Қазақстанда тележүргізушілерді робот алмастырады

3954

Atameken Business телеарнасында виртуалды жүргізуші жаңалықтар оқиды. 

Қазақстанда тележүргізушілерді робот алмастырады

Atameken Business телеарнасында виртуалды жүргізуші пайда болады.  

Бұл отандық теледидарда цифрлық ТВ-технологиясы саласында жасанды интеллекті пайдаланудың алғашқы тәжірибесі. "I-Sanj" атты голограмма күн сайын экономикалық жаңалықтар блогын жүргізетін болады.

Кино саласында виртуалды кейіпкерлер ондаған жылдан бері экран жұлдыздарына айналды. Бүгінгі күні олар кино әлемінің ажырамас бөлігі. Цифрлық технологияның жеңісі ретінде "Үздік виртуалды кейіпкер" дүниежүзілік кино марапатын айтуға болды. Әзірге негізінен адамдарға ұқсамайтын шынайы емес кейіпкерлер сомдалуда. Кинорежиссерлер экранда цифрлы актерлер жасауды қолға алғанына көп уақыт болған, тіпті оларды кино жұлдыздарына ұқсатып жасамақ ойлары бар көрінеді.

Кезінде, 2002 жылы Жаңа Зеландиялық режиссер Эндрю Никкол "Симона" атты фантастикалық фильм түсірді. Сценарий бойынша басты кейіпкер ретінде режиссер Симона деген виртуалды актриса жасап, ол көпшіліктің көңілінен шығады. Арнольд Шварценеггердің Т-800 терминаторының эпизодтық рөліндегі  цифрлық бейнесі, сондай-ақ "Форсаж 7" фильміндегі актер Пол Уокердің қос бейнесі виртуалды кейіпкерлердің актерлерді алмастыру мүмкіндігі туралы пікірталас тудырды. Цифрлық кейіпкерлердің артықшылықтарының бірі әрине, оларды басқаруға болатындығы: ешқашан райдер сұрамайды, ауырмайды, демалыс күндерін қажет етпейді. Бірақ екінші жағынан, олар күрделі драматургияны орындамайды, ойын шеберлігі арқылы әлсіз сценарийлерді құтқара алмайды.

Әзірше, виртуалды актерлер тек фэнтези жанрында ғана касса жинауда, ал теледидар саласы болса қарыштап дамып келеді. Әлемдегі алғашқы виртуалды жүргізуші 2018 жылдың соңында жасанды интеллект көмегімен Қытайда жасалды. Көрермендер виртуалды журналистің сөйлеу мәнері түпнұсқадан айнымайтынын айтуда. Роботтың сыртқы келбетін ғана емес, дауысы мен мимикасы да адамға өте ұқсайтын көрінеді.

Қазақстандық әзірлеушілер технологиялық инновациялардан тыс қалған жоқ. Осы жылдың ақпан айында отандық теледидарда алғашқы виртуалды жүргізуші адамды алмастырады. Atameken Business жаңа үрдістерге ілесуде – жақында жаңалықтар бағдарламаларының бірін виртуалды диктор жүргізеді. Оны жасау үшін медиа-холдинг командасымен бірге отандық әзірлеушілер де көп дайындалды. Жоба басталардың алдында телеарнаның бас директоры Қанат Сахария кадрда виртуалды жүргізушінің пайда болуын бүгінгі күннің шынайылығы деп атап өтті.

"Жаңа технологиялық шешімдер күн сайын дерлік ескі идеяларды алмастырып жатқанына куә болудамыз. Медицинада, ақпараттық технологияларда, қаржы секторында инновациялар өмірдің ажырамас бөлігіне айналды. Енді міне, теледидардың да кезі келді. Сегментті зерделеуге әрі көрермендердің виртуалды дикторларды қабылдауына қаншалықты дайын екенін түсіну үшін осындай эксперимент жасадық. Бір жағынан, біз үшін бұл имидждік жоба. Әлемде виртуалды жүргізуші адамды алмастырған бағдарламалар саусақпен санарлықтай ғана. Екінші жағынан, бұл жоба қазіргі аудитория нені қажет ететінін түсіну мақсатында "барлау жүргізуге" мүмкіндік береді", -  деп сөзін қорытындылады медиа-холдинг басшысы.

Актер Санжар Мәдидің прототипі негізінде құрылған алғашқы қазақстандық виртуалды жүргізуші – i-Sanj деп аталатынын айта кету керек. Ақпан айында ол Atameken Business арнасында экономикалық жаңалықтар блогында хабар тарата бастайды. Ал Санжар Мәди инновациялық және интеллектуалдық эксперименттерді қолдайтындықтан виртуалды диктордың "тұлғасы" болу ұсынысына қуана келісімін берген. "Отандық телевизия заманға сай дамып келе жатқанына қуаныштымын. Бұл "рөл" мен үшін жаңа тәжірибе болды", - деді актер.

Сонымен қатар, жобада жұмыс істейтін команданың пікірінше, бірегей жаңалықтарды технологиялық кейіпкерлер ұсынуға тиіс. Бұл жобаның ерекшелігі – интеллектуалдық контент пен жаңа технологиялардың үйлесім табуында. Нейрондық желі қолданылатын өршіл жобаны отандық әзірлеушілер жүзеге асырған.

Телеарна продюсері Әлия Баймұхамедованың сөзінше, теледидардағы драматургияның маңызы кинодағыдан кем емес, ал "виртуалдар" авторлық бағдарламалардағы жүргізушілерді алмастыра алмайды. "Сол себепті i-Sanj бағдарлама жүргізбейді. Ол тек экономикалық жаңалықтарды оқиды. Дегенмен екінші жағынан алып қарағанда, шаршамайтын, демалысқа шықпайтын, әрқашан бабында отыратын қызметкердің болуы өте ыңғайлы. Бұл мәселеде біз оған қандай мән-мағына бере аламыз және теледидар технологиялары қандай бағытта дамиды деген сұрақ туындайды".

Еске сала кетейік, i-Sanj алғаш рет Bloomberg жаңалықтары бағдарламасында  19 ақпан күні Atameken Business телеарнасында эфирге шығады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу