Қазақстанның жүк көліктері өзбек шекарасындағы кептелісте тұрып қалды

Жанболат Мамышев Жанболат Мамышев
3202

ОҚО-ның кеден қызметкерлері қазақ-өзбек шекарасындағы жүк көліктері кептеліcінің себебін түсіндірді.

Қазақстанның жүк көліктері өзбек шекарасындағы кептелісте тұрып қалды

Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік кіріс департаменті (МКД) бүгін "Б.Қонысбаев" өткізу бекетіндегі үлкен жүк көліктерінің бірнеше шақырымға созылған кептелісіне қатысты жағдайға түсініктеме берді.

Шымкентте өткен баспасөз конференциясында ОҚО бойынша МКД-ның  кедендік бақылау басқармасының біріктірілген бақылау және кедендік инфрақұрылым бөлімінің басшысы Темур Мырзахалықов 26 қазандағы мәлімет бойынша, осы өткізу бекетіне кірер бетте Өзбекстанға бет алған Қазақстанның 180 жүк көлігі кептелісте тұрып қалған. Жүк көліктерінің тұрып қалуы 21 қазан күні басталған.

Темур Мырзахалықов бұл жағдай Қазақстан шекарасының барлық периметрі  бойынша бақылауды күшейту деген болжамды жоққа шығарды. Оның айтуынша, бұл Қырғызстан шекарасындағы жағдайға еш қатысы жоқ. 

МКД-ның бөлім басшысы бұл проблеманың туындауына екі себеп бар деп отыр. Біріншісі – осы жылы өзбек ағайындардың таяу және алыс шетелмен сыртқы сауданы дамытуынан  Өзбекстан бағытына келетін автокөліктер ағынының едәуір артуы.

Оның ақпары бойынша, осы жылдың тоғыз айында көрші елдің тек бір Оңтүстік Қазақстан облысымен сауда айналымы  533,4 млн доллар болып, былтырғы жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 38,7 млн долларға немесе 14,8 %-ға артқан.

Ол сәуір айынан бастап Өзбекстан жаққа өтетін жүк көліктерінің айтарлықтай артқаны байқалады. Сондықтан шекарадағы дәл осындай жағдай сәуір-мамыр айында да болған. Ол кезде проблема шұғыл шараларды қолдану арқылы шешілген.  

Шекарада жүк көліктерінің жиналып қалуына екінші себеп – басқа елдерден, әсіресе, Қытайдан жүк тасымалдайтындардың Өзбекстан аумағына автокөлікті өткізуге рұқсат етуші құжаттың болмауы.

Жүк көліктерінің жиналып қалуы біздің жақтан болып отыр, өйткені өзбек жағы олардың жүруге рұқсаты болмаса, оларды өткізбейді, – деп түсіндірді Темур Мырзахалықов. – Бұл құжатты, яғни жүруге рұқсат ететін қағазды, екі жақтың көлік инспекциясы береді. Олар рұқсат бланкілерімен алмасады. Осыған орай, біздің тасымалдаушы Өзбекстанға жүкті үшінші елден алып өтетін болса, онда ол Өзбекстан Республикасына баруға рұқсатты тіркеу орны бойынша біздің мемлекеттен алады. Мысалы, алматылық көлік рұқсат бланкісін Алматы қаласынан алу керек деген сияқты. Ал Өзбекстанның тасымалдаушылары Қазақстан аумағына кіру үшін бізден рұқсат алады.  

МКД басқарасымының бөлім басшысы шекарадан өту үшін қазақстандық тасымалдаушылар бұл рұқсат етуші құжатты неге  рәсімдемегенін білмейтінін мойындады. Бұл адамдар бірінші рет жол жүріп жүрген жоқ және мұндай тасымал жасаумен көптен бері айналысады.

Сөз арасында тағы бір айта кетерлік жайт, бүгін ҚР ИДМ-ның ресми өкілі Мұрат Жұманбай өзінің  Facebook-тағы парақшасында осы жылы бланкілерді айырбастау барысында қазақстандық тасымалдаушыларға оның 1187 данасы берілгенін, алайда оның тек 498-і ғана қолданылғанын жазды.

Темур Мырзахалықов мәліметі бойынша, "Б. Қонысбаев"  өткізу бекеті алдында Өзбекстанның рұқсат етуші құжатын күткен 180 көліктің 50-і тұр, олар Қытайдан келген көліктер. Ал қалған жүк көліктері – Ресей, Беларусь, Германия, Болгариянікі.

Сондай-ақ  Темур Мырзахалықов көліктердің неге тек "Б. Қонысбаев"  өткізу бекеті алдында жиналып қалғанын түсіндірді.

"Шекарадан өту мәселесін екіжақты қарастыру аясында осы  жылдың жазынан бастап біздің барлық өткізу бекеттеріміз тәулік бойына жұмыс істеу режиміне көшірілді. Оларға көптарапты деген дәреже берілді, яғни бұл арқылы көлік құралдары және тауарлар, жеке тұлғалар, сонымен қатар басқа елдің азаматтары өте алады. Бірақ Өзбекстан бұған техникалық тұрғыдан дайын емес, сондықтан бәрін осы бекетке жібереді. Алдағы уақытта олар барлық тармақты сәйкестендіреді, содан кейін барлық бекет арқылы өту мүмкін болады. Дәл қазіргі уақытта "Б. Қонысбаев"  өткізу бекеті үздіксіз жұмыс істеп жатыр, – деп атап кетті ол. – Қазір бұл бекет арқылы жүк көліктерін өткізу екі есе артқан. Өткізу қуаты 120 көлік болса, біз оның орнына 250 көлік өтікзіп жатырмыз".

МКД бөлімінің басшысы келесі жылдан бастап көлік құралдары ағынын арттыруға қатысты шаралар аясында, оның ішінде кедендік бекеттерді дамыту бағдарламасы негізінде оның өткізу қуатын тәулігіне 500 көлікке дейін жеткізу көзделіп отырғанын айтты.

"Көліктердің жиналып және тұрып қалуының алдын алу үшін кеден бекеті басшылығы шектес тараптың көлік құралын өткізуді жеделдету бойынша мәселесі, сондай-ақ СЭҚ қатысушыларымен және тасымалдаушылармен  түсіндіру жұмысы жүріп жатыр", – деді Темур Мырзахалықов.

Сонымен қатар бұл жағдайға қандай да бір шұғыл жоғары жақтан араласу қажет емес екенін атап кетті. Барлық проблема жұмыс барысында шешілетін болады. "Бұл мәселені жылдапдатып шешуге тырысамыз. Бірақ біздің жақ шеше алмайтын тұстар бар. Бұл – Өзбекстан тарапының жүк көліктерін рәсімдеу жылдамдығы. Тап қазір олар бізден баяу қимылдайды", – деп аяқтады спикер.  

Гүлназ Ермағанбетова, Клара Ларина 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу