Қазақстан дүбәра соғыс қаупіне қарсы тұра ала ма?

4625

Орыс тілді басылым журналистері не туралы жазды? Inbusiness.kz-тің баспасөзге жасалған апталық шолуы. 

Қазақстан дүбәра соғыс қаупіне қарсы тұра ала ма?

Time.kz: Солтүстік Қазақстан облысы тұрғындары малдарын жаппай сойып жатыр. Өйткені олар мал шаруашылығымен айналысудан үмітін үзген, мал азығы қымбат, сатылатын ет арзан, деп жазады аталмыш басылым. Ал өңір жетекшісі Құмар Ақсақалов осы өңірде бар шаруалармен ет өндірісін ұлғайтамыз деп жоспар құрып отыр. Кімдікі дұрыс? 

Жергілікті билік өкілдері сүт фермаларын ашып, сүт өнімін көбейтуді көздеп отыр. Соңғы екі жылда жеті сүт фермасы ашылған. Биыл тағы 11 ферма құрылысы баталған, оның бесеуінің құрылысы желтоқсанның соңына дейін аяқталуға тиіс. Алайда басылымның хабарлауынша, жергілікті биліктің бұл қуанышы мен жоспарына жергілікті халық ортақтасып отырған жоқ. Себебі мал шауашылығынан келер пайда көп емес.

"Менің 4 ешкім мен 20 тауығым бар, бірақ келер жылы соның бәрінің көзін құртамын. Өйткені оларға жем табу қиын",–дейді Қайранкөл аулының тұрғыны Зумрат Полушко.

Мағжан Жұмабаев ауданыныңдағы Возвышенка ауылының тұрғыны Анатолий Яхимович та осындай шешімге келіп отыр. Ол да өзінде бар мал басын азайтуды жоспарлаған.

"Мен 20 жылдай мал асырап, ет өткізіп күн көріп келдім. Биыл бірден шошқа, қой, қоян басын азайттым, құстарды да азайттым. Себебі тиімді емес", – дейді шаруа. 

Шаруаның айтуынша, мал бағып, өнім алғаннан гөрі оны дүкеннен сатып алған әлдеқайда тиімді.

Qmonitor.kz: "Қазақстан дүбәра соғыс қауіпіне қарсы тұра алады ма?", деп жазады бұл басылым. Аталмыш мақала Ресей депутаттарының қазақ жеріне қатысты айтылған ойлары төңірегінде қалыптасып отырған жағдайдан бастау алады. Сарапшылардың айтуынша, ресейлік депутаттардың мәлімдемесі қазақ қоғамын екіге бөлді. Сол себептен оларды біздің мемлекетке қарсы толыққанды ақпараттық соғыс басталса не болады, деген сұрақ мазалайды.

Бұл мәселе төңірегінде сарапшы Рахымбек Әбдірахменов өз ойын ортаға салған. Сарапшының айтуынша, қоғамды екіге жару қазіргі заманғы дүбәрә соғыстың негізгі міндетіне жатады. Себебі бөлінген қоғамды жаулап алу оңайға түседі. Осы арқылы соғысты өзгенің қолымен жүргізуге болады. Шіріген жаңғақты жару оңай, сол сияқты бөлінген қоғамды жаулап алу оңайға түседі. Керісінше қоғам бір болса, ынтымақтастығы зор болса, бұл қоғамды жеңу қиынға түседі.

Осыған байланысты сарапшы Қазақстандағы ақпараттық кеңестіктің қазіргі жағдайын сипаттаған. Мәселені ретке келтіру үшін сарапшының пікірінше бұқаралық ақпарат құралдары саласында бар мәселені шешу керектігін айтқан. 

"2009 жылдың өзінде әлеуметтік сауалнамалар Қазақстан азаматтарының 55%-ы Ресейдің ақпараттық кеңестігінде жүретінін көрсеткен. Кейбір жоғары лауазымды мемлекеттік қызметкерлер отандық контент көрермен үшін жүргізілетін күресте жеңіліп қалатынын айтқан. Сол себептен бәсекеге түсетін Интернет, БАҚ контентін жасауға шақырған болатын",–деп жазылған аталмыш мақалада.

Caravan.kz: Аталмыш басылым беттерінен жылқы етіне арналған материалды оқуға болады. Бұл мақалада "жылқы еті неге қымбат? Қазақстандықтар қай елден келген жылқы етін жейді" деген сауалдарға жауап іздеген. Бұл сұрақтарға "Қазақстанның ет одағы" ұйымының жетекшісі Мақсұт Бақтыбаев жауап берген. Оның айтуынша, Қазақстан жылқы еті қымбат елдердің қатарына жатады. 

Мақсұт Бақтыбаев Қазақстанда жылқы етінің қымбат болуы заңды дегенді айтады. Себебі бұл етке деген сұраныс жоғары, ет арзан болу үшін жылқышы көп болу керек. Ол үшін мемлекет жағдай жасау қажет. Әзірге мұндай жағдай жасалып отырған жоқ.

Маманның айтуынша, Қазақстанда жылқы етіне сұраныс жоғары болғандықтан өзге елдер өз өнімдерін ұсынып отырады. Мәселен, жылқы еті Аргентина, Канада елдерінен әкелінеді. 

Гүлмира Қамзиева


Atameken Business Telegram каналына жазылып, маңызды ақпараттардан бірінші болып құлағдар болыңыз!

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу