Қытайдан тасымалданатын тауар Қазақстанға жаңа ережемен енгізіледі

2360

Орыс тілді басылым журналистері не туралы жазды. Inbusiness.kz-тің баспасөзге жасалған апталық шолуы. 

Қытайдан тасымалданатын тауар Қазақстанға жаңа ережемен енгізіледі

camonitor.kz: "Кремльдің "жұмсақ күш" саясатынан Қазақстан қауіптенуі керек пе?" деген сауал қояды басылым. Аталмыш газет ресейлік РБК телеарнасының ақпаратына сілтеме жасай отырып, көрші елде енгізуді көздеген саясаты төңірегінде мәселе көтеріп отыр. Бұл мәселеге қатысты түрлі саясаттанушыларды сөзге тартып, пікірін білген.

Басылымның хабарлауынша, Қазақстанның солтүстіктегі көршісі түрлі көрмелер мен мәдени шараларға мән беруден бұрын өзге елдердегі азаматтық қоғаммен жұмыс істеуді қолға алмақ. Сөйтіп ақпаратты-коммуникациялық арналарын күшейтуді көздеп отыр.

"Әзірге аталмыш "шараның" мән-жайы белгісіз, алайда агенттік ақпарат көздерінің хабарлауынша, "Ресейдің "жұмсақ күшке" қатысты түрлі амалы талқыланып жатыр. Мәселен, агенттік тікелей президентке бағынатын болады (қазір ол Сыртқы істер министрлігіне қарайды) және жеке мемлекеттік корпорацияға айналуы мүмкін. Мұндай құрылымның дүниеге келуі бұл мақсатқа керек қаражат табу еркіндігін берер еді. Мәселен, осындай әдісті Федеративті Германия Республикасы пайдаланады, федералды үкімет Германияның халықаралық ынтымақтастық қоғамын құрған", – деп жазады басылым.

Қазақстандық саясаттанушылардың бірі Ресейдің "жұмсақ күшті" пайдалану әдісін өзгертеміз деген жоспарын байыпты қабылдамау керек десе, екіншісі мұндай өзгертулер Қазақстанға пайдалы болады деген пікірде. Өз пікірін ортаға салған тағы бір саясаттанушы көрші елдің әрекетіне жауап беру үшін ақпараттық қауіпсіздікті күшейту керек дегенді жеткізді.

liter.kz: Пандемияға байланысты Қазақстан пен Қытай жүк тасымалдаудың жаңа тәртібін бекітті деп хабарлайды аталмыш газет. Бұдай былай кытайдың жүк көліктері әкелген тауарларын көлік-логистикалық орталықтарға түсіріп, өз елдеріне кері қайтады. Бұл жүкті Қазақстан бойынша керек жеріне отандық жүк тасмалдаушы компаниялар жеткізіп отырады.

Ресми мәлімет бойынша, шілденің 20-сынан бастап қытай жағы коронавирус індетінің Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданында тарауына байланысты Қазақстан көліктерін қабылдамайтын болған.

"Көрші мемлекет үкіметі автокөлік құралдарының шекарадан жылжу тәртібін қайта қарауды көздеген. Осының салдарынан Қазақстан көліктерін қабылдау жұмысын тоқтап қалған", - деп хабарлайды басылым.

Нәтижесінде екі мемлекет жаңа тәртіп орнатып, жүкті қайта тиеу жұмыстары шекара бойындағы көліктік-логистикалық орталықтарында жүргізілетін болды. Сол жерге әкелінген жүк қазақстандық немесе халықаралық транзиттік көліктерге тиеліп, көзделген жерге жеткізіледі.

express-k.kz: "Атақты шахматшы Жансая Әбдімәлік Қазақстан құрамасына кіретінін не кірмейтінін білмейді", деп хабарлайды мерзімді басылым. Жансая Әбдімәліктің әкесі Данияр Әшімовтың айтуынша, оларға ешкім хабарласпаған. Сол себептен олар республика құрамасы құрамында болатынын не болмайтынын білмейтін көрінеді. Атақты шахматшы Жансая Әбдімәліктік әкесі Данияр Әшімовтың айтуынша, Қазақстанның шахмат федерациясының әрекетін түсіне алмайсың. Себебі ешқандай турнир, оқыту жиынын өткізбейді. Спортшылармен байланысқа шықпайды.

"Осыдан екі ай бұрын әйелдер командасының аға-тренері гроссмейстер Арман Пашикян жұмыстан босатылған болатын. Құрамаға жаңа мақсат, талап қойылмады. Енді команда не үшін күресетіні белгісіз. Біз ешкімге керек емес сияқтымыз, дәлірек айтсақ, Жансая, басқа да қыздар керексіз сияқты. Мүмкін федерацияның одан да маңызды жұмыстары бар шығар",- дейді Данияр Әшімов.

mk-kz.kz: "Қазақстанда жыл сайын асыранды бүлдіршіндердің 18%-ы балалар үйіне қайтады", деп жазады аталмыш газет. Сол себептен бала асырап алуды көздеген ата-аналар өз мақсатына қол жеткізу үшін ең алдымен бала асырап алушы ата-аналар мектебінен өтуі міндет.

Соңғы жылдары республикада бала асырап алу тақырыбы жиі айтылып, насихатталып жүр. "Жетімдерсіз Қазақстан" акциясы аясында көптеген шаралар іске асып жатыр. Осының арқасында көп мәселе шешіліп, балалар үйлері жабылып жатқан жайы бар. Алайда бұл мәселенің шешілмеген тұстары да жоқ емес.

"Қалай болғанымен бала асырап алуды көздеген ата-аналар мұндай қадамды әбдеп ойланып жасау керектігін түсінбейді. Көбінің өз балалары болғандықтан, тәжірибеміз бар деп ойлайды. Алайда бұл болмысы өзгешелеу балалар болғандықтан, оларды ерекше амалмен тәрбиелеу керек. Нәтижесінде жыл сайын жаңа отбасын тапқан 200-250 бала балалар үйіне кері қайтып келіп жатады. Бұл бала психикасына ауыр тиеді, олар өздерін "екінші мәрте жетім қалғандай" сезінеді. Дамыған елдерде кейін қайтарылатын балалар көрсеткіші 8 пайызға жуық, ал Ресейде бұл көрсеткіш 10 пайызды, ал Қазақстанда 18 пайызды құрайды. Кейбір баланы үшінші, төртінші рет кері тапсырып жатады", – деп хабарлайды басылым.


Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!

Гүлмира Қамзиева

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу