Camel milk: сүт – сізден, шұбат – бізден

Елена Калинина Елена Калинина
5073

Маңғыстау өңірінде еліміздегі түйе сүтінен сүт өнімін өндірудің алғашқы желісі ашылуда.

Camel milk: сүт – сізден, шұбат – бізден

Шын мәнісінде ауданы бір жарым мың шаршы метр болатын зауыт Түпқараған ауданының Ақшұңқыр ауылында 2018 жылдың қаңтарында ашылып, тұрақты жұмыс істеп жатыр.  Алайда әзірге барлық өнім Беларусь елінен әкелініп жатқан құрғақ сиыр сүтінен дайындалуда. Ассортименттің барлық желісі "био" деген атаумен шығарылып отыр. Бифидобактериялар – Ресейден, ұйытқы Германиядан сатып алынуда. Зауытта үйреншікті өнімдерден басқа шалап, таң, ірімшік, яғни тәулігіне бес-алты тонна дайын өнім шығарылады. Зауыттың өндірістік қуаты он есе көп. Ал қосымша қуат түйе сүтімен жұмыс істеуге есептелген. 

"Түйе сүтінің ерекшелігін ұзақ уақыт зерттедік. Қазақстанда түйе сүті аса сұранысқа ие емес, сондықтан бізде шұбат өндіретін зауыт жоқ. Араб Әмірліктерінде түйе сүті барлығына бірдей қолжетімді, кез келген супермаркетте сатылады. Сондай-ақ ол Ресейде де танымалдыққа ие болуда. Ол жақтан біздің түйе сүтінен жасалған өнімімізді сатып алуға деген ұсыныстар түсіп жатыр", –деді  Asia Milk сауда брендімен жұмыс істейтін WDOS AGARGAN ЖШС директоры Асхатжан Ибрай.

Зауыттың жабдықтары тапсырыспен Италиядан алынып, Ресейде жиналған. Оның бағасы миллион доллар. Бұл ақшаның жартысынан көбі Forte Bank-тен жылдық 14%-бен алынған, оның 10%-ына  мемлекет тарапынан  субсидия беріліп отыр.

Бұл жабдық сүттің екі түрімен жұмыс істеуге жарайды делінген. Құрғақ сүт бұл жерде пастерлеу-салқындату жабдығы арқылы қайта қалыпқа келеді, содан кейін ол сүт өнімдерін дайындау үшін қолданылады. Бірақ та түйе сүтінің майлылығы жоғары болғандықтан, бұл жабдық оны пастерлей алмайды. Шұбат үшін арнайы ұзақ пастерлейтін ванна сатып алдық. Ресейде өндірілген қосымша жабдық шамамен 15 млн теңгеге шықты.

Зауыт мал шаруашылығымен айналысатын ірі және шағын жеке шаруашылықтар, фермерлік қожалықтардан сүттің екі түрін де қабылдауға дайын. Қазірдің өзінде салқындататын сауыты бар екі машина сатып алынған, олар жиналған сүтті зауытқа жеткізеді. Одан әрі қарай сүт зауыттың салқындататын сауытына түседі. Содан кейін ол жерден сүттің нақты бір түріне арналған жабдыққа сорғымен жіберіледі.

"Өнімнің құрамында қосындылар жоқ, үстеме бағама кішкене 10-20 % ғана. Мысалы, майлылығы  3,2% болатын биоайранның бір литрі шамамен 220 теңге тұрады, ол 270 теңгеден сатылады. Өнімге арналған пэт-тара 30 теңге тұрады, ол Ресейден сатып алынады. Тығыны бес теңге, ал зат таңбасы 10 теңге тұрады, еңбек ресурстарының құны 15%-ға жуық, қалған 80%-ы – бұл сүттің, сары май мен ұйытқының бағасы. Сондықтан зауыттың табыстылығы жоғары емес, табыстың ауытқымалығы өнімді шығару көлемін арттырған кезде ғана өсуі мүмкін. Мысалы, түйе сүті сиыр сүтінен үш есе қымбат, орташа бағасы 750 теңге. Сондықтан түйе сүтін өңдеуде зауыттың табыстылығын 40%-дан арттырамыз", – деді Асхатжан Ибрай.

Бұл жерде 35 адам жұмыс істейді

"Жақында Алматыда "Өндірістің биотехнологы" мамандығы бойынша диплом алған екі студентті жұмысқа алдық. Жас мамандарды тәжірибесі болмағандықтан еш жер жұмысқа қабылдамаған. Қазір олар 30 жылдық тәжірибесі бар технологтың қарамағында жұмыс істеп жатыр. Жалпы біздің жұмыскерлер – бұл жергілікті тұрғындар, осы жылдың II-III тоқсанына қарай штаттағы адамдардың санын 50 адамға дейін арттырмақпыз", – деп атап кетті Асхатжан Ибрай.

Зауыт Ресейден 25 қабылдау пунктын сатып алмақшы. Осы аптада халықтан түйе сүтін қабылдауды бастап, одан алғашқы өнімнің партиясын шығармақпыз. Ал қазір барлық супермаркеттерде тегін дегустация жүріп жатыр.

Бұған дейін Маңғыстауда шұбаттан ақша таппақ болған жайғайлар орын алған. Германияға экспортқа шығару үшін түйе сүтін кептіретін зауыт ашылады деген жоспарлар да болған. Бірақ та жоба қымбат тұратындықтан, оның бастамашылары зауыт салудан бас тартты.

Гүлназ Ермағанбетова, Елена Калинина

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу