Эмиграцияның жаңа толқыны: көшіп кеткендер Қазақстанға қайтып оралмайды

3310

Орыс тілді басылым журналистері не туралы жазды? Inbusiness.kz-тің баспасөзге жасаған апталық шолуы. 

Эмиграцияның жаңа толқыны: көшіп кеткендер Қазақстанға қайтып оралмайды

fergana.ru: "Тоқаев "ұлттық буржуазия" өкілдерін кедей отбасы балаларына көмектесуге шақырды" деп жазады басылым. Бұл жайында ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Нұр-Сұлтан қаласында кадрлық резерв жастарымен кездесу барысында айтқан.

Әлеуметтік саясат жайында айта келе, президент көпбалалы отбасылар табысына қарамастан, отбасындағы бала санына қарай мемлекеттік қолдауға ие болатынын және тұрмысы төмен отбасыларында тәрбиеленетін балаларға кепілдендірілген әлеуметтік пакет берілетінін атап өткен.

"Тұрмысы төмен отбасы балаларына тегін ыстық тамақ, мектепке бару және қайту үшін жол ақысы, мектеп формасы, қажетті бұйымдар ұсынылады. Мұның бәрі мемлекет есебінен жүзеге асады.Бізді бұл істі отандық бизнесмендер, басқаша айтсақ, ұлттық буржуазия қолдағанын қалар едік", – деді президент.

Өз сөзінде президент шетелде мұндай тәжірибе ене бастағанын атап өтті. Мысалы, Нью-Йорк қаласында 2017 жылдан бастап мемлекеттік мектеп оқушылары тегін тамақтанады.

camonitor.kz: "Эмиграцияның жаңа толқыны:көшіп кеткендер Қазақстанға қайтып оралмайды..." деп жазады аталмыш басылым. Қазақстандықтардың ел асып кету себебі мен одан мемлекет экономикасына келетін зардап туралы басылым тілшісі Сәуле Исабаева танымал қазақстандық тарихшы Нұртай Мұстафаевпен болған сұхбатта сөз еткен.

Тарихшының пікірінше, шетелге кетушілердің саны ресми деректен әлдеқайда көп. Кеткендердің көбі қайтып оралмайды. Мемлекет азаматтары өзге елге кетпес үшін үкімет жағдай жасауға тиіс.

"АҚШ, Ұлыбритания, Канада, Аустралия, Батыс Европа елдеріне кеткен қазақстандықтар "қайта оралмайды". Олардың басым көпшілігі елге оралып, мемлекеттің "өркендеуіне" үлес қоспайды. Қайтып келушілердің саны тым аз.Себебі әлемнің дамыған елдеріндегі жағдайды Қазақстан ахуалымен салыстыруға келмейді. Мәселен, англо-саксон елдерінде бәсекестік өте жоғары, алайда онда бәрінің құқығы тең, бизнеске жасалатын кедергі аз. Ең бастысы, адамның қабілеті болса болды. Ал Батыс және Солтүстік Еуропада – әлеуметтік саясат мықты. Сол себептен эмигранттардың жағдайы жақсы", – дейді тарихшы маман.

sputniknews.kz: "Ұлы Абайды 175 жылдық мерейтойына Қазақстан 3 миллиард теңге жұмсауды көздеп отыр" деп хабарлайды интернет-басылым. Мәдениет министрлігінің хабарлауынша, Абайдың мерейтойы аясында 80-нен астам ірі шара өтеді.

Ресми дерек бойынша, 2020 жылдың елеулі оқиғасына Абай шығармаларын әлемнің 10 тіліне аударып басып шығару, ақынның өміріне, шығармашылығы мен мұрасына арналған 3 қойылымды-деректі фильмді түсіру жатады.

"2020 жылдың тамызында Семейде "Абай мұрасы жəне əлемдік руханият" атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді.Оған отандық және шетелдік абайтанушы ғалымдар,ғылыми және шығармашылық зиялы қауым өкілдері қатысады", – деп хабарлайды басылым. 

Ұлы Абайдың мерейтойының ашылуы ресми түрде Нұр-Сұлтан қаласында 21 қаңтар күні "Астана Операда" өтеді деп күтіліп отыр.

Liter.kz: "Қазақстан бала тәрбиелеуге сай келмейтін мемлекет атанды" деп жазады аталмыш газет. Бала тәрбиелеуші мемлекеттер тізімінде Қазақстан 73-орынға ие болды.

"Балалар тәрбилеуге қолайлы мемлекеттер" рейтингі 2020 жылы сауалнамаға және адам құқығы, отбасындағы құрмет, гендерлік жетістіктерге қол жеткізу мүмкіндігі, бақыт деңгейі, кіріс теңдігі, қауіпсіздік деңгейі, мемлекеттегі білім мен денсаулық сақтау жүйесінің дамуы сияқты сегіз көрсеткіштің жиынтығына негізделген.

"Үздік бес мемлекет тізіміне Дания, Швеция, Норвегия, Канада және Нидерланды енген. 6-10-орындарды Финдляндия, Швейцария, Жаңа Зеландия, Аустралия, Аустрия елдері иемденген. Қазақстан тізімдегі 73 елдің ең соңғы, 73-орнына ие болған" деп жазады басылым.

Гүлмира Қамзиева

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу