Экономикасы құлдырау алдында тұрған 5 мемлекет

5590

Қазіргі таңда әлемнің бес экономикасы рецессия алдында тұр. Сарапшылардың айтуынша, бұның арты экономикалық дағдарысқа әкеліп соғуы мүмкін. 

Экономикасы құлдырау алдында тұрған 5 мемлекет

Ұлыбритания
Биылғы жылдың екінші тоқсанында Ұлыбританияның ЖІӨ-і 25 %-ға қысқарған. Экономикалық ахуалға елдің ЕО-дан шығуына байланысты қорқыныш әсер етуде. Сарапшылардың пікірінше, егер премьер-министр Борис Джонсон Brexit-ті одақпен келісім жасамай жүзеге асырса, ел рецессияға тап болады.

Айта кететін жайт, ел экономикасының өсімі 2012 жылдан бері бірінші мәрте қысқарып отыр. 

Италия
Италияның ЖІӨ-нің өсімі бәсеңдеуде. Ел экономикасына бірқатар фактор теріс әсер еткен: өнімділіктің төменділігі, жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейінің көтерілуі, сыртқы борыш көлемінің көптігі мен елдегі саяси тұрақсыздық. 

Германия
Әлемдегі төртінші ірі экономика өсімі биылғы көктем айларында қиын кезеңді бастан кешірді. Бірқатар еуропалық сарапшы мен аналитиктердің айтуынша, Германия экономикасын рецессия жайлауы бек мүмкін. 

Ел экономикасы экспортқа қатты тәуелді. Германия АҚШ пен Қытайға ірі көлемде тауар сатумен айналысады. Соңғы кездері автокөлік саудасы нашарлап кеткен, бұның зардабын көлік өндірушілер тартып отыр. 

Мексика
Елдің ЖІӨ-і екі тоқсан қатарынан қысқарған. Жыл соңына дейін ел экономикасының ахуалы бұдан да мүшкіл болуы мүмкін, дейді аналитиктер. 

Бұған дейін Халықаралық валюта қоры әлемдік экономика өсімі болжамын 3,2 %-ға дейін төмендеткен еді. Бұл 2009 жылдан бергі ең төменгі болжам болып отыр. 

Мексикада инвестиция деңгейі күрт төмендеп кеткен, ал қызмет секторына үнемі қысым көрсетілуде. 
АҚШ пен Қытай арасындағы сауда текетіресі мен әлемдік орталық банктердің ахуалды реттеу үшін тиісті шараларды уақтылы қабылдамауы сынды факторлар әлемдік экономика дамуын тежеуде, дейді сарапшылар.  

Бразилия
Биылғы жылдың екінші тоқсанында Бразилия экономикасы құлдырады. 

Бразилия – Латын Америкасындағы экономикасы ең ірі ел. Соңғы уақытта елді жұмыссыздық жайлап, өнеркәсіптік өндіріс көлемі азайып кеткен. Бұған да қос алпауыт арасындағы сауда соғысы мен Қытай экономикасы өсімінің төмендеуі ықпал етуде. Бұл өз кезеңінде инвесторлардың алаңдаушылығын тудырып отыр. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу