Наурызкөженің бағасы бір жыл ішінде қаншаға қымбаттады

4141

Наурыздың мерекелік ас мәзірінде болатын негізгі азық-түліктің бағасы еліміз бойынша бір жыл ішінде әртүрлі деңгейде өскенін байқауға болады.

Наурызкөженің бағасы бір жыл ішінде қаншаға қымбаттады

Ұлыстың ұлы күні – Наурыз да келіп қалды. Наурыз мейрамы – бұл тек ұзақ демалыстар мен сауық-сайран ғана емес, жыл бойғы жұмысқа қорытынды жасап, келер жылға жоспар жасайтын кез. Сонымен қатар ол көптен көрмеген ағайын-туыс пен дос-жаранмен берекелі кең дастарханда бас қосатын жайдарлы мереке. Ал Наурыз мерекесінде міндетті түрде наурызкөжеден дәм татылады. Наурыз көжені дайындаудың түрлері көп. Дегенмен негізгі қосылатын тағам түрлері бірдей: олар – су, тұз, ет, ұн, сүт өнімдері және жарма.

Елімізде бір жылда дәстүрлі асқа қосылатын аталған негізгі өнімдердің бағасы біршама қымбаттады. Мәселен, наурыз айында тұздың бағасы орташа есеппен 52 теңге болды. Бұл бір ай бұрынғы көрсеткіштен 0,04%-ға аз, алайда бір жыл бұрынғыдан 2,4%-ға көп.

Ақпан айының қорытындысы бойынша жоғары сұрыпты ұнның бір келісі 162,9 теңге болып, бір ай бұрынғы бағадан 3%-ға артық болған. Ал былтырғы жылдың осындай кезеңіндегі көрсеткіштен тап 8,2%-ға артық болып отыр. Қазақстандықтарға кеспенің бір келісін орташа есеппен 592,5 теңгеге сатып алуға тура келеді, бұл бір ай бұрынғыға қарағанда 0,9%-ға қымбат баға. Бір жылдағы өсім әжептәуір болып, 46,1%-ды құраған.

Тары наурыз көжеге қосылатын міндетті қоспа. Оның бағасы бір айда 5,3%-ға, 254,2 теңгеге дейін (жылдық өсім — 21,7%) қымбаттаған. Басқа жармалар бір айда жоқ дегенде 2%-ға қымбаттаған.

Наурызкөжеге сүт өнімдерінен – айран және сары май қосылады. Айранның бір литрі көктемде орташа есеппен 285,9 теңге тұрды, бұл бір ай бұрынғы бағадан 0,3%-ға, бір жыл бұрынғы бағадан 4,8%-ға артық. Майдың бағасы бір айда 0,8%-ға және бір жылда 10,1%-ға дейін қымбаттап, бір келісі 2159,3 теңгеге дейін жеткен. Ал кез келген дастарқан мен шәй ішу пастерленген сүтсіз болмайтыны анық. Оның бір литрі 238,9 теңге (бір айда +4,4%, бір жылда +10,7%) болған.

Мерекедегі ең сұранысқа ие және ең қымбат ет өнімі – жылқының еті. Ақпан айының қорытындысы бойынша жылқы етінің бір келісі сүйегімен алғанда 1780,4 теңге (бір айда +0,8% және бір жылда +10,8%) болған. Сиыр еті бір ай ішінде 0,1%-ға бір жылда 6,2%-ға қымбаттап, жауырыны мен төс бөлігінің бағасы 1562,6 теңгеге дейін жеткен. Қой еті болса бір айда 0,7%-ға, бір жылда 6,4%-ға қымбаттап, сүйегімен таза жұмсақ етінің келісі 1474 теңгеге дейін өскен.

Былтырғы жылдың қаңтар-ақпанына қарағанда биылғы жылдың қаңтар-ақпанында тауарлар мен қызметтердің бағасы 5%-ға өскен. Бұл ретте азық-түліктің бағасы 2018 жылдың қаңтар-ақпанындағыға қарағанда 5,9%-ға өсіп кеткен.

Ұлттық банктің биылғы жылдың 4 наурызындағы баспасөз баяны мәліметі бойынша, жылдық имнфляция 2019 жылдың қаңтар және ақпанында 5,2% және 4,8%-ға төмендеп, мақсатты дәліздің ортасында, 4-6% болған. Сондай-ақ тап осы азық-түлік тауарлары сегментіндегі инфляция (2018 жылдың желтоқсанындағы 5,1%-дан 2019 жылдың ақпанында 6,6%) күшейген. Оның ішінде жеміс-көкеністен басқа барлық тауарлық позиция бойынша қымбаттаған.

Алайда қазақстандықтар мойып отырған жоқ. Реттеушінің ақпары бойынша, 2018 жылдың күзінде орын алған инфляциядан кейін, инфляциялық болжамдар бірте-бірте төмендеп келеді. Қаңтарда бір жылдан кейін болады деген инфляция 4,7%-ға дейін төмендеді, бұл сауалнама жүргізіле бастағаннан бергі ең төмен көрсеткіш. Сауалнамаға қатысқандардың ішінде инфляция күшейеді деп отырғандар үлесі өткен жылдың қазан айындағы ең көп 28,2%-бен салыстырғанда 17,2%-ға дейін төмендеген. Ал инфляцияның баяулауын болжаушылар үлесі, керісінше, соңғы жылдағы ең жоғары көрсеткішті (27,4%) көрсетті.

Еске салар болсақ, 2019 жылдың 25 ақпанында Данияр Ақышевтың орнына Ерболат Досаев Ұлттық банктің басшысы болып тағайындалды.

Тап осы уақытта азық-түлік өнеркәсібі саласындағы өндірушілер барлық позиция бойынша бірдей өндірісті дамытып отырған жоқ. Мерекелік ас – Наурызкөжені дайындауға қажетті өнімдер арасында барлығының бағасы бірдей емес.

Мәселен, қаңтар-ақпан қорытындысы бойынша сары майдың өндірісі бір жыл бұрынғыға қарағанда 16,9%-ға (2,1 мың тонн), жарма – 4,8%-ға (13,2 мың тонн) өскен.

Алайда күріш өндірісі бірден 22,3%-ға, 25,5 мың тоннаға дейін қысқарған. Сонымен қатар ұн өндірісі де 12,2%-ға төмендеді, кеспе мен басқа да ұн өнімдерін өндіру бір жыл ішінде 4,7%-ға қысқарған.

Ірі қара малдың жаңа сойылған немесе салқындатылған ет өндірісі бір жылда 10,1%-ға, ал сүт пен кілегей шығару 1%-ға азайған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу