Май бойынша қосылған құн салығын қайтару ережелері жүзеге аспай қалды

1104

Май өндірушілер екінші және үшінші деңгейлі жеткізушілердің кесірінен шығынға ұшырауда.  

Май бойынша қосылған құн салығын қайтару ережелері жүзеге аспай қалды Фото: inbusiness.kz

Елімізде экспортқа бағытталған өнім шығаратын кәсіпорындар дабыл қағуда. Себебі  қосылған құн салығын қайтарудың қолданыстағы ережелері олардың жоспарымен үйлеспей қалды. Май өндірушілер саладағы түйткілді мәселері мен базыналарын жеткізді. Олардың айтуынша, шығындар миллиардтаған теңгені құрайды, деп хабарлайды inbusiness.kz

Мәселе мынада, салық органдары ҚҚС асып кеткен сомасын қайтаруға өтініш берген кезде қалыптастыратын "Пирамида" аналитикалық есебінде өтініш берушінің тікелей жеткізушілерін ғана емес, сонымен қатар екінші, үшінші деңгейлі шикізат тасымалдаушылар  тексеріледі. Осының нәтижесінде анықталған формальды заң бұзушылықтар қайтарылатын ҚҚС сомасының азаюына алып келеді. 

Осылайша, адал салық төлеушілер шығынға ұшырайды, ал салық органдары ҚҚС бойынша заң бұзушылықтарды әкімшілендірудің, анықтаудың және жоюдың орнына өздері үшін ең оңай жолды - артық соманы қайтармауды таңдайды.

"Нәтижесінде май шығаратын компаниялар қайтарылатын ҚҚС сомасын ала алмай отыр. Мысалы, біздің компанияның  Мемлекеттік кірістер комитетінің жеке шоттағы 3 млрд теңгеден астам қаржысы бұғатталған. Нәтижесінде біз екінші банктерден қаражат тарту арқылы бұл соманы өтеуіміз керек, бұл тауар құнының өсуіне әкеп соғады және ерте ме, кеш пе, егер бұл үрдіс жалғаса берсе, қызметтің тоқтатылуы туралы сұрақтар туындайды, өйткені банктер несиені үнемі көбейте алмайды, оларда кепілге қатысты сұрақтар туындайды немесе ережені өзгерту керек", - деді "Шымкентмай" ЖШС бас есепшісі Төлеген Айтбаев.

Бұл ретте сала өкілдері бірнеше ұсыныс әзірледі. Біріншіден, өз өндірісіндегі тауарларды өндірушілер үшін жалпы айналымдағы ҚҚС (экспорт) 0% мөлшерлемеді бойынша салық салынатын өткізу айналымының үлесін 70%-дан 50%-ға дейін төмендету. Екіншіден, өтініш берушінің ҚҚС асып кеткен сомасын қайтару бойынша жауапкершілігін "Пирамида" талдамалық есебі мен салықтық тексеру кезеңінде бірінші деңгейлі шикізат тасымалдаушылардың ғана заң бұзушылықтары сомасына шектеу.

"Біздің көршілес елдеріміз Өзбекстан, Ресей ҚҚС есебі мен басқаруына бірдей тәсілдермен 2 ай ішінде өтемақы алады және мұның бәрі іс жүзінде автоматты түрде жүзеге асады. Бізде үнемі қандай да бір шектеулер бар, олар жұмыс істеуге кедергі келтіреді", - деп қорытындылады "Qazaq Astyq Group" ЖШС коммерциялық директоры Александр Буженица.

Бұған дейін Ұлттық кәсіпкерлер палатасы ҚҚС қайтару ережелеріндегі түйткілді мәселелер туралы айтқан болатын. Атап айтқанда, бекітілген талаптар Салық кодексіне қайшы келетінін жеткізген. Бұған дейін де қазақстандық ұн өндірушілер ережедегі проблемалық аспектілерге байланысты миллиондаған шығын туралы хабарлаған болатын. Кезінде Қаржы министрлігі ҚҚС есептеген кезде "сұр" схемаларды алып тастауды қалайтынын хабарлады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу