ЕАЭО шекарасында шекісуге жол жоқ

Ирина Севостьянова Ирина Севостьянова
3864

РФ-ның мемлекеттік думасы ЕАЭО-ның Кедендік кодексі шекарадағы экономикалық қақтығыстарға тосқауыл қояды деп үміттеніп отыр. 

ЕАЭО шекарасында шекісуге жол жоқ

Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕАЭО) жаңа Кедендік кодексі бес елдің экономикалық ынтымақтасығындағы түрлі қақтығыстар үшін тосқауыл болуға тиіс. Мемлекеттік думаның ТМД елдері, еуразиялық интеграция және отандастармен байланыс ісі жөніндегі комитет төрағасының орынбасары Виктор Водолацкий журналистерге берген сұхбатында осындай пікір білдірді.

Қазақ-қырғыз шекарасындағы жағдай туралы сұраққа жауап берген ол аталмыш жағдайда Ресейдің ұстанымы бірқалыпты: "Біздің арамызда адал, ашық серіктестік қарым-қатынас болу керек", – деді.

Виктор Водолацкий орын алған жағдайдың бүге-шүгесін талдап отырмай-ақ, оны шешу жолына тоқталды. Оның айтуынша, бұдан шығар жол – ЕАЭО-ның барлық елдерімен жаңа Кедендік кодексті тездетіп ратификациялау. 

"Кедендік кодекстің 32-бабы ЕАЭО-ның келісімшарты туралы әрекетін, яғни бүгінгі күні Қырғызстан мен Қазақстан шекарасында болып жатқан жағдайды, сонымен қатар үшінші елдерден тауар тасымалдауға байланысты басқа да мәселелерді қарастырады. Бұл жағдайларды Кедендік кодекс реттейді, онда электрондық сүйемелдеу және тауарды электрондық сүйемелдеуді енгізу, оның ішінде мәдени мұра тауарлары мәселелерін шешуде біздің елдердің нақты басымдықтары белгіленген. Осылайша алып-сатарлық туралы тақырыпқа нүкте қойылады. Әр тарап сауда қарым-қатынасын адал жүргізуге міндетті болады, өйткені Кедендік кодексті қабылдау тек өзара тиімді сауда қарым-қатынасын ғана қарастырып қоймайды, сонымен қатар мұндай операцияларды жүргізуде адалдықтың болуын қамтамасыз етеді", – деді ол.

Мемлекеттік дума өкілі Ресей мен Беларусь бұл құжатты бекіткенін, жақын арада аталмыш құжат Қазақстан парламентінде қарастырылатынын айтып,  Қырғызстан мен Армения аталмыш құжатты қабылдау мәселесін ұзаққа созбайтына сенім білдірді.

"Бұл құжат бізге пайдалы болады. Ол қабылданғаннан кейін біздің одақ қарқынды дамып, үдеріске қатысатын елдердің экономикасына ғана еніп қоймай, ШЫҰ, БРИКС және басқа да елдердің экономикасына енеді. Біз заңды айналып өтуге тәуелді болмауымыз керек. Егер заңсыздық орын алатын болса, онда бұл құжатқа деген сенім жоғалады. Біздің қазіргі міндетіміз – оларды барынша шектеу. Жоғарыда айтып кеткенімдей, біз адал әрі сенімге құрылған, қатынаспен жұмыс істейтін боламыз. Егер кез келген тарап бұл бағыттан ауытқитын болса, онда жазалау шаралары қабылданады. Ол шекарада орын алатын және қазіргі уақытта орын алып жатқан жағымсыз жағдайларды азайтады. Тек Қырғызстан мен Қазақстанның шекарасын да ғана емес, сонымен қатар РФ-ға қатысты санкция енгізілгенде Ресей мен Беларусь елінің шекарасында не болғанын да жақсы білеміз", – деді ол.

Еске салар болсақ, 10 қазаннан бастап қазақстандық тарап көлік құралы мен тауарларға қатысты шекаралық бақылауды күшейтті. 18 қазан күні Астанада Қазақстан мен Қырғызстанның үкімет басшылары кездесіп, нәтижесінде тараптар мемлекеттік шекараны кесіп өткенде (әсіресе, Қордай да)  жеке жүгі бар жеке тұлғалар, үнемі жолаушылар тасымалдайтын автокөлік құралдары, бос жеңіл көлік пен жүк көліктері үшін екі ел арасындағы мемлекеттік шекараны кесіп өтудің басымдыққа ие тәртібін қамтамасыз етуге келісті. Бірақ та жүк тасымалына қатысты қатаң бақылау сақталатын болды.   

Сондықтан да шекарадағы бақылау-өткізу бекетінде бұрынғыша үлкен жүк көліктерінің кезегі әлі де бар.

Қазақстан шекарадағы бақылаудың күшеюі шекарадағы жоспарлы операция және 15 қазан күні Қырғызстанда өткен президент сайлауымен байланысты деп түсіндірді. Ал Қырғызстан Қазақстанмен шекарада орын алған жағдайды шешу үшін  ДСҰ-ға және ЕАЭО-ға өтініш жасады.

25 қазан күні Ереванда өткен  үкіметаралық кеңес отырысында Қазақстан премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев Қырғызстаннан келетін тауарларда заң бұзушылық болғандықтан қазақ-қырғыз шекарасында бақылау күшейді деген еді.

Гүлназ Ермағанбетова, Ирина Севостьянова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу