Олигархтар пайданы сүліктей сорып, мәселені мемлекетке, халыққа ілмекші – депутат

Елімізде жылыту маусымы басталмай жатып, Қазақстанның бірқатар қаласында ЖЭО-лар істен шығып, Риддер, Екібастұз қалаларында техногенді апат жағдайы қалыптасты. 

Олигархтар пайданы сүліктей сорып, мәселені мемлекетке, халыққа ілмекші – депутат Фото: liter.kz

Президент жағдайға шұғыл баға беріп Үкіметке еліміздің барлық жылу объектілерін тексеріп, апатты жағдай болмауы үшін іс-шаралар қабылдау жөнінде тапсырма берді.

Осыған орай, "AMANAT" партиясы  Фракциясы мүшелері Екібастұз қаласына барып, жұртшылықтың пікірін тыңдады. Бұл туралы Мәжіліс отырысында Ерлан Саиров мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Депутат сөзін энергетика саласындағы негізгі мәселелерден бастады. Айтуынша, басты олқылық – магистралдық желілердің тозғандығы. Мысалы, Екібастұзда желілердің тозу дәрежесі 91%-ды құрайды. Соған қарамастан ЖЭО-да күрделі жаңғырту жұмыстары жүргізілмейді, инфрақұрылымға инвестиция салынбайды. 

"Стратегиялық нысандарды неше түрлі жолмен иемденіп, халықтың мүлкін ондаған жылдар бойы игеріп, пайда тауып отырған олигархиялық топтар еліміздің түкпір-түкпіріндегі магистралдық желілер мен жылу электр стансаларын жаңғыртуға қаржы салғысы келмейді. Бұл әділетсіздік! Олигархиялық топтар бұл объектілердің пайдасын сүліктей сорып, енді проблеманы  мемлекетке, халыққа ілмекші", – деді ойын ортаға салған депутат. 

Осы ретте Саиров Үкімет Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында мына мәселелерге баса назар аударуы қажет деп есептейді:

  1. Энергетика кәсіпорындарын толық техникалық аудиттен өткізу;
  2. Жылу электр орталықтары, магистарльді желілердің тозу дәрежесін анықтай отырып, халықтан алынатын тарифтердің инвестициялық қаржының қайда кеткендігін анықтау;
  3. Жылу электр орталықтары мен магистарльдардың техникалық жағдайы үшін кәсіпорын акционерлерінің құқықтық жауапкершілігін қарастыру;
  4. Жалпы энергетика саласына, стратегиялық сала болғандықтан,  қоғамдық бақылау орнатуға жан-жақты көңіл бөлу;
Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу