Қазақстан Энергетика министрлігінің жазғы дизельдік отынның шекті бағасын еркін айналымға жіберуге қатысты ұмтылысы туралы жаздың алғашқы айларында белгілі болғантын, 19 шілде күні бұл тек шенеуніктердің ойлағаны болып қана қоймай айтарлықтай өзгерді. Осы күні министрліктің сайтында жазғы дизельдік отын бағасын мемлекеттік реттеуді жою туралы бұйрықтың жобасы шықты.
Заң бойынша бұл жоба нарыққа қатысушылардың және мемлекеттік органдардың оның мазмұны туралы пікірін тыңдау үшін және құжаттың қандай да бір соңғы нұсқасын қабылдау барысында есепке алу үшін сайтта 10 күндей тұруы керек.
28 шілде күні он күн өтіп, бейсенбі күні энергетика министрлігінде дизельдік отын бағасын мемлекеттік реттеуді жою мәселесі бойынша кеңес өтті. Бұл жоюға байланысты нарыққа қатысушылар Қазақстан отын қауымдастығы атынан ешқандай қарсылық білдірмеді.
Мұндай түсіністіктің себебі де белгілі еді. Жазғы солярканың бөлшектік бағасындағы үлкен айырмашылықтың болуы (Қазақстанда- 99 теңге, Ресейде- 185 теңге, Қырғыстанда- 160 теңге) Қазақстанмен шекаралас аудандарда солярканың көршілермен көптеп қолдана бастауына әкелді.
"Біз Қазақстанмен шекаралас аудандарда солярканың қолданылуының өсуін көріп отырмыз, көптеген транзиттік көліктер Қазақстаннан дизельдік отынды құяды, жүк көліктері арқылы өздерінің бактарымен үлкен көлемде дизельдік отынды заңды түрде әкету жүруде,- дейді энергетика вице-министрі Әсет Мағауов. – Кейбіреулері Қазақстаннан отын құю үшін жүк машиналарымен күніне бірнеше рейс жасайды. Қазіргі уақытта Қазақстанда 200 мың тонна дизельдік отын бар. Егер мұндай жағдай сақталатын болса, онда дизельдік отын қорының барлығына қарамастан, жиын-терім жұмысы басталған кезде аталған үрдіс шекаралас облыстарда дизельдік отындарды бөлуге байланысты ЖЖС-да үлкен кезектің қарбаластығын туындатуы мүмкін. Біз осы мәселелерді шешу үшін аталған жоюды енгізудің қажеттілігі бар деп есептейміз"
Сонымен бірге, энергетика министрлігі дизельдік отынға қатысты өз ойларын жариялауға асығыстық танытқан сияқты. Себебі, солярканың бағасының көтерілуі мүмкін екендігі жайында хабарланғаннан кейін, кейін қымбатырақ сату үшін дизельдік отынның көлемін ірі және орта ойыншылармен "ұстап тұру" дәстүрлі процесі басталды. "Біз дизельдік отынның көлемі жетпей жатқан жекелеген бөлшектік ЖЖС-да туындап жатқан мәселелерга тап болдық,- деді Әсет Мағауов. - Мұны болдырмас үшін біз өткен аптада барлық ірі ойыншыларға, ресурс ұстаушыларға, өңірлік операторларға доминанттарды реттеу туралы заңнамаға сәйкес қажетті көлемнің барлығында сатуға шектеу қоюға болмайтындығы жайында хабарлама жібердік".
Оның мәлімдеуінше, қазақстандық зауыттардан (энергетика министрлігінің мәліметі бойынша, ірі үш МӨЗ әлі күнге дейін жазғы дизельдік отын бойынша ішкі сұранысты өздігінен жауып отыр) жазғы дизельдік отынды шығару үздіксіз жүргізіліп жатыр.
"Бүгінгі жағдай бойынша өндірілген дизельдік отынның 97%-ы жергілікті жерлерде қиындықтар тудырмас үшін ауыл шаруашылық өндірушілері мен өңірлік операторларға жіберілді. Өңірлік операторлар одан әрі осы жіберілген көлемдерді бөлшектік ЖЖС-на кедергісіз бөлуді жүргізуі үшін біз барлық жіберілгендер туралы әкімдіктерге мәліметтер жібердік және оларды қадағалауды өтіндік,- деп қосты вице-министр. – Яғни, әрбір бөлшектік орында дизельдік отынның жеткілікті көлемде болуы үшін әкімдіктермен тікелей тексеру режимін жүргізудеміз. Алайда, менің ойымша, аталған жағдай дизельдік отын бағасын жою бойынша соңғы шешім қабылданбайынша жалғаса береді",- деді ол.
Сонымен қатар, энергетика министрлігі еркін айналым режимін енгізу нәтижесінде жазғы дизельдік отын бағасының күрт өсуі болмайды дейді. "Біз есептедік, жана салықсыз- ақ дизельдік отынның қосымша көлемін Ресей Федерациясынан әкеле беруге болады, ол біздің салық салу жүйемізге байланысты бір литрі үшін 115 теңгеден аспайды,- деп атап көрсетті Әсет Мағауов. – Ресейде бір литр үшін 185 теңге, ал біздегі бір литр үшін 99 теңге сияқты бөлшектік нарықтағы бағаның әр түрлі болуына қарамастан, біздің салық салу және жанама салық жүйеміз әр түрлі.
Яғни, ресейлік дизельдік отын бағасының көп үлесін ҚҚС-ғы және акциздер құрайды. Ал Қазақстанға Ресейден келетін мұнай өнімдері ресейлік салық пен акциздерсіз әкелінеді,- деп түсіндірді ол. Яғни, бұл Қазақстаннан ресейлік жүк машиналарымен дизельдік отынның шығарылуын тоқтатпайды, сонымен қатар, қазақстандық нарықтың ірі ойыншыларына да Ресейден әкелінген көлемнің орнын толтыру мүмкіндігі туындайды. "Қазір бізде "ҚазМұнайГазды" өзіне шығын әкелетіндей етіп сатуға міндеттейтіндей мүмкіндік жоқ, ал содан соң ресейлік көлікпен оны қайтадан Ресейге шығарудың еш пайдасы жоқ",- деп атап көрсетті Әсет Мағауов. Бағалардың өзгеру мүмкіндігі туралы әңгімені қозғай отырып, ол өткен жылдың күзінде мемлекетпен 92-бензин бағасын қайта реттеу туралы шешім қабылданғандығын атап кетті. "Бір жыл ішінде оның бағасы 125 теңге деңгейінде тұрақталды, тіпті, төмендеді деуге болады. Біз оның көлемінің соншалықты емес екендігін, тапшылықтың жоқтығынкөріп отырмыз, нарық мемлекеттің араласуынсыз-ақ нақты жұмыс істеуде",- деді ол, сонымен қатар, энергетика министрлігі жазғы дизельдік отынның бағасын еркін айналымға жіберуге байланысты да осындай жағдайды болжайтынын атап кетті.
Сонымен қатар, вице- министрдің ойынша, солярканың белгіленген соңғы бөлшектік бағасының іске қосылуы тау-металлургиялық кешен және темір жол сияқты ірі тұтынушыларына әсер етпейді, себебі, олардағы дизельді отынды сатып алуда баға белгілеу механизмі қазірдің өзінде де "нарықтық".
Сонымен бірге, жылу беру кезеңінің басында жазғы солярканың бағасы мемлекеттің араласуынсыз-ақ бұрынғы бағасы, 99 теңгеге қайтып келуі мүмкін деп болжайды энергетика министрлігінің өкілі. "Бізде жылу беру кезеңі басталған кезде жазғы дизельдік отынды қолдану күрт төмендейді, осыған сәйкес, барлық нарықтық факторлар оның бағасының қыс уақытында түсуіне әкеледі. Ірі тұтынушылар үшін жазғы кезеңде бағаның орынды болуымен қысқы кезеңде ірі тұтынушылар қандай да бір тауарлық қорды қалыптастыра алуы үшін ірі тұтынушылармен жақсы серіктестік қатынасты сақтап қалу және сауатты орынды бағалық саясатты жасау дизельдік отын ресурсын ұстаушылар мүддесінде деп ойлаймын. Біздің бағалауымызша, қазіргі уақытта нарық қор тұрғысы жағынан жақсы жағдйда тұр, қабылданған шешімдер бағаның қандай да бір күрт ауытқуына және қандай да бір қиындықтарға әкелмеуі керек",- деп қорытындылады ол.
Игорь Воротной