Миттал: "Біздің жағдайымыз былтырғы жылдың соңына қарағанда жақсы"

10439

"Арселор Миттал Теміртау" металл прокаты жеткізілімін арттырды. 

Миттал: "Біздің жағдайымыз былтырғы жылдың соңына қарағанда жақсы"

Екінші тоқсанның қорытындысы бойынша халықаралық компанияның жұмыскерлеріне жасаған дәстүрлі жолдауында Лакшми Миттал болаттың жөнелтілімі 2,9%-ға өскенін, темір кенін өндіру 13,5 млн. тоннаны құрап, оның 9,6 млн. тоннасы нарықтық бағамен жөнелтілгенін айтты.  Осы ретте, компанияның таза қарызы 12,7  млрд. АҚШ долларына дейін қысқарған.

"Біздің қаржылық нәтижелеріміз туралы айту барысында осы тоқсанда біздің көрсеткіштеріміз айтарлықтай жақсарғанын хабарлау мені қатты қуантады. EBITDA көрсеткіші барлық сегментте жақсарып, 1,8 млрд. долларды құрады, ал бұл бірінші тоқсандағыдан екі есе үлкен деңгей. Маусымдық сұраныстың жақсаруымен және операциялық көрсеткіштердің өсуіне байланысты біздің төрт өңіріміздің үшеуінде, атап айтсақ, Африка, Бразилия, Еуропада және ТМД елдерінде жеткізілім деңгейі артқан",- деп жазды Лакшми Миттал.

Екінші тоқсанда бұдан бір жыл бұрынғы 179 миллионға қарсы 1,1 млрд. доллар таза табыс алғандығы туралы айта отырып, "біз таза табысты АҚШ Арселор Миттал кәсіпорны жұмыскерлеріне сыйақыны өзгертуден, тіпті, 0,8 млрд. доллар көлеміндегі біржолғы табыссыз-ақ алар едік" деп атап кетті Лакшми Миттал.

Таза қарыз бірінші тоқсанның соңындағы 17.3 миллиардтан шілде айының соңындағы жағдай бойынша 12,7 миллиард долларға дейін, негізінен, активтерді сатудың арқасында қысқарған.

"Жылдың басынан бастап нарықтық жағдайлар жақсарған және өнеркәсіптілікті және баланстық көрсеткіштерді тиянақтауды арттыру үшін біздің қол жеткізген барлық жетістіктерді ескере отырып, біздің жағдайымыз былтырғы жылдың соңына қарағанда жақсы",- деп мәлімдеді Миттал. 

Алайда, ArcelorMittal басқармасы төрағасының пікірінше, артық өндірістік қуаттар құрылымынан жұмыс жағдайының тұрақсыздығын сақтау ықтималдығы бар. Осыған байланысты ол келешектегі оңтайландыру туралы топтың жоспарын хабарлады.

"АҚШ-та Американың болат балқыту өнеркәсібінің бірлескен жұмыскерлері кәсіподағымен еңбек шарты жасалды және біздің активтеріміздің базасын жеңілдететін, кәсіпорынның жүктеме дәрежесін арттырып, шығындарды азайтатын активтерді оңтайландыру бойынша жоспарымыз бастамашылық етілді. Еуропада өндірістің сатып алу, сату және қаржы бөлігінде табақша металды бөлімшелерді түрлендіру жоспары енгізілуде. Ұзын өлшемді прокат бойынша кәсіпорын  көтеріңкі қосылған құн өніміне баса назар аудару стратегиясын орындауда жақсы жұмыс істеуде".

Компанияның таулы сегменті өзіндік құнын айтарлықтай төмендеткен. Канадағы кәсіпорынның  ілгерілеуі арқасында өзінің базалық құнын тасымалдауды жалғастыратын болады.

"Бұл алға жылжуға жақсы үлгі болып табылады. Сонымен қатар, біздің кейбір кәсіпорындар жаңа бастама бойынша жоспарды артығымен орындағаны және келешектегі әлеуеттің өсуіне көмектесе алуы мүмкін жаңа мақсатты алдарына қоюы көңіл қуантады",- деп мәлімдеді Лакшми Миттал.

ТМД елдеріндегі топтардың жұмысы жайында айта отырып, Лакшми Миттал "Украина жақсы жұмыс істеуде, Қазақстан теңгенің әлсіреуінен және ең үздік операциялық тұрақтылықтан басымдылық алуда" деп атап кетті.

2016 жылдың бірінші жарты жылдығында "Арселор Миттал Теміртау" 2,026 млн. тонна дайын прокатты жөнелту бойынша жылдық көрсеткішке қол жеткізе алмады. Былтырғы жылдың осындай уақытымен салыстыру бойынша жөнелтімнің өсуі 22,9%-ды құрады, 2015 жылда 1,488 млн. тоннадан 2016 жылдың бірінші жарты жылдығында 1,829 млн. тоннаға дейін жетті.

Егер ArcelorMittal жақсы нарықтық жағдаятты пайдаланып және өзіндік құнды төмендетіп пайда тапқан болса, онда әр елдердегі қытай болаты импортына үлкен жарнаны қолдауға қарамастан ештеңеден беті қайтпайтын қытайлық өндірушілер қаңтар-шілде айларында экспортты рекордтты түрде арттыра алды.

2016 жылдың шілде айында Қытайдан шығарылған болат экспортының көлемі маусым айындағы рекордтық 10,9 млн. тоннадан шамалы қысқарып 10,3 млн. тоннаны құрады. Бұған ҚХР кедендік әкімшілігінің 9 тамыз күні жариялаған мәліметі куә. Қытайдағы шетелдік болат сауданың көлемі жеті ай ішінде болат тасымалдау көлемі бойынша әлемдегі экспорттаушы Оңтүстік Кореядан да асып түсіп рекордтық 67,4 млн. тоннаны құрады. Бұл былтырғы жылғы осындай кезеңнен 8,5 пайызға көп.

Сонымен бірге, бұдан бұрын хабарлағанымыздай, Иран өзінің металлургиялық әлеуетін арттыруды жалғастыруда.

Mobarakeh Steel Company болат балқыту комбинаты жақын уақытта өз қуатын 2 млн. тоннаға арттырмақ. Компанияның басқарушы директоры Бахрам Собхани комбинатта темір брекеттеу жобасын іске қосуды атап кетті де, жыл сайын брекеттеу үшін қосымша 500 000 тонна кеуектеу темір ұнтағы шығарылатындығын айтты.

Сонымен қатар, ол комбинаттың ағымдағы жылдық көлемі 5,2 млн. тонна деңгейінде екендігін мәлімдеді де, бұл сан бір ай ішінде 7,2 млн. тоннаға дейін артатынын айтты. Компания жылына 750000 тонна жұқа болат қаңылтақтарын шығаратынын және бұл көрсеткішті наурыз айының ортасында 1,5 млн. тоннаға дейін арттыруды жоспарлайтынын айтты.

Сонымен бірге, Иран Еуропаға болат тасымалдауды бастады. 7 тамыз күні financialtribune.com порталы мәлімдегендей, ирандық Khuzestan Oxin Steel Company компаниясымен 4,4 млн. доллар сомасы көлеміндегі болат прокатының бірінші партиясы Германияға және Италияға экспортталған.

Өнімді жөнелту оңтүстік ирандық Хузестан провинциясындағы Имам Хомейни порты арқылы іске асырылады. Компания ағымдағы 2017  жылдың наурызында аяқталатын ирандық жылдың соңына дейін әр ай сайын 5000 тонна болат өнімін Еуропаға экспорттауды жоспарлауда.

2003 жылы құрылған Oxin Steel кеме құрылысында, мұнай, газ, мұнай химиялық және химиялық өнеркәсіпте қолданылатын жоғары төзімді және кең болат прокатын дайындап шығаруға маманданады.

Еуропаға тасымалданатын иран болатының көлемі көп емес. Бірақ Еуропадағы ArcelorMittal қуатының оңтайлану/қысқаруы барысында Иранның 2025 жылға болат балқытуды 3,5 есе, яғни 2015 жылғы 16,1 млн. тоннаға қарсы жылына 55 млн.тоннаға дейін арттыру жоспарын және Иран мен ЕАЭО арасында бір мезгілді уақытша еркін сауда  аймағын құруын есепке ала отырып, бұның алдын ала қағылған дабыл екенін білу керек. Ал Қытай өзінің болат экспансиясында тоқтап қалмайтынын ескерсек, қазақстандық "Арселор Миттал Теміртаудың" актив топтары алдында оңай уақыт күтіп тұрмағанын айтқымыз келеді.

Шындығында, тойтарысқа дайын болған жөн.

Олег И. Гусев

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу