Онлайн-сақтандыру таяу арада толыққанды жұмыс істеп кете алмайды

Татьяна Батищева Татьяна Батищева
4386

Сақтандыру компаниялары мен тұтынушыларды алда не күтіп тұрғанын Қазақстанның сақтандыру қауымдастығының төрағасы Виталий Веревкин abctv.kz-ке түсіндіріп берді.

Онлайн-сақтандыру таяу арада толыққанды жұмыс істеп кете алмайды

- Өткен аптада сақтандыру компаниялары мен Ұлттық банк сақтандыру мәселесі бойынша қолданыстағы заңнамаға түзету енгізуге келісім жасауды аяқтады. Заң жобасы бірнеше жүздеген беттен тұратын көлемді болып шықты. Сақтандыру компаниялары мен оның клиенттерін қандай жаңа енгізулер күтіп тұр?

- Заң жобасының негізгі идеясы – электрондық полисті енгізу, оған міндетті автосақтандыруды сатып алған көлік құралы иелерін көшіру жоспарланып отыр. Мұны революция дегеннен гөрі басқа саланы сандыққа технологияға көшу жағынан қуып жеткен эволюция деген дұрысырақ болады. Бұл үшін заңнамалық актілерді ретке келтіру керек, яғни сақтандыру келісімшартын электронды құжаттармен айырбастау арқылы электронды форматта жасап, клиентке сақтандыру келісімшартын электрондық форматта ұсынуға болады.

Сақтандыру келісімшартының қазіргі үлгісі ауысатыны сөзсіз. Іс жүзінде келісімшарт жасаудың классикалық сұлбасына – яғни клиенттің сақтандырушы ретінде жарияланған ашық ұсынысының акцептіне (қабылдауға) көшеміз. Бұл жағдайда акцепт (ұсынылған шарт бойынша келісімшарт жасау келісімін растау) төлем жасауға тиесілі адамның әрекетімен расталады.

- Онлайн-сақтандыру тәжірибеде қалай іске асады?

- Техникалық тұрғыдан алғанда былай болады. Сақтандыру ұйымы өзінің сайтында жария афертасын, яғни сақтандыру келісімшартын жасауды ұсынып, сақтандыру келісімшартының шарттарын орналастырады. Келісімшарт шартымен танысқан клиент сақтандырушыға келісімшарт жасауға қажетті мәліметтерді жібереді. Осыдан кейін сақтандырушы немесе оның автоматты жүйесі сақтандыру сыйақысын төлеуге шот береді. Клиент сақтандыру сыйақысын төлегеннен кейін келісімшарт заң жүзінде жасалған болып саналады. Мұның барлығы кез келген дүкеннен тауар сатып алған сияқты.

- Ал сонда айтылып отырған электрондық полистің жайы не болады?

- Әрине, оны бір қарағанда аңғармайсың, алайда келісімшарт жасалып, тараптардың құқықтары мен міндеттері пайда болған. Біз қалай болғанда да қағаз құжатқа, сақтандыру полисіне үйреніп қалғанбыз. Онлайн-сақтандыруды енгізгеннен кейін электрондық полистің қағаз түріндегі нұсқасы болмайды.

- Бұл қалай жұмыс істейді, сондай-ақ бұл құқықтық талаптармен қалай сәйкеседі?

- Сақтандырушы өзінің базасында клиенттен түскен сақтандыру жасау өтініші мен төлемін қосады, міне, осы келісімшарт болып табылады. Содан кейін бұл мәліметтер Сақтандырудың бірыңғай деректер базасына (СБДБ) тіркеуге жіберіледі. Сақтандырудың деректер базасы келісімшартты тіркеп, тіркеудің растығы үшін сақтандырушыға келісімшарттың бірегей нөмірін жібереді де, осындай клиентпен және сақтандыру компаниясы арасында келісімшарт бар деген жазбаны сақтап қояды.

Сонымен бірге СБДБ келісімшарттың тіркелегені туралы хабарламаны сақтандыру компаниясына да, клиентке де жібереді. Сақтандырушы бірегей нөмірі бар құжатты бекітілген үлгіде автоматты түрде тіркейді, бұл электронды полис болады. Мұның барлығы көп уақытты алмайды. Бұл сақтандыру полисі клиенттің қалауы бойынша электрондық пошта арқылы жіберіледі немесе клиенттің жеке кабинетінде орналасады. Сондай-ақ клиент қағазға шығарылған нұсқасын сақтандыру компаниясының кеңсесінен немесе өзі шығарып ала алады.

Сенім және қауіпсіздік

- Техникалық тұрғыдан бәрі түсінікті. Енді келесі мәселе – сақтандыру полисінің бар екені және оған әкімшілік полицияның көзін жеткізу. Автокөлік иелерін электрондық полистің бар екенін инспекторға қалай дәлелдеуге болатыны қызықтырады.

- Бұл мәселе жіті қарастырылып, электронды және қағаз түріндегі полистің болуына жол бермеу керек деген шешімге әкелді. Өйткені бұл көптеген жарамсыз жалған полистің пайда болуына әкеледі. Жасалған сақтандыру келісімшартының бар екенін тек Мемлекеттік несие бюросы жүргізетін бірыңғай дерек базасы арқылы ғана тексеруге болады.

- Электрондық полис сақтандыру нарығы мен клиентке не береді?

- Электрондық полис келешекке жасалған қадам,өйткені клиент пен сақтандырушы делдалсыз, кеңсе мен банкке бармай-ақ, тікелей өзара әрекет ете алады. Мұның ыңғайлы екені бәріне түсінікті. Сонымен бірге сақтандырушы онлайн сервисті және ілеспелі өнімдерді сатуды толыққанды дамытуға мүмкіндік алады. Мысалы, туристер демалыс алдындағы қырғын-сүргінге қарамастан, онлайн полисті алдын ала сатып ала алады. Сондай-ақ туристік полиспен бірге жүк жоғалып қалған жағдайда және т.б. сақтандыра алады.

Сонымен бірге электрондық полисті енгізу арқылы сақтандыру жағдайын реттеу барысында электронды құжат алмасудың негізі жасалады. Бұл жаңашылдық клиенттің төлемдерді алудың барлық сатысында уақытты үнемдеуге мүмкіндік береді. Егер ақпараттық жүйені дұрыс жасайтын болсаңыз, онда сақтандыру жағдайын реттеу процесінде клиент кеңсеге тек бір рет қана келеді немесе тіпті келмеуі де мүмкін.

Ал қазір клиентке әкімшілік соттан сақтандыру компаниясына, одан бағалаушыға, содан кейін қайтадан сақтандырушыға сабылуына тура келеді. Сондай-ақ өзімен бірге көптеген құжатты алып жүруі керек. Мұның барлығы қаншама уақыт пен қаражатты қажет етеді.

Сонымен бірге полисті тікелей сақтандыру компаниясының сайты арқылы сатып алғанда сыйақы көлемінен 10%-ға дейін жеңілдік алуға болады. Заң жобасында адамдар полисті интернет арқылы өздігінен сатып ала алатындай экономикалық тетік қарастырылған. Қазақстандағы экономикалық белсенді азаматтар саны автокөлік иелерінің санымен 60-70%-ға сәйкес келеді. Егер алғашқы екі жылда онлайн арқылы полистердің 30-40%-ы сатып алынатын болса, мұның өзі жақсы көрсеткіш болады. Кейіннен бұл сан тек өсетін болады.

- Жол-патрульдік қызметтің полисті қалай тексеретініне толығырақ тоқталсақ. Инспектор автокөлік иесінің полисі бар екенін қалай тексереді?

- Заң жобасында әкімшілік полиция қызметкерлеріне Мемлекеттік несие бюросының  тиісті рұқсат беру жағы қарастырылған. Бұған қоса Мемлекеттік несие бюросында сақтанушыға жеке кабинет арқылы сақтандыру полисін тексеру үшін рұқсат беріледі.

Әрине, жаңа жобасымен жұмыс істеу барысында шалғайдағы елдімекендерде тұратындардың сақтандыру полисін база арқылы тексеру техникалық жағынан мүмкін емес деген күдікті естиміз. Менің ойымша, байланыс желісін тарту деңгейі бірыңғай мәліметтер базасына кіруге мүмкіндік береді деп ойлаймыз. Сонымен бірге барлығымыз әкімшілік полицияда бар жаңа техникалық құралдар жайында естіп, оқып жүрміз. Осындай техникалық құралдар мен рұқсатқа ие жол полициясының СБДБ-дан ақпарат алуы қиындығы туындамау керек.

Техникалық тексерістің қалай болатыны әзірге белгісіз, ұсынылып отырған нұсқа көп. Ол Мемлекеттік несие бюросы әзірлейтін SMS-портал немесе мобильді қосымша арқылы тексерілуі мүмкін. Болмаса мәліметтер базасына рұқсат алуды полицияның кезекші қызметкері жасауы мүмкін.

- Мәліметтер қауіпсіздігіне қатысты мәселе қалай шешілуде, сондай-ақ полисті онлайн сатып алу барысында жаппай алаяқтық орын алмас үшін қандай шаралар қарастырылуда?

- Қауіпсіздік мәселесі ескерілген. Заң жобасында сақтандыру компаниясының ресми интернет сайты талаптары Ұлттық банктің тиісті нормативті-құқықтық актілерінде бекітіледі. Сонымен қатар сақтандыру нарығының инфрақұрылымдық институттарының сайттары арқылы сақтандыру компаниясы сайтының шынайлығын растайтын қосымша тексеру жүйесі болады деп ойлаймын. Қазір мемлекеттік несие бюросының сайты сақтандыру ұйымдарының ресми сайттарының сілтемесін тексеру керектігі жайы қарастырылып жатыр. Егер бұл аз болса, салалық қауымдастықтар және Сақтандырушылар қауымдастығы, қаржыгерлер қауымдастығы өздерінің сайттарында сақтандыру ұйымдарының ресми сайты туралы ақпаратты орналастырады.

- Тексеру алаяқтық мәселесін толығымен шешеді деп ойлайсыз ба?

- Қазір БАҚ-та жазылып жатқандай сайттардағы мәліметтерді ашатын пысықайлар бар деп сенімді айта алмаймыз. Ал қазақстандық банктер тәжірибесі өздерінің интернет-банкингтері табысты жұмыс жасап жатқанын айтады.

- Сақтандырушы үшін IT шығындарды реттеу бойынша істі жүргізу қаншалықты қымбаттайды? Сақтандыру құны қымбаттайды ма?

- Сақтандыру тарифтері өспейді, өйткені оларды арттыру немесе төмендету туралы шешім заң жүзінде қабылданады. Ал сақтандыру бизнесінің тиімділігі артады, сақтандырушыларға сайт жасауға, ақпаратты қорғауға және т.б біраз қаражат шығаруға тура келеді. Бірақ қалай болғанда да бұл агенттерге комиссиялық сыйақы төлеу, аймақтарға жеткізу және т.б қарағанда арзан.

Онлайн сақтандырудың бастапқы кезеңінде бизнесті жүргізу арзан болмайтынын бірден айтамын. Бастапқы кезде сақтандырушыларға қаражатты көп жұмсауға тура келеді. Сондықтан агенттер бірден шығып қалмайды. Бірақ алдағы үш-бес жылда агенттердің сатуы мен онлайн сату арасында айтарлықтай айырмашылық болады.

- Агенттер жұмыссыз қалмайды ғой?

- Жоқ, әрине. Өйткені барлық клиенттің онлайн келісімшарт жасайтын мүмкіндігі бола бермейді. Тіпті қазірдің өзінде сақтандыру компанияларының агенттердің жылдам жұмыс істеп, интернет арқылы сатуы үшін де техникалық жағдай жасап жатқаны белгілі. Агент клиентке келіп, планшет арқылы келісімшарт жасауына болады. Ал клиент posтерминал арқылы төлем жасай салады.

Біз сақтандыру телефон арқылы сатылатын болады деп болжап отырмыз. Мұның еш әбестігі жоқ. Мысалы, Ұлыбританияда полистердің 95% телефон арқылы сатылады. Алаяқтық болуы мүмкін ба десеңіз, бірден болады деп жауап беремін. Бірақ алаяқтық бұрында да болды ғой. Сондықтан сақтандырушылар сақтандыруды кеңседе немесе сенімді агенттер арқылы жасау керектігін әрдайым ескертеді.

- Кепілді келісімшартты қалай жасауға болады?

- Бірнеше нұсқасы бар. Сақтанушы компанияның ресми сайтына кіреді немесе өзінің агентімен жұмыс істейді. Сақтандыру компаниясының кеңсесіне қоңырау шалып, агент немесе менеджерді жіберуді сұрайды, тіпті болмаса сақтандырушыға өзі барады.

- Таңдау көп...

- Уақыт өте келе үлкен бір басым канал рәсімделеді. Сондай-ақ таңдау да өзгереді. Банктің онлайн қосымшаларын қолданып үйренген адамдар сақтандыруды банк арқылы жасайтын болады. Мысалы, қазір бірқатар банктер еншілес сақтандыру ұйымдарынан төлем қабылдауда. Қосымшаны қолданып жүрген адам сақтандыру компаниясының сайтында немесе осы интерфейсте келісімшарт жасап, тиісті төлемді жасай алады.

- Мұндай жағдайда бас банк түрінде ресурсы жоқ шағын банктік емес сақтандыру ұйымдарының келешегі қалай болмақ?

- Іс жүзінде ыңғайлы және түсінікті интерфейсті ешкім алып тастаған жоқ, мұның барлығы компанияның бизнес-процесті қалай жолға қоятынына, стратегиялық серіктестердің қайсысымен жұмыс істейтініне байланысты.

Толыққанды онлайн сақтандыру таяу арада іске аспайтынын бірден айтып қояйын. Заң енгізілгеннен кейін еліміз бірден компьютерге отырып, онлайн келісімшарт жасап кетпейді. Ол үшін уақыт керек.

Осыдан бір жыл бұрын, тура мамыр айында ҚР ҰБ №24 қаулысына өзгерістер енгізіп, сақтандыру полисінің мазмұнынан сақтанушының қолы болуы керек деген талапты алып тастадық. Осы кішкентай эволюция полисті әкімшілдендіру логистикасын екі есе арзандатты. Өйткені клиенттің қол қойған полисін компанияға қайтарып керек жоқ. Клиент тек дайын құжатты алады. Осы тұрғыдан полистерді әкімшілдендіру айтарлықтай жеңілдеді.

- Электрондық полиске көшуден кейін КҚИ АҚЖМ бойынша сыйақы қысқаруы мүмкін бе?

- Төмендейтіні сөзсіз, бірақ соншалықты болады деп ойламаймын, Өйткені әлі бір жыл бойы ескі полис қолданылады. Сақтандыру нарығы бұл айырмашылықты қалайша аз етуге болатынын қарастыруда. Сонымен бірге электрондық полистерді тексеру механизмі жұмыс істейтін болады.

- Заң жобасы парламенттің қарауына қашан түседі, сонымен бірге ол қай уақытта қабылдануы мүмкін?

- Қазір заң жобасы нарық пен әзірлеуші – Ұлттық банкпен мақұлданған. Құжат Әділет министрлігі мен салалық министрліктердің мақұлдауына жіберілді. Ол мамыр айының соңында бітуі керек. Қыркүйек айында заң жобасы парламент қарауына түсіп, ол жерде депутаттардың талқылауынан өтеді.

Әрине, заң жобасының ертерек қабылданғанын қалаймыз. Бірақ заң жобасының салыстырмалы кестесі 417 беттен тұратынын ескерсек, талқылау ұзақ уақытты алады.

Гүлназ Ермағанбетова, Татьяна Батищева

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу