Қазақстандағы популизм: быжылдақтар мен дилетанттар көп...

2854

Орыс тілді басылым журналистері не туралы жазды? Inbusiness.kz-тің баспасөзге жасалған апталық шолуы.

Қазақстандағы популизм: быжылдақтар мен дилетанттар көп...

express-k.kz: Аталмыш басылым танымал ақын Олжас Сүлейменовтың сұхбатын жариялады. Сұхбатта Олжас Сүлейменов Бауыржан Момышұлы, Талғат Бигелдинов, Рахымжан Қошқарбаев жайында бір де бір кітап жоқтығын айтқан.

Басылымға берген сұхбатында ақын әрі қоғам қайраткері, публицист және дипломат Олжас Сүлейменов Ұлы жеңіске үлес қосқан қаһарман қазақстандықтарға қатысты ой толғаған. Әңгіме барысында ақын неге Кеңес Одағының соғыс барысында шығыны көп болғанын, сонымен қатар қаза тапқан қазақстандықтардың санына тоқталған. Жалпы Кеңес Одағы бойынша 27 млн адамы қайтыс болған болса, соның 350 мыңы қазақстандықтар.

"Не Бауыржан Момышұлы, не Талғат Бигелдинов, не Рахымжан Қошқарбаев жайында бір де бір кітап жоқ. Кітапты қойшы, бірде-бір парасатты очерк, ең болмағанда эссе жоқ! Өз халқын, өз батырлары мен көрнекті тұлғаларын қадірлемеу әрекеті қазір пайда болған жоқ шығар. Осының салдарынан біздің өз тарихымыз жоқ: не ежелгі, не жаңа, не ең жаңа тарихымыз жоқ", – деген Олжас Сүлейменов.

camonitor.kz: "Қазақстандағы популизм: быжылдақтар мен дилетанттар көп..." деп жазады басылым. Популизм барлық елде бар, бірақ бүгінгі Қазақстан қоғамында бұл көпшілікке ортақ сипат болып тұр. Кейде оның қандай екені әсіресе әлеуметтік желілерде көрініс табады. Қазақстандықтар осындай популистік ұрандарға неге алданып қалып жүр?

Бұл сұрақтың жауабын табу үшін басылым тілшілері бірнеше сарапшыны сөзге тартқан. Олардың бірі білімі, мәдениеті және саяси деңгейі төмен бүгінгі қоғамда популизм кең тарап кете ме деп алаңдайды. Сарапшылардың екінші бір бөлігі популизм кез келген қоғамға ортақ дүние, тек әлеуметтік желілер оған жаңа импульс берген деп отыр.

"Бүгінгі біздің мәдениеті, саяси деңгейі төмен қоғамда популизм және оның нәтижелері кең етек жая ма алаңдаймын. Сол себепті жағдайды өзгерткісі келген билік өкілдері мен салмақты лидерлер уақытша танымалдыққа мәз болып қоймай, халықтың саналы қолдауына ие болуға тырысуы керек. Неге? Өйткені барлық әлеуметтік желі жағымсыз әрекетті көрсетіп қана қоймайды, олар кімнің-кім екенін көрсетеді. Қарапайым мысал ретінде Қордай оқиғасын келтіруге болады. Біз байқағанымыздай сол күндері әлеуметтік желілерде ксенофобияға жақын адамдардың пікірі басым болды. Ал ақылға шақырғандардың даусы әрең естілді. Сол оқиға біздің шынайы бетімізді көрсетті және бұл бейнеміз жаман еді. Әрине, мен күллі халықты айтып отырған жоқпын, алайда ойланатын жайт", – дейді есімін атағысы келмеген сарапшы. 

Ал тарих ғылымдарының докторы, Қазақ-Неміс университетінің ректоры Ирина Черныхтың пікірінше,тұрмыстық деңгейде айтылған әңгіме білім көзіне айналғанда қиындық тудыруы мүмкін.

"Кәсіби мамандардың орнына жүйелі білімі, бірақ бұқараға түсінікті пікірін айта білетін "сарапшылар" келеді. Әрине, адамдар өз пікірін айтуда, әсіресе әлеуметтік желілерде өзін-өзі шектеу керек демеймін. Алайда тұрмыстық деңгейде айтылған әңгіме білім көзіне айналғанда қиындық тудыруы мүмкін", – дейді Ирина Черных.

 Liter.kz: "Қазақстан бойынша мемлекеттік қызметкерлерге бюджеттен қанша қаражат жұмсалады?" деген сауалға аталмыш газет жауап іздеген екен. Басылымның хабарлауынша, Қазақстанда әрбір 44 адамға бір мемлекеттік қызметкер келеді екен. Бұл шенеуніктердің саны азайды ма? Олардың жалақысы қалай өзгеріп тұрады? Дәрігерлермен салыстырғанда оларға көп ақша жұмсала ма? Басылым осы сұрақтарға жауап алуға тырысқан.

Ресми дерек бойынша, 2020 жылдың бірінші тоқсанында мемлекеттік қызметте жұмыс істейтін азаматтардың саны 207,6 мың адам болған. 207,6 мың адам қоғамға мемлекеттік қызмет көрсетумен айналысады. Мыңға жуық адам міндетті әлеуметтік сақтандыру саласында қызмет етеді. Сайып келгенде мемлекеттік қызметте жүрген азаматтардың жалпы саны 412,2 мың адамға жетіп отыр. Бұл тізімге ұстаздар, дәрігерлер және мәдениет нысандарында жұмыс істейтін мамандар кірмейді.

"Жағдайды жыныстық тұрғыдан сараптасақ, мемлекеттік қызметте жұмыс істейтін әйелдерден ер азаматтар көп. 2020 жылдың бірінші тоқсанындағы көрсеткіш бойынша 262 мың ер азамат және 150,3 мың әйел мемқызметте істейді. Барлық облыста осындай жағдай деуге болады, ер азаматтардан гөрі әйелдер көп жұмыс істейтін аймақ жоқтың қасы. Ер азаматтар өте көп өңірге оңтүстік аймақтар жатады", – деп жазады басылым.

Сонымен қатар басылым тілшілері мемлекеттік қызметтегі азаматтардың білім деңгейін зерттеген. Олардың барлығы жоғары білімді. 2020 жылдың бірінші тоқсанында олардың айлық жалақысы орташа есеппен 161 479 теңгені құраған.

fergana.news: "Қазақстанда COVID-19 індетімен күрескені үшін медаль беріледі" деп хабарлайды басылым. Осыған сай келетін жарлық жобасын Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі жаппай талқылауға ұсынды. 

"Халық алғысы" медалі коронавирустық инфекциямен күресте ерекше еңбек еткен азаматтарға берілетін болады. Оны мемлекет Президенті немесе оның атынан мемлекеттік хатшы, Нұр-Сұлтан мен Алматы, Шымкент қалалары мен облыс әкімдері және өзгеде лауазымды тұлғалар табыстайтын болады. 

Басылым құжатқа берілген қысқаша хатта талқылау 2020 жылдың 1 маусынына дейін созылады. Бұл жобаны мақұлдау жұмыстары қаржылай шығынды талап етпейтіндігін атар көрсетіп отыр.  

Гүлмира Қамзиева

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу