Қазақстан жаңа астық нарығын игере бастады

Ирина Севостьянова Ирина Севостьянова
7206

Отандық астықтың алғашқы топтамасы Вьетнамға экспортталды.

Қазақстан жаңа астық нарығын игере бастады

Ұлттық теміржол тасымалдаушы "Қазақстан темір жолы" АҚ-ның баспасөз қызметі салтанатты түрде мәлімдегендей, жүк еліміздің "Жалтыр" бекетінен қытайдың Ляньюнган порты арқылы Вьетнамның Хошимин портына жіберілді. Оны ҚТЖ-ның еншілес кәсіпорны – "KTZ Express" АҚ мен "Ляньюньган қ. қытай-қазақ халықаралық логистикалық компаниясы" ЖШҚ бірлесіп жеткізді. KTZ Express 700 тонна астық топтамасын 20 футтық контейнерлермен жібергенін нақтылады abctv.kz.
Осыншалық назар салу кездейсоқтық емес. Астық экспорттаушы ірі он елдің қатарына кіретін Қазақстан үнемі экспорт көкжиегін кеңейтіп, жаңа өткізу нарықтарын іздестіруге тырысады. Бұл бағытта еліміз бірқатар қиындықпен бетпе-бет келді, себебі Қазақстанның теңізге шығатын жолы жоқ, ал өнімін белгілі порттарға (мысалы, Қара теңіз) жеткізу көлік шығындары есебінен тауар құнын едәуір қымбаттатады. Сол себепті Ауыл шаруашылығы министрлігінің өзі бірнеше жыл бұрын отандық астық өндірушілерді Қара теңіз портын басым бағыт ретінде қарастырмауға шақырған, өйткені көлік шығындары экспортталатын астықтың әр тоннасына 80 долларға дейін баға үстемелейді.
Дәстүрлі түрде болашағы бар нарық ретінде Азия елдері, бірінші кезекте Қытай қарастырылатын. Бұл бағытты дамытуға бірнеше жыл қатарынан баса назар аударылды, 2014-2015 жылдары Қытайға 110 мың тонна астық экспортталды, одан әрі экспорт көлемі арттырылып отырды және жыл сайынғы тұрақты экспорт көлемі млн тоннаға дейін жеткізіледі деген болжам бар.
Еліміз Вьетнам нарығының да болашағы бар деп есептейді. 2016 жылдың басында Еуразиялық экономикалық одақ пен Вьетнам арасында еркін сауда аймағын құру туралы келісімді бекітуде болашағы бар деген экспорттық тауарлар арасында астық, ұн және қара металл аталған болатын. Келісімді бекіту кезінде екі ел арасындағы ішкісауда айналымы 20 млн доллардан сәл асты, оның ішінде Қазақстан экспортының үлесі 10 млн доллар болды.
Ауыл шаруашылығы министрлігінің Вьетнам нарығына астық экспорттау жөніндегі нақты жоспары болды. Ауыл шаруашылығы вице-министрі Гүлмира Исаева алғаш жіберілген 700 тонна бойынша жүргізілген жұмыс жайлы сөз қозғағанда отандық бидай "балауыз деңгейінің жоғары сапасына орай шетел нарығында үлкен сұранысқа ие" екенін баса айтқан болатын.
Қазақстан астығы экспортқа шығарылатын дәстүрлі нарық – Өзбекстан, Тәжікстан, Ауғанстан, Қырғызстан, Ресей, Иран және ҚХР. Жылына орташа 8 млн тонна астық экспортқа шығарылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу