Қор нарығынан қалай табыс табуға болады?

Абылай Бейбарыс Абылай Бейбарыс
6446

Тәуекел төмендетіліп, транзакциялық шығын қысқартылып жатыр.

Қор нарығынан қалай табыс табуға болады?

Қазақстан қор биржасы (KASE) биылғы жылдың ІІІ тоқсанында сауда-саттықтың жиынтық көлемін 90,3 трлн теңгеге жеткізіп, өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі қаржылық жағдайын 6,2 %-ға немесе 5,9 трлн теңгеге жақсартты.

Есептік кезеңде бағалы қағаздар нарығы 4,3 трлн теңгеге ұлғайды. Бұл бір жыл бұрынғыдан 23,6% көп көрсеткіш.

KASE баспасөз қызметінің хабарлауынша, 43 эмитент листингтен сәтті өтіп,

алғаш рет 24 компанияның бағалы қағаздары биржаның ресми тізіміне енді.

Жыл басынан бері эмитенттердің саны 157-ден 176-ға жетті. Акция нарығын капитализациялау 0,3%-ға өсіп, 15,4 трлн теңгені құрады.

"Корпоративтік облигациялар секторында алғашқы орналастыру көлемі 1,4

трлн, мемлекеттік бағалы қағаздар секторында 1 316 млрд теңгеден асты", – деген ақпарат таратты баспасөз қызметі.

Осыдан алты ай бұрын KASE 2019-2021 жылдарға арналған даму стратегиясын қабылдады. Онда қор биржасы отандық  компанияларға қаржы тартудың тиімді тетігін қалыптастыру, жеке және халықаралық инвесторлар үшін тартымды жағдай жасау сондай-ақ халықаралық стандартқа сай

биржалық қызмет аясын кеңейту бағытындағы жұмыстарын

жалғастыратынын нақтылады. Сонымен қатар акциялармен, облигациялармен, пайлық үлестегі инвестициялық қорлармен, репомен, фьючерстермен айналысуға басымдық беретінін айқындады. Сол кезде Қазақстан қор биржасының басқарма төрағасы Алина Алдамберген KASE

Орталық Азия аумағындағы көшбасшылығын сақтап қалатынын айтты.

"Қазақстан қор биржасы еліміздегі қаржы инфрақұрылымының ажырамас бөлшегі. Сондықтан ол негізгі контрагент ретінде қаржы нарығының ойыншыларына жағдай жасап, заман талабына сай тиімді мүмкіндік ұсына береді", – деді Алина Алдамберген.

Айта кетейік, былтыр Қазақстан қор биржасы мен Мәскеу биржасы (MOEX) стратегиялық ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды. Нәтижесінде MOEX 2019 жылдың соңына дейін KASE жарғылық капиталының 20%-ын сатып алатын болды.

Басқарма төрағасының сөзінше, биржаның инвестициялық тартымдылығын арттыру үшін KASE қызмет көрсету аясын кеңейтіп, халықаралық инвесторлар үшін қолайлы бизнес-климат қалыптастыруға тырысып жатыр. Мақсатқа жету үшін KASE қор нарығының қатысушыларының тәуекелін төмендету, мәмілелердің аяқталуына кепілдік беру, транзакциялық шығындарын азайту сияқты жобаларды жүзеге асыруда.

Экономист Мақсат Халықтың мәлімдеуінше, қор нарығынан табыс табуға болады. Бұл үшін қаржылық сауаттылық қажет.

"Қор нарығының қатысушыларында табыс табу мүмкіндігі көп. Бұл жерде броккерлік компания арқылы акция, облигация сатып алуға болады. Сәтті сауда жасасаңыз табысыңызды кем дегенде 30%-ға еселейсіз", – дейді маман.

Абылай Бейбарыс

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу