Қазақстандықтар несиені көптеп алуда

Камила Абдиева Камила Абдиева
2740

Сәуір айында нақты жалақының күрт төмендеуі халықты қарыздың қақпанына топырлатып түсіріп жатыр.

Қазақстандықтар несиені көптеп алуда

Қазақстандағы бөлшектік несие беру үшінші ай қатарынан рекордтық көрсеткішті көрсетіп отыр деп есептейді "Бірінші несие бюросы" (БНБ) ЖШС. Мамыр айында берілген тұтынушылық қарыз  12,7% болған, ал несие беру көлемі сәуір айымен салыстырғанда 1,7%-ға артқан. Былтырғы жылдың  мамыр айымен салыстырар болсақ, онда биылғы берілген несие көлемі 4,75 трлн теңге болған.

"2017 жылдың мамыр айының қорытындысы бойынша бір қарыз алушының орташа қарызы 855 мың теңгені құрап, бір ай ішінде 0,8%-ға артқан. Ал жылдың басында көрсеткіш төменгі деңгейді (-1,5%) көрсеткен. Несиенің орташа көлемі бір ай ішінде 0,2%-ға өсіп, 585 мың теңге (жыл басындағы көрсеткішпен салыстырғанда 3,5% жоғалтқан) болған. Сәуір айының қорытындысы бойынша берілген несиенің санымен қарыз алушылардың санының арақатынасы 1,46 болған, яғни бір қарыз алушының несиелік жүктемесі бір айда 0,5%-ға өскендігін БНБ таратқан баспасөз баянынан көруге болады.

БНБ-ның несие белсенділігі индексі сәуір айында екі пайыздық көрсеткішке, яғни 30%-ға дейін өскен. Бұл 2015 жылдың қыркүйек айынан бері (БНБ-ның бұған дейінгі мәліметі жоқ) бірінші рет болып тұрған жағдай.

Қарыз алуға деген сұраныс өскен сайын БНБ-ның елдің экономикалық белсенді халқының алған несиесінің есебінен туындайтын қаржылық сауаттылық индексі де өседі.  

"Қазақстандықтар өздерінің несие тарихы қадай дәрежеде екеніне қатты алаңдайды, оған біріншіден несие өніміне деген сұраныс деңгейі дәлел болып отырса, екіншіден несиелік сауаттылық деңгейін көтеруі дәлел. 2017 жылдың қаңтарынан бастап мамыр айына дейінгі аралықта БНБ 125,6 мың есеп берген, бұл былтырғы жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 36,9% -ға көп", – деді БНБ.

"Бірінші несие бюросы" ЖШС-ның бизнесті дамыту жөніндегі директоры Әсем Нұрғалиева abctv.kz-ке берген жауабында халықтың несие алу белсенділігі "жаңа несие карталық өнімдердің шығуымен және алдағы демалыс маусымына" байланысты болуы мүмкін екенін айтады.

Несие алу белсенділігінің артуына табыстың төмендеуі және халықтың айтарлықтай бөлігінің төлеу қабілетсіздігінің артуы да себеп болуы мүмкін.Ұлттық банк мәліметі бойынша, сәуір айында қазақстандықтардың  шынайы жалақысы бір жыл бұрынғы көрсеткішке қарағанда тура 10%-ға түскен.

2017 жылдың қаңтар-сәуір айында орташа айлық атаулы жалақы былтырғы жылғымен салыстырғанда 3,3%-ға өскен. Алайда нақты жалақы желтоқсандағы көтерілгенді ескермегенде, 12 ай қатарынан түсіп отыр, ал сәуір айында наурыз айымен салыстырғанда 3,7%-ға төмендеген.

БНБ-мен қарыз алушының төмен пайыздық дефолты (≤10%) болуы мүмкін деп есептелетін несие ахуалының индексі екі пайыздық көрсеткішке 66%-ға дейін түскен, бұл 2016 жылдың шілдесінен бері болып тұрған нашар көрсеткіш.

"Жақсы" қарыз алушылардың үлесі 65,5%-ға (өткен айда бұл көрсеткіш 68,3% болған) азайған, ал дефолттағы үлес 19,5%-дан 19,2%-ға түскен. Несие ахуалының индексі нарық жағдаятына тәуелді қарыз алушылардың саны есебінен төмендеді, ал олардың үлесі 12,3%-дан 15,3%-ға артқан", – деп түсіндірді БНБ өкілдері.

Осының салдарынан қайтарылмайтын (NPL) бөлшектік қарыздың өскені байқалады. Мамыр айында қайтарылмай жатқан несиелер 5,8% -ға (немесе 41 млрд теңге),743 млрд теңгеге дейін өскен.

"NPL деңгейінің айтарлықтай өсу деңгейі Алматы (+1,7%, балансқа үшін есептен шығарылғанды ескермегенде,  29,4%-ға дейін) және Алматы облысында (+1,2%, 23,7%-ға дейін) байқалған. Ал төмендеу Ақмола облысында (-0,1%,  9,4%-ға дейін) орын алған", –деп түсіндірді БНБ-дағылар.

Әр түрлі бөлшектік сегменттің болуынан корпоративтік несие беру әлсіреген, белсенділік жоқ, ал қарыздардың жалпы сапасы төмендеп барады. Заңды тұлғаларға берілген несиенің қарыз қоржыны мамыр айында  0,4%-ға төмендеп, 15,47 трлн теңге болған.

Мамыр айының қорытындысы бойынша  NPL үлесі 19,4% болды, бұл сәуір айындағы 15,8% көрсеткіштен жоғары.

"Бұл көрсеткіштің артуы елдегі банктердің біріндегі бизнес-несие қоржынының нашарлауынан болып отыр", – деп түсіндірді БНБ өкілдері.

Гүлназ Ермағанбетова, Камила Абдиева

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу