Елордада кәсіпкерлердің IV республикалық форумы өтті

2962

Форум барысында былтыр қол қойылған бірлескен "Жол картасы-2019" іске асырылуының қорытындысы жасалды.    

Елордада кәсіпкерлердің IV республикалық форумы өтті

Нұр-Сұлтанда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөнінде кәсіпкерлердің IV республикалық форумы өтті.  Іс-шара   М.С. Нәрікбаев атындағы КАЗГЗУ алаңында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев, "Атамекен" ҚР ҰКП Төралқа Төрағасы Тимур Құлыбаев, Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Рустам Жүрсінов, сонымен қатар бизнес және мемлекеттік органдардың өкілдерінің қатысуымен өтті.

Жер қатынастары, ауыл шаруашылығы, цифрландыру, білім беру, экология сынды салаларды жетілдіру бойынша жаңа ұсыныстар айтылды. "Сатып алулардың бірыңғай терезесі" порталы сынды сыбайлас жемқорлыққа қарасы құралдарды енгізудің алғашқы жұмыс нәтижесі таныстырылды.

Аталған жобаны іске қосудан бастап мемлекеттік сатып алуларда 1 млрд теңгеден астам бюджеттік қаражатты тиімсіз пайдалануға жол берілмеді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев атап өткендей:  Мониторинг нәтижесі бойынша 1 тауарға сатып алу бағаларындағы айырмашылық екі есе немесе одан да көп болғаны анықталды, бұған жол берілмеуі керек. Мониторинг нәтижесін қоғам алдында ай сайын, ірі бұзушылықтар бойынша – бірден жариялайтын боламыз. Бұл жосықсыз тапсырыс берушілер үшін қосымша тежеуіш факторы болады".

Өз кезегінде "Атамекен" ҰКП Төралқа Төрағасы Тимур Құлыбаев eoz.kz құралының сатып алуларды жергіліктендіру және импортты алмастырудағы маңызын атап өтті.

"Біз үшін жақсы аналитикалық база пайда болды, бірақ "Атамекен" үшін өндірістер мен қызметтерді жергіліктендіру мүмкіндігі маңызды. Ұлттық компаниялар сатып алуларда өз специкаларына ие екенін білеміз, осыны ескеріп, сатып алулардың бірыңғай заңнын құру керек немесе квазимемлекеттік секторға бөлек заң қабылдау қажет. Бұл шара отандық өндірушілердің квазимемлекеттік секторға ашық қолжетімділігін қамтамасыз етеді", – деді Тимур Құлыбаев.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендетудегі тағы бір құрал – "Бизнеске арналған үкімет" жобасын іске асыру. Мемлекет басышысының тапсырысы бойынша кәсіпкерлерге арнлаған мемлекеттік қызметтердің бірыңғай терезесі 2020 жылдың 1 шілдесіне қарай дайын болуы керек.

"Мемлекеттік қызметтерді, оның ішінде бизнеске арналған қызметтерді тереңдете цифрландыру үшін өте нақты заңнама қажет. Бізбен бірге бір деңгейде мүмкіндіктері бола тұра осы мәселеде нақты нәтижелерге қол жеткізген елдердің тәжірибесін зерттеуді бастау қажет. Мәселен, Грузия және Эстония тәжірибесі. Мемлекет кәсіпкерге көрсететін қызметтерді бір заңға біріктіру үшін мемлекеттік қызметтер туралы бірыңғай заңды жазу бойынша ұсыныс бар", – деп атап өтті Тимур Құлыбаев.

Өз кезегінде Алик Шпекбаев Жапония тәжірибесіне назар аударды, онда мемлекеттік сатып алуларға әлеуетті қатысушы өз біліктілігін үш жылда бір рет растайды.

Осы кезең аралығында ол тендерлерге небәрі бір құжатты – бағалық ұсынысты беріп қатысуға құқылы. Бұл жайт сатып алулар кезінде сыбайлас жемқорлық факторын түбегейлі болдыртпайды.

Бұдан бөлек, Жапонияда барлық жеткізушілер  микро, шағын, орта және ірі  төрт категоряиға жіктеледі. Қарапайым сөзбен айтқанда, ірі бизнес ірі лоттарды алады, ал шағын – шағын лоттарды алады.

Мұның бәрі мемлекеттік бюджетті теңсіз бәсекелестіксіз, әділ бөлуге мүмкіндік береді.

Тұтастай алғанда барлық мемлекеттік қызметтер мен қолдау шараларын "бір терезеге" шоғырландыру бизнесті жүргізу жағдайын айтарлықтай жеңілдетеді.  Ескірген талаптар, есептіліктің барлық формаларын тексеруге және жан-жақты талдауға әрі тексеру жүйесін дұрыс қоюға бағытталған кешенді және жүйелі жұмыс міндетті түрде жүргізілуі керек.

Бұдан бөлек, бизнеспен қарым-қатынас құратын мемлекеттік органдардың тиімділігін тәуелсіз кәсіби бағалау (КРІ) болуы керек. Салық саласында өзін-өзі реттеутін ұйымдарды енгізу қажеттілігі уақыт талабы.

Әлеуметтік зерттеулер кәсіпкерлер көбіне салық органдарымен әрекеттесетінін (85%) көрсеткен, олардың ішінде әр  төртіншісі жемқорлыққа тап болады.

Зерттеу нәтижесі сыбайлас жемқорлықтың ең жоғары деңгейі Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау және Қызылорда облыстарында екенін көрсетті. Ең төмен көрсеткіш Шығыс Қазақстан, Қостанай, Қарағанды облыстары және Нұр-Сұлтан қаласында белгіленген.

2020 жылы жер қатынастары, ауыл шаруашылығы, құрылыс, білім беру, экология сынды салалардан салалық мамандарты тарту арқылы ескірген талаптар, формалар және есептеулерге талдау жүргізуде сыбайлас жемқорлық аудиты, сонымен бірге нормативтік-құқықтық базаға сараптама жүргізілмек.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі және "Атамекен" ҚР ҰКП арасында 2020 жылға Жол картасына қол қойылды.  Қорытындылай келе, "Атамекен" басшысы Алик Шпекбаевқа жемісті ынтымақтастық үшін алғыс айтып, бизнес-қоғамдастықтың қатысуымен сыбайлас жемқорлыққа ықпал ететін және қоғамның дамуына кедергі келтіретін барлық өзекті мәселелерді жүйелі және жүйелі түрде шешуге болатынына сенім білдірді. Бұдан бөлек Тимур Құлыбаев М.С. Нәрікбаев атындағы КАЗГЗУ студенттерін тәжірибеден өтуге "Атамекенге" шақырды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу