Қазақстандық ажыратқыштар

9706

Астаналық компания вакуумдық ажыратқыштарды шығара бастады. 

Қазақстандық ажыратқыштар

Астаналық "ASTELS" ЖШС LS оңтүстік кореялық компаниямен серіктестікте  оңтүстік кореялық Susol, VL-12 вакуумдық ажыратқышына ұқсайтын AVL-1200 вакуумдық ажыратқыштарын шығара бастады. "ASTELS" ЖШС-ның коммерциялық директоры Азамат Мұхамидидың айтуынша, жоба оның өзінің қаражатымен іске асқан.

"Бастапқыда біз LS өнімін саттық, ал содан кейін олар бізге оны жинауды ұсынды",- деді ол abctv.kz-ке.

Өз өндірісін бастағанға дейінгі соңғы жылда ASTELS қазақстандық нарықта Siemens компаниясының 200 вакуумдық ажыратқышын және LS компаниясының 60 ажыратқышын сатқан. Осы ретте сатылымның 70%-ы Астана қаласында және  30%-ы Алматы қаласында болған.

Алайда, дағдарыстан кейін оның бағасы екі есе өскен. Мысалға, неміс компаниясының ажыратқышы 600 мыңнан 1,2 млн. теңгеге дейін қымбаттаған. Нәтижесінде тұтынушы-өңірлік электржелілік компаниялар және басқалары арзан ресейлік, қытайлық және оңтүстік кореялық өнімді ала бастады. "Тұтынушылар жобаларды қайта келістіріп, бюджет көтермейтін болғандықтан Siemens компаниясының өнімін алып тастап, оның орнына басқаларды ала бастады. Егер біз қазіргі ескі жабдықты жаңаға айырбастау бағдарламасына түсетін болсақ, онда бұл біз үшін өте жақсы болар еді. Егер Қазақстандағы 90% ескі жабдық бар екенін  қарастыратын болсақ, онда сұраныс өте көп. Тек бір Астананың өзінде 2 мыңға жуығы бар және осы жылы оның 200-ден астамы айырбасталуы мүмкін",- деді Мұхамеди мырза.

Ол астаналық тұтынушылар қазір LS өнімін қолданып жатқанын, сондықтан ол оларға түсінікті  екенін айтты. "Енді біз біздің өніміміз тура сол екенін, тек бұл әзірге бұрағыш жинақ екенін көрсеткіміз келеді". Осыған байланысты компания ажыратқыштар үшін толымдайтынды әкелуге әзірге 10%-дық жарнаны төлеп отыр.

Осымен бірге кәсіпорын шектеуді арттыруды жоспарлауда. Сонымен қатар, кейбір детальдарды, атап айтсақ, кореялық жақпен патенттелген 600 доллар тұратын вакуумдық камераны, айырбастау қалай болғанда да мүмкін болмайды.

"Біз стационарлық түрін жинаудамыз, ал оның бұдан басқа да түрі бар. Ол жерде ажыратқыштар қойылатын себет тұр. Бұл себет 1,5 мың доллар тұруы мүмкін. Біздің вакуумдық-1,5 мың доллар және егер себетті өзіміз жасайтын болсақ, онда 50%  шектеуге жетіп, жарнаны төлемейтін боламыз",- деді Азамат Мұхамеди.

Оның айтуынша, әзірге Астанада жиналған LS ажыратқыштың бағасы 800 мың теңгені құрайды.

 Сонымен қатар, ол компания ажыратқыштарға сериялық номер қоятынын айтып кетті, бұл ажыратқыштарды ұрлап алыпсатарлықпен айналысатындардан сақтандырады. "Олар ұрлап, қайта сатады. Оның салмағы 80 кг. Біз әр вакуумдікке номер-белгі жасайтын боламыз, егер оны басқа жерде сатқан болса, онда біз оны машинаның  VIN-коды сияқты номері бойынша табамыз, бірақ ұрламайтын шығар деп үміттенеміз",- деді Мұхамеди мырза.

Компания өз өніміне жылдық кепілдеме ұсынады. "Біраз жұмыс істегенннен кейін кепіл көбірек болады",- деп нақтылады ол.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта заманауи вакуумдық ажыратқыштарды өңірлік клиенттерге қарағанда, әзірге, Астана мен Алматының  тұтынушылары көбірек пайдалануда. "Атырау ресейлік ажыратқыштарды пайдаланады. Ең бірінші нарыққа Siemens шықты, сондықтан барлығы оның өнімін айтады, алайда қазір бұл түсінік өзгеруде",- дейді ол.

Сонымен бірге компания 400 мың теңге тұратын оңтүстік кореялық әуе ажыратқыштарын жинауды жоспарлап отыр.

Астанада шығарылған бірінші үш вакуумдық ажыратқышты әр түрлі нысандарда электр шкафтарын өндірумен және орнатумен айналысатын "Қазақстандық электротехникалық зауыт" ЖШС сатып алды.  Бұл компания бұрын  ASTELS компаниясынан LS өнімін сатып алған болатын, сол себепті Астанада жиналған ажыратқыштарды сатып алуға шешім қабылдады.

"Ол 20-25 %-ға қымбат Siemens, ABB өніміне ұқсайтындарға қарағанда арзан. Біздің қалалық электр желілерінің талаптары бойынша вакуумдық ажыратқыштар моторлы жетекпен болуы керек, ал біздің ажыратқыштар сол талаптарға сай келеді. Ол Қазақстан территориясында жиналатын болса, онда оның бағасы 20 пайызға төмендейді",- деді "Қазақстандық электротехникалық зауыт" ЖШС бас директоры Асқар Сыздықов abctv.kz-ге.

Оның айтуынша, вакуумдық ажыратқыштарға деген зауыттың жылдық қажеттілігі  400-ге дейінгі бірлікті құрайды. 

"Жылдық қажеттілік сұраныс пен ұсынысқа байланысты өзгереді, біз шамамен 300-400 ұяшық шығарамыз, бір вакуумдық ажыратқыш бір ұяшыққа сай келеді. Бір стандартты КТҚ-ға 8 вакуумдық ажыратқыш қолданылады",- деді ол.

Жанболат Мамышев

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу