Экономиканы алға сүйреген және кері тартқан салалар мен өңірлер

Бауыржан Мұқан Бауыржан Мұқан
4237

2018 жылдың тамыз айында экономиканың барлық негізгі салалары баяулады.

Экономиканы алға сүйреген және кері тартқан салалар мен өңірлер

"Ай қорытындысы бойынша қысқа мерзімді экономикалық индикатор біраз төмендеп, 104,5% құрады. Баяулаудың негізгі факторларының бірі әлемдік нарықтағы тұрақсыз жағдайға байланысты болды. Осылайша, әлемдік мұнай бағасының шамалы төмендеуі аясында шикі мұнай өндірудің өсу қарқыны төмендеді. Соның нәтижесінде шикі мұнай көтерме саудасы және жүк тасымалдаудың барлық түрлері бойынша жүк айналымы төмендеді", деп хабарлайды ҚР Ұлттық банкі.

Ауыл шаруашылығы "минуста", несие мен сауда нарығы "плюсте"
Сондай-ақ, республиканың кейбір өңірлерінде егіннің азаюы нәтижесінде ауыл шаруашылығының төмендеуі байқалды. Өсудің негізгі драйверлері бөлшек сауданың жоғары деңгейі, салаларды кредиттеудің өсуі, инвестициялардың жоғары көрсеткіштері және еңбек нарығындағы тұрақты жағдай болды.

Аймақтық деңгейде қысқа мерзімді экономикалық индикатордың (ҚЭИ) ең жоғары көрсеткіші Атырау облысында сақталған. Аймақтағы ҚЭИ-дың өсуі негізінен мұнай өндірудің және оның көтерме саудасының жоғары көлемімен байланысты. Көлік көлемінің артуы, ауыл шаруашылығындағы тұрақты өсу қарқыны, сондай-ақ ұзақ уақыт бойы алғаш рет болған құрылыс секторының өсуі индикатордың өсуіне маңызды рөл атқарды. Екінші ай қатарынан байланыс қызметтерінің қысқаруы шектеулі әсер етеді.

Кері кеткен өңірлер
ҚЭИ-дың төмендеуі Астана қаласында, Қызылорда және Батыс Қазақстан облыстарында тіркелді. Астанадағы КЭИ-дың төмендеуі сауда, құрылыс және ауыл шаруашылығындағы құлдыраумен түсіндіріледі.

Қызылорда және Батыс Қазақстан облыстарында ҚЭИ-дың төмендеуі негізінен шикі мұнай мен газ конденсатын өндіру көлемінің төмендеуіне байланысты.

Металлургия экономиканың драйвері
2018 жылдың қаңтар-тамыз айларында өнеркәсіп өндірісінің көлемі 4,7%-ға артты. Республиканың 13 өңірінде өсім байқалды. 

Қашаған және Теңіз кен орындарында шикі мұнай мен табиғи газ өндіру көлемінің төмендеуі нәтижесінде тау-кен өнеркәсібіндегі өсім 4,9% құрады, бұл 2018 жылдың қаңтар-шілде айларымен салыстырғанда біршама баяу болды. Металл кендері, темір рудасы мен түсті металдарды өндіру оң үлес қосты.

Өңдеу өнеркәсібіндегі өсу қарқыны 4,8% құрады. Өсімнің негізгі драйвері – металлургия өнеркәсібі, азық-түлік өндірісі, машина жасау және кокс және мұнай өнімдерін өндіруі болды. Үшінші ай қатарынан, сусын өндірісі тежеушілік әсерін тигізуде.

Көлік пен құрылыс саласы бірін бірі демеп келеді
Көліктің барлық түрлері бойынша жүк айналымы жоғары деңгейде сақталады, 2018 жылдың қаңтар-тамыз айларында өсім 9,1% құрады. Саланың өсуі темір жол, автомобиль және әуе көлігінің қызметтерімен қамтамасыз етілген.

Құрылыс саласы 0,8%-ға өсті. Құрылыс жұмыстарының ең үлкен көлемі елдің көліктік-логистикалық инфрақұрылымын дамыту (автомобиль жолдарын, жолдарды, теміржолдарды, көпірлер мен тоннельдерді салу) бойынша жүргізілді. Бұдан басқа, өнеркәсіптік нысандарды салу мен жөндеу, сондай-ақ тұрғын үйлерді салу бойынша айтарлықтай жұмыстар атқарылды. Құрылыс жұмыстарының көлемінің төмендеуі Астана және Павлодар облыстарында байқалады.

Егіннің азаюы ауыл шаруашылығын төмендетіп жіберді
2018 жылдың қаңтар-тамыз айларында ауыл шаруашылығы 2,4%-ға өсті, ағымдағы жылдың 7 айы ішінде өсім 3,5%-ды құрады. Өнеркәсіптің өсу қарқынының баяулауы еліміздің бірнеше өңірлерінде егіннің азаюы нәтижесінде өсімдік өсімінің баяулауымен түсіндіріледі. Мал шаруашылығының өсуі саланың өсуіне оң ықпал етті. Бұл малдың және құстың тірі салмақта сойылу және де сиыр сүті мен тауық жұмыртқасының көлемінің ұлғайыны байланысты.

Еңбек нарығындағы қолайлы жағдайдың, сондай-ақ халықтың нақты ақшалай табыстарының өсуі аясында бөлшек тауар айналымы 6,5%-ға өсті. Көтерме саудада керісінше шикі мұнай сату көлемінің төмендеуіне байланысты өсу қарқынының біршама төмендеуі байқалды.

Байланыс саласы 2018 жылдың қаңтар-тамыз айларында 4,5%-ға артуды жалғастырды. Интернет-қызметтер, сондай-ақ ұялы байланыс қызметтері байланыс қызметтерінің ең танымал түрлері болып қала береді.

Бауыржан Мұқан

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу