Өсім нүктесі

Артур Мискарян Артур Мискарян
12798

2016 жылы екі камералы смартфон модельдеріне сұраныс артып, Huawei саудасы қызды.

Өсім нүктесі

Huawei CBG сарапшылары 2016 жылы сатылған смартфондардан түскен табысты 178 млрд юаньге (25,6 млрд доллар) жетті деп болжап отыр, бұл 2015 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 42%-ға жоғары.

Қытай компаниясы шығаратын смартфондардың жалпы саны 139 млн-ға жетті, яғни былтырғыдан 29%-ға жоғары – компанияның көрсеткіші 5 жылда артқан. IDC сараптама компаниясының мәліметіне сүйенсек, 2016 жылы смартфон­­ ­жасайтын барлық компанияның саудасы 0,6%-ға өскені байқалады.

Huawei компаниясының Қазақстан нарығындағы үлесі жылына 1%-дан 10%-ға дейін өсті. Еліміздегі Huawei компаниясының ресми дистрибьюторлары: Технодом, Мечта, Sulpak, Alser, Эврика, FOR A. Жалпы 2016 жылы бөлшек сауда нарығындағы Huawei-дің үлесі 71%-ға көтерілді, ал 2015 жылы компания үлесі 13%-ға өскен еді. Компания өнімін 70 000 дүкенде сатады. Бұл Италия, Испания, Польша, Египет және Сауд Арабиясы нарығының 50%-ы.

Huawei CBG бас директоры Ричард Юдың айтуынша, байқалып отырған өсімге қызмет көрсету сапасы артып, сатудың жаңа тәсілдерін құру арқылы қол жетіп отыр.

"Нарықтың қатаң талаптарына қарамастан, Huawei CBG өз саласындағы бәсекелестердің барлығын басып озып, дамуын тоқтатқан емес. Бұл өсімге инновациялық және тұтынушыға бағытталған тәсіліміздің, үнемі премиум-класс брендін жасауға деген талпынысымыздың, әлемде өз өнімімізді өткізетін арналарды дамытудың, сондай-ақ үнемі жоғары деңгейдегі қызмет көрсетудің арқасында жетіп отырмыз", – дейді Ричард Ю.

Биылғы жылы компания ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-құрылымдық жұмыс (ҒЗТҚЖ) жүргізуді, өндірісті оңтайландыруды басым бағыт ретінде алмақшы.

"2017 жылы біз материалды-техникалық қорымызды жабдықтауға, өнімді өткізу арналарын кеңейтуге, ҒЗТҚЖ жүргізуге, қызмет көрсету сапасын көтеруге күш салмақпыз. Өндірісімізді оңтайландыруға жәрдемдесетін осы және өзге бағыттарды дамытуға, өнімімізді халықаралық деңгейге шығаруға және компанияның болашақ әлеуетін көтеруге назар аударамыз", ­– делінген баспасөз хабарламасында.

Өткен жылы Huawei CBG компаниясы Android базасындағы EMUI мобильді операциялық жүйесін (ОЖ), жасанды интеллектілі смартфон, сондай-ақ екі камералы мобильді құралдар жасауды қолға алған болатын. Huawei-ден кейін екі камералы смартфонды Apple жасай бастады.

Huawei шығарған EMUI операциялық жүйесін жасаудағы басты мақсат – уақыт өте келе баяулайтын Android базасындағы смартфонның шапшаңдығын жетілдіру еді. Huawei таратқан хабарламаға сенсек, EMUI операциялық жүйесіндегі Kirin процессорымен жұмыс істейтін смартфондарда жоғарыда айтылған кемшілік жойылды.

2016 жылы Huawei смартфоны тұтынушылар арасында сұранысқа ие болуына екі камералы модельдің шығуы септігін тигізді. Екі камералы смартфон үлгісі немістің Leica оптикалық жүйесі мен фотоаппаратын шығарушымен бірлесіп жасалды. Оптикалық жүйелер саласында бірлескен жобаларды Huawei мен Leica 2016 жылдың қыркүйек айында бірлесіп ашқан Max Berek Innovation Lab компаниясында жүргізбек.

Қытай компаниясының смартфондары ішінде өткен жылы ең танымалы әрі сұранысқа ие болғаны Huawei P9 және P9 Plus болды – 10 млн-нан астам данасы сатылды. Ал қараша айында Mate 9 сериясының смартфондарын саудаға шығарғанда компания өнім тапшылығына тап болды, себебі бұл үлгі өндіріске енгізілгеннен кейін оларға деген сұраныс бұдан бұрынғы Mate 8 сериясының саудасынан 50%-ға жоғарылады.

Қытайда Huawei 200 млн адам пайдаланатын бұлтта құжат сақтау жүйесін дамытумен айналысады, жүйені тіркелген 22 млн маман жетілдіреді. Huawei бұлтта құжат сақтау жүйесімен айналысуда 2,8 млрд юань табыс тапты.

2016 жылы Huawei өзінің жарнамалық кампаниясына өз елшісі ретінде футболшы Лионель Мессиді, сондай-ақ Генри Кавилл мен Скарлетт Йоханссон сынды кино жұлдыздарын тартты, олар P9 брендінің өкілдері атанды.

IPSOS сараптама агенттігінің зерттеулеріне жүгінсек, Huawei брендінің әлемде танымалдылық рейтингі 2015 жылы 76% болса, 2016 жылы 81%-ға дейін артқан. Сонымен қатар Huawei-ді шетелдік пайдаланушылардың 31%-ы өз елінде жоғары табыс табатын жұмыскерлер екені анықталды.

Huawei қайтадан 72-орынды иеленіп, Interbrand әлемнің үздік 100 брендінің тізіміне енді; сондай-ақ 50-орынды теуіп, BrandZ әлемнің ең бағалы 100 брендінің тізіміне кірді.

GFK институты 2016 жылдың қазан айында жариялаған мәліметіне сүйенсек, әлемдік смартфон нарығында Huawei смартфондарының үлесі 11,3%-ға дейін өсіпті.

Компания P9 және P9 Plus үлгілерін сатудың арқасында Еуропа нарығында табысқа жетті. GFK институтының ақпаратына сәйкес, қазір әлемнің 33 елі нарығының 15%-ы Huawei-ге тиесілі және әлемнің басқа 20 елінің нарығындағы үлесі 20%-дан асты, оның жартысы Еуропада. Солтүстік-шығыс және Батыс Еуропа нарықтарындағы Huawei-дің үлесі сәйкесінше 15% және 10%-дан асып түсті.

Қытайдың ішкі нарығындағы Huawei-дің үлесі 2016 жылдың қарашасында алғаш рет 20%-дан асты, ал құны 500-600 доллар смартфондар нарығында көш бастады.

Планшеттер нарығында да Huawei-дің көрсеткіші көш ілгері – 2016 жылы 10 млн данадан астам өнім жөнелтілді, бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 90%-ға жоғары.

Huawei компаниясының өнімі мен қызметі әлемнің 170-тен астам елінде бар. 2015 жылы компания мобильді телефон жеткізу бойынша әлемде үшінші орынды иеленді. Бүгінгі күні компания АҚШ, Германия, Швеция, Ресей, Үндістан және Қытай сияқты елдерде ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-құрылымдық жұмыстар жөнінде 16 орталық ашты. Huawei CBG бөлімшесі Huawei компаниясының үш бизнес-бөлімшеінің бірі. CBG смартфон, ДК мен планшет, тасымалдау технологиялары, кең жолақты мобильді құралдар, Huawei құрылғалырына қызмет көрсету сияқты нарық сегменттерін қамтиды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу