Қазақстанда қай ұлт өкілдері жақсы, қайсысы нашар тұрмыс кешуде

6420

Ұлттық экономика министрлігі жанындағы экономикалық зерттеу институты елдегі материалдық этнодетерминизмді түсіндіруге тырысты.

Қазақстанда қай ұлт өкілдері жақсы, қайсысы нашар тұрмыс кешуде

Қазақстандықтардың көбісінің экономикалық жағдайы жақсы деуге болады. Сауалнамаға қатысқандардың тек бестен бір бөлігінің (18,4%) ғана сатып алушылық қабілеті тамақ (5,2%) немесе киім (13,2%) сатып алуға кірісінің жоқ екенін көрсетті. Халықтың 44%-ға жуығы өздерінің жағдайын жақсы деп есептейді, ал олардың жалақысы қомақты сауда жасауға мүмкіндік береді.

Ұлттық экономика министрлігінің "Экономикалық зерттеу иниституты" АҚ-ның әлеуметтік-демографиялық дамуды зерттеу орталығының директоры Батжан Ақмолдинаның таныстырған "Халықтың кірісінің этникалық құрылымы" әлеуметтік зерттеуінің негізгі мағынасы осындай болды.

Кіріс көздері жайлы айтар болсақ, онда сауалнамаға қатысушылардың 58,2%-ы жалақы алатыны, ал 17,8%-ы әлеуметтік төлем (зейнетақы, жәрдемақы, шәкіртақы және басқа) түріндегі мемлекеттік қолдау алатыны, 13,3%-ы кәсіпкерлік қызметтен, 4%-ы жеке қызметтен (репетиторлық, жүк тасу) табыс табатыны, 3,9%-ның жеке қосалқы шаруашылығынан, 1,9%-ы жобаларды және жеке тәжірибені іске асырудан қаламақы алатыны және 0,9%-ы тұрғын үйді жалға беруден ренталық табыс табатыны белгілі болды.

Сауалнамаға еліміздің 16 өңірінен 6368 адам қатысты, оның 93%-дан сәл артығы немесе 5979 адам өздерінің кірісі туралы сұраққа жауап беруге келісті. Зерттеуге 17 ұлт өкілі қатысты. Сауалнамаға қатысқандардың жалпы санының 15%-ы, яғни өздерінің материалдық жағдайы туралы айтуға келіскендер жалақы алмайтындарын айтты. Батжан Ақмолдинаның айтуынша, оған тек жұмыссыздар ғана жатпайды. Сауалнамаға 16 жасқа толған жұмыс істеуге қабілетті адамдар қатысқан, сондықтан олардың арасында әзірге жұмыс істемейтін мектеп оқушылары мен студенттер бар.

Егер мемлекеттік статистикаға сенер болсақ, елдегі орташа медианалық жалақы 85 мың теңгеге жуық, ал сауалнамаға қатысқандар кірісінің мөлшерін негізінен 28,2 мың теңге мен 60 мың теңге аралығы деп көрсетті. Зерттеуден кейбір ұлт өкілдерінің көбісінің жалақысы 60 мың теңгеден бастап 80 мың теңге аралығында екенін көруге болады. Зерттеу ыңғайлы болу үшін қарасы қалың этностарды азиялық, еуропалық және кавказ халқы деп үшке бөлген.

"Азиялық этностардағы отбасы мүшелерінің саны мен балалардың саны көп болғандықтан да болар, жауап берушілердің 20-30 пайызға дейінгісі кірістерінің жоқ екенін айтты. Жалпы бұл біздің сауалнаманы үй шарушылығындағы адамдарға жүргізгендігімізден де болар. Әсіресе, бала саны көп тәжік, дұнған отбасылары кезікті. Бұл топтағы адамдар санының 30пайызының кірісі 28 мың теңгеден 60 мың теңге аралығында болды", – деді Батжан Ақмолдина.

Зерттеу жасаушының сөзінше, керісінше, еуропалық ұлттарда табыссыз отырғандар саны аз болып шыққан.

"Бұл жерде 28 мың теңге мен 60 мың теңге аралығында табыс табатын адамдар саны 20 пайызға да жетпейді. Бұл еуропалық этностардың санының, баласының аз немесе жоқ болуынан. Кейбір отбасындағылардың балалары кетіп қалған, тіпті жақын қашықтықта да тұрмайды. Ал басқа ұлттарда көбінесе жақын жерде тұрады", – деп түсіндірді орталық директоры.

Жекелеген ұлттар бойынша алып қарайтын болсақ, поляктардың арасында 28 мың теңгеден 60 мың теңге аралығындағы кірісі бар адам саны көп болды. Зерттеушілер мұны сауаланамаға көбінесе солтүстікте тұратын қарт украиндар мен поляктардың қатысқанынан болды деп отыр. Осыған сәйкес олардың негізінен тек зейнетақы алатыны түсінікті.

"Алайда Астанада сауалнамаға қатысқан жалғызбасты поляктардың кірісі жоғары", – деп нақтылады Батжан Акмолдина.

Кавказ халқы өкілдерінің үштен бір бөлігі кірісінің жоқ екенін айтқан.

"Біз, мысалы, кірістерді зейнетақы аударымдарының негізінде қарадық. Сонда барлық өңірлер бойынша армян мен корей ұлты – табысы жоғары ұлт екенін көрдік. Олар жалақысы жоғары мамандықтарда оқыған немесе білімге баса назар аудармайды. Бірақ кең таралаған модальдық кіріс бойынша олардың кірісі 150 мың теңге және одан да жоғары. Ал басқа ұлт өкілдерінің табысы біршама төмен. Олардағы кең таралған кірісі 60-80 мың теңге, ал басқаларында 28-60 мың теңге", – деп атап өтті орталық директоры.

Дегенмен азиялық ұлтқа қарағанда кавказ ұлтының кірісі жоғары. Алайда еуропалық ұлт өкілдерінің әрқайсысында зейнетақы аударымы мен жоғары жалақы бар. Тіпті ауыл шаруашылығында жұмыс істейтіндердің өзінде жалақы жоғары.

"Олар тәртіпті, заңға бағынышты ма деп ойлаймыз, өйткені көкөніс өсіруге қарағанда астық шаруашылығында жалдамалы жұмыскерлерді көптеп тартады",– деп атап кетті ғылыми қызметкер.

Оның айтуынша, жалпы татар, башқұрт, украин, беларусь ұлттарында зейнеткерлер көп, сондықтан олардың кірісі төмен. Ұйғыр, тәжіктердің де әлеуемттік төлемдері осындай, ал дұнғандар көбінесе табысты жеке қосалқы шаруашылықтан табады және олар жинақы өмір сүреді.

"Оларда жалданып жұмыс істейтіндер аз, егер жұмыс істеуге қабілетті адамдар санын қамтуды алатын болсақ, дұнғандарда ол небәрі 10 пайызды құрайтынын көруге болады. Яғни нақты секторда жұмыс істейтіні тек 10 пайыз ғана, тек солар ғана зейнетақы аударымын жасап, салық төлеп отыр. Тәжіктердің де нақты секторда жұмыс істейтіндері аз", – деп қорытындылады орталық директоры.

Зерттеуді таныстыру, сейсенбі, 16 қазан күні, Қазақстан халықтары ассамблеясының ғылыми-сараптамалық кеңесінің елбасының "Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру" атты халыққа жолдауын талқылауға арналған сараптамалық отырысы барысында таныстырылғанын айтқымыз келеді.

Айсұлу Тимурова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу