тұр.

Фархат Әміренов

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу