Хамас берілер емес. Таяу Шығыстағы соғыс немен аяқталуы мүмкін?

1122

Израильдің алдында тек нашар таңдаулар қалды. 

Хамас берілер емес. Таяу Шығыстағы соғыс немен аяқталуы мүмкін? Фото: reuters

Қатары сиресе де тоқтамаған Хамас Израильмен жеті айлық сұрапылсоғыстан кейін әлі де шайқасып жатыр. Және де ол Газаның солтүстігіндеқайта топтасып, жақын маңдағы израильдік қауымдастықтарға зымырандық шабуылдарды қайта бастады.

Алғашында ойран-топыр бомбалау науқаны жаяу әскер операциясына жол ашқаннан кейін Израиль Хамасқа қарсы тактикалық қадам жасады. Бірақ хамастықтар қажырлы күрес жүргізіп, Израильдің шабуылдарынабейімделіп, бұл қарулы қақтығыстарды АҚШ-тың бір кездері Ирак пен Ауғанстанда жүргізген соғыстарымен салыстыратындар көбейді. 

Соңғы күндері Израильдің әскери кабинетіне кіретін екі адам – қорғаныс министрі Йоав Галлант пен үкімет басшысының басты саяси қарсыласы Бени Ганц премьер-министр Биньямин Нетаньяхудан соғыстан кейінгі жоспар жасауды талап етіп отыр. 

Екі саясаткер де Израильдің Хамасқа қазанның 7-дегі шабуылына берген жауабын, соның ішінде тұтас кварталдарды жермен-жексен етуін, шекараға шектеу енгізіп, кейбір аудандарды аштыққа ұшыратуын қолдады. 

Бірақ отставкадағы екі генерал Газада ұзақ әрі қымбат оккупацияның қайталануынан қауіптеніп отыр. Айта кетсек, палестиналық анклавтан Израиль өз әскері мен қоныстарын 2005 жылы шығарғаны белгілі. Бір жағынан, Галант пен Ганц Газадан армияны шығаруға қарсы. Себебі, мұндай жағдайда, сектор Хамастың бақылауында қалып, Палестина мемлекетінің құрылуына жол ашылуы мүмкін. 

Газадағы соғыс төрт вариантпен аяқталуы мүмкін. Оларға қысқаша шолу төмендегідей: 

Кең ауқымды әскери оккупация

Нетаньяху Хамасты биліктен аластатып, оның әскери әлеуетін жойып, кепілдіктегілердің көбін босатып, "толық жеңіске" жетуге уәде берді.

Премьердің сөзінше, Израиль Рафахқа кең ауқымда басып кірсе, бірнеше аптада көздеген мақсатына жетеді. Израиль бұл қаланы Хамастың соңғы бекісінісі деп сипаттап жүр.

Дегенмен, бұрынғы израильдік генерал және кезінде Газадағы дивиязияға қолбасшылық еткен Амир Авиви айтқандай,  бәрі енді басталып жатыр. Және де Израиль Хамастың қайта топтасуына жол бермеу үшін Газада қарамағында ұстауы керек. 

"Егер батпақты құрғатпасаң, масаны жеңе алмайсың. Батпақты кептіру дегеніміз білім жүйесін толық өзгертіп, жергілікті билікпен жұмыс істеу тәсілін жаңартуды білдіреді. Бұл – ұрпақтық процесс. Ол бір күнде іске асатын мақсат емес", - дейді Авиви. 

Нетаньяху мен оның әсіре солшыл сыбайластары Газаны үнемі оккупациялауға, палестиналықтарды "ерікті түрде кетуге" және еврей қоныстарын қалпына келтіруге шақырып келеді. 

Израильдіктердің көбі болса, бұған қарсы. Себебі 2,3 миллион адам тұратын секторда мыңдаған жауынгер ұстау - қыруар шығын. Оның үстіне, Израильге басқыншы мемлекет ретінде Газада медицина, білім және өзге қызметтер үшін жауапкершілік алуға тура келеді. 

Сонымен қатар, мұндай оккупация Хамасты түп-тамырымен құртады дегенге кепілдік жоқ. 

Израиль Газаны бақылаған шақта, яғни, 1980-ші жылдардың соңында Хамас құрылды. Израильдің оңтүстік Ливанды 18 жыл бойы оккупациялауы "Хезболланың" көтерілуімен тұспа-тұс келді. Бұл аздай, Израиль қауіпсіздік күштері 1967 жылдан бері бақылап отырған Батыс жағалауда содырлармен жиі қақтығысады. 

Жеңіл оккупация

Нетаньяху мәлімдегендей, Израиль Газаның қауіпсіздігін қадағалайды, ал азаматтық әкімшілікті Хамаспен байланысы жоқ және Батысқа арқа сүйеген палестиналықтарға тапсырғысы келеді. Сонымен қатар, Нетаньяху араб елдерін Газаны басқаруға және қалпына келтіруге көмектесуге шақырды. 

Алайда, әзірге ешкім қызығушылық танытпай отыр. 

Палестиналықтардың ешқайсы Израиль әскерилерімен ынтымақтасуғаұсыныс жасамады. Себебі Хамас оларды осы әрекеті үшін коллаборационистдеп жариялап, өлтіруі мүмкін.

"Палестиналық бизнесмендермен, ықпалды отбасылармен байланысу әрекеті сәтсіз аяқталды. Израиль өзіне одақтас іздеп жатыр. Алайда, жоқ мұндай одақтас", - дейді Тель-Авив университетінің Палестина істері бойынша сарапшысы Майкл Мильштейн АР агенттігіне берген сұқбатында. 

Орасан пәтуа

Бұның орнына араб мемлекеттері АҚШ-тың ондаған жылдарға созылған жанжалды тоқтатуға және Таяу Шығысты өзгертуге бағытталған ұсынысы төңірегінде бірігіп кетті.

Бұл орасан пәтуа жобасына сәйкес, реформаланған Палестина үкіметіГазаны араб және мұсылман елдерінің, соның ішінде, Сауд Арабиясының көмегімен басқарады.  Ал Саудия Израильмен қарым-қатынасын қалпына келтіргені үшін АҚШ-пен қорғаныс келісіміне қол жеткізіп, Вашингтонның көмегімен өз жерінде азаматтық ядролық бағдарламасын жасақтайды.

Бірақ АҚШ пен Сауд Арабиясының мәлімдеуінше, бұның бәрі ИзраильПалестина мемлекеттігіне байланысты сенімді жол таңдағанда ғана жүзеге асады.

Палестиналықтардың сөзінше, Израильдің ондаған жылдарға созылған оккупациясын тоқтату мен 1967 жылы Израиль басып алған Газа секторында, Батыс жағалауда және шығыс Иерусалимде толық тәуелсіз Паленстина мемлекетін құру –қантөгіске нүкте қоюдың жалғыз ғана жолы.

Хамас болса, Таяу Шығыста екі мемлекет құру туралы шешімді уақытша ғана қабылдауға дайын. Және де оның саяси бағдарламасы әлі де "Палестинаны толық азат етуге" және Израильді жоюға шақырып келеді. 

Хамаспен келісім

Хамас мүлде басқа үлкен мәміле жобасын ұсынды. Тағдырдың тәлкегі ме, олАҚШ пен Сауд Арабиясының келісімінен гөрі израильдіктерге ұнамды болуы мүмкін.

Бұл жобаға сәйкес, Хамас өз қолындағы барлық адамдарды босатады. Бұған жауап ретінде Израиль өз түрмелерінен содырлар мен палестиналықтарды шығарып, Газа секторынан жауынгерлерін әкетіп, атысты ұзаққа тоқтатып, секторды қалпына келтіру жұмыстарына атсалысуы керек. 

Мұның нәтижесінде Газа Хамастың қарамағында қалып, радикалдық топтың әскери әлеуетін қайта жандандыруға мүмкіндік берер еді. 

Бірақ соңғы апталарда мыңдаған израильдік шеруге шығып, үкіметтен осы келісім жобасын қабылдауды талап етті. Себебі, демонстранттардың ойынша, бұл – кепілдіктегілерді босатудың жалғыз ғана жолы екен. 

Сонымен қатар, сарапшылардың ойынша, Хамастың ұсынысы қабылданатын болса, аймақта шиеленіс әлсіреп, Хезболламен арадағы атыс тоқтап, Ливан-Израиль шекарасында мыңдаған адам үйлеріне орала алады. 

Мильштейннің айтуынша, Израиль Хамастың "худна" немесе "ұзаққа созылатын стратегиялық тыныштық кезеңі" деп аталатын бұл тұжырымдамасынан бас тартпауы керек.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу