Қазақстан Euroclear-мен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

2514

Еліміздегі қаржы министрлігі теңгелей облигацияларды әлемдегі ірі клирингтік бонд жүйесі арқылы орналастыра алады.

Қазақстан Euroclear-мен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

Қазақстан қаржы министрлігі, "Астана" халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) және Euroclear Bank SA жаңа халықаралық клирингтік жүйені дамыту ынтымақтастығы туралы меморандумға қол қойды. Бұл туралы abctv.kz-ке қаржы министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

"Меморандум нарықтық ортаны құруды қолдау үшін серіктесіп жұмыс істеу ниетін анықтайды. Осының нәтижесінде шетелдік инвесторларға Euroclear жүйесі арқылы қазақстандық жергілікті қағаздарға қол жеткізу қамтамасыз етілетін болады", – деп жазылған таратылған баспасөз баянында.

Euroclear арқылы резидент еместерге МҚҚ нарығына тікелей қолжеткізуді қамтамасыз ету қаржы министрлігінің қазынашылық облигацияларын неғұрлым бәсекелестік жағдайында орналастыруға және инвесторлық базаны кеңейту есебінен қарыз алу құнын төмендетуге мүмкіндік береді, – деді қаржы министрі Бақыт Сұлтанов.

"Euroclear арқылы қазақстандық эмитенттер АХҚО-ның бірыңғай платформасында жергілікті, сондай-ақ халықаралық инвесторлармен қарым-қатынас жасай алады", – деді АХҚО басқармасының төрағасы Нұрлан Құсаинов.

Қазақстанның борышқорлық нарығын Euroclear-дың есептеу жүйесіне қосу мерзімі нақты көрсетілмей отыр. Қаржы министрлігі мен АХҚО материалды жазу кезінде  abctv.kz-ке мәселе бойынша түсініктеме берген жоқ.

Euroclear – облигациялар нарығындағы клирингтік жүйенің әлемдегі ірі операторы.  Оның бәсекелесі Clearstream 16 қаңтар күні Қазақстан Ұлттық банкімен осыған ұқсас келісімге қол қойған болатын. Резидент еместердің  есепайырысудың осы жүйесіндегі Қазақстан МҚҚ-ға қол жеткізуі жөніндегі бірлескен жобасы осы жылдың I жартыжылдығында іске қосылады деп жоспарланып отыр.

2017 жылдың I жартыжылдығында резидент еместер 603млн долларға қаржы министрлігінің теңгелей облигациялары мен Ұлттық банктің ноталарының рекордтық көлемін сатып алған. Сөйтіп өздерінің теңгелей қоржынын 10 есе арттырды деп көрсетілген реттеушінің статистикасында.  Қаржы реттеушісінің қысқа мерзімді ноталары, яғни Қазақстанның мемлекеттік қарызының барлық инвестициясының 92%-ы резидент еместердің тарапынан негізгі сұранысқа ие болып отырғаны байқалады.

Тәуекелі неғұрлым көп активтерді іздеуші шетелдік инвесторларды Қазақстанның мемлекеттік құнды қағаздарының табыстылығы қызықтырады. Тап осындай тренд Ресейде де байқалады,  ол жақтағы рубльдей бондтарға деген сұраныс әлемнің барлық валюта алыпсатарларын қызықтырып отыр.

Керри трейд – қор және валюта нарығында аса белгілі инвестициялық стратегиялардың бірі. Ол пайыздық мөлшерлеме айырмашылығынан пайда көруді мақсат етеді. Яғни тәжірибеде бұл тәсіл қарызды төмен пайызбен бір валютада алып, оны кейін басқа валютаға қайта инвестициялау немесе пайыздық табысы жоғары туынды бағалы құнды қағаздарға салу деген сөз.

2017 жылдың қаңтар-қарашасында теңгенің долларға шаққандағы орташа жылдық биржалық бағамы былтырғы жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 3%-ға нығайып, 331,22 теңге болған. Өткен жылдың қазанында апталық, айлық үш айлық және жартыжылдық ноталар бойынша орташа табыстылық 9,25%, 9,3%, 9,21% және 9,09% болған. Қазан айында жылдық ноталардың табысы 8,73%-ға теңескен.

Қазақстанның МҚҚ-ы – қаржы министрлігі (қазынашылық облигациялар түріндегі) мен Ұлттық банктің (қысқа, орта және ұзақмерзімді ноталар) шығарған мемлекеттік борышқорлық құнды қағаздары болып табылады.

ҚР қаржы министрлігінің мәліметі бойынша, 2017 жылы 1 қазандағы мемлекеттік және мемлекетпен кепілдік берілген  қарыз 12,9 трлн теңге немесе 37,8 млрд теңге болған. Осы сомадағы үкіметтің қарызы 10,06 трлн теңгеге  (29,5 млрд доллар) тең, оның ішінде ішкі қарыз 5,38 трлн теңге (15,8 млрд доллар) болған. Аталған мерзімде Ұлттық банк қарызының  ішкі міндеті 2,74 трлн теңге немесе 8,03 млрд доллар болған.

Гүлназ Ермағанбетова, Сұлтан Биманов

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу