Елімізде бензин бағасы қалай белгіленеді

Куралай Абылгазина Куралай Абылгазина
3831

Жанар-жағармай бекеттерінің сұйық отын сатудан табатын пайдасы 1%-ды құрайды.

Елімізде бензин бағасы қалай белгіленеді

Abctv.kz Қазақстандағы жанар-жағармай бекеттерінде бензин мен дизельдік отынның құны қалай белгіленетіні туралы "ҚазМұнайГаз Өнімдері" ЖШС  үлгі ете отырып түсіндірмекші.

Мұнай және газ ақпараттық-сараптамалық орталығының (МГАСО) мәліметі бойынша, Қазақстанда бензин тапшылығы – 30%, дизельдік отын тапшылығы 15%-ды құрайды. 2011жылдан бастап елімізде жанармай тапшылығы байқалып келеді. Жетіспеген мөлшер Ресейден нарықтық шарттар бойынша көтерме бағамен импортталады.

Жыл басынан бастап еліміздің жанармай бекеттеріндегі сұйық отынның бағасы қымбаттап келеді. Бұл Ресейден келетін жанармай бағасының көтерілуімен және Қазақстандағы мұнай өңдеуші зауыт өнімдерінің қымбаттауымен байланысты. 2017 жылдың қаңтар айынан бастап наурызға дейінгі аралықта отандық МӨЗ дизельдік отын бағасын 4,6%-ға, бензинді 4,2%-ға қымбаттатқанын мәлімдеді статистика жөніндегі комитет.

"Баға бірінші кезекте көтерме жеткізу көлеміне байланысты болады. ҚМГ БӨ бізге (жанармайды – ескерт.) нарықтық шарттар бойынша сатады. Жетіспеген мөлшерін Ресейден импорттаймыз, бұл шамамен  25-30%-ды құрайды. Жыл басынан бастап баға көтеріле бастады, бұл Ресейдегі көтерме бағаның жоғарылап, жанармай сатып алу бағасының қымбаттауымен тікелей байланысты", – деп түсіндірді ҚМГӨ операциялық басқару жөніндегі бас директордың орынбасары Нұркен Мырзағалиев ОКҚ брифингінде.

"Біздің баға белгілеу құрылымымыз мынадай: сатып алу бағасы 83%-ды құрайды, жеткізу (тасымалдау) құны шамамен  5%, жанар-жағармай бекетін ұстау бойынша қызметтерге (операциялық шығындар, оның ішінде сақтау қызметтері) шамамен 11% жұмсалады, бүгінгі күні біздің компания түсіріп отырған табыс шамамен 1%-ды құрайды", – деп сөзін жалғады топ-менеджер.

Отандық жанармай бекеттері сұйық отынды Ресейден рубльмен де, шетел валютасымен де сатып алатынын атап өтті "Гелиос" ЖШС логистика жөніндегі директоры Артур Нам.

"Бүгінгі күні 92-бензиннің бағасы (РФ импорты – ескертп.) 430 доллар деңгейінде тұрақтады  (тоннасына – ескертп.). Яғни біз қандай валютамен сатып аламыз деген сұраққа жауап беріп отырмын, көп жағдайда доллармен аламыз. Рубльмен сатып алатын келісімшарттарымыз да бар", – деп сөзін түйіндеді ол.

Қазақстанның 321 жанар-жағармай бекеті ҚМГӨ желісіне кіреді. Мұнай өнімдерін бөлшектеп сату нарығындағы компанияның үлесі – 16%.

Нұркен Мырзағалиевтің берген ақпаратына сүйенсек, көршілес елдердегі жанармай бағасы келесідей диапазонда ауытқып тұр:

Ресей. АИ-92 – литріне199,39 теңге, ДО – литріне 209,05 теңге.

Өзбекстан. АИ-92 – литріне 228 теңге, ДО – литріне 250 теңге.

Қырғызстан. АИ-92 – литріне 182 теңге, ДО – литріне 169 теңге.

Тәжікстан. АИ-92 – литріне 228 теңге, ДО – литріне 222 теңге.

"Қазақстандағы баға АИ-92 –  литріне 143 теңге, ДО – литріне 130 теңге деңгейінде белгіленген. Біздің бағалар көршілерімізбен салыстырғанда шамамен 30-40%-ға төмен", – деп баса айтты Нүркен Мырзағалиев.

Құралай Әбілғазина

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу