Пандемиядан кейін адамдар ауылға кете бастай ма?

2095

Орыс тілді басылым журналистері не туралы жазды. Inbusiness.kz-тің баспасөзге жасалған апталық шолуы.  

Пандемиядан кейін адамдар ауылға кете бастай ма?

express-k.kz: "Пандемиядан кейін адамдар ...ауылға кете бастай ма?" деп сұрайды басылым. Футурологтар коронавирустың пандемиясы аяқталғанан кейін, қалалардың өндіріссізденуі басталды деп болжап отыр. Адамдар ауылға қайта бастайды. Ол үшін ауылдарда интернет болуға тиіс.

Білімді халық үйінде отырып жұмыс істей алады, ол үшін ең алдымен сапалы интернет қажет. Интернет болса, олар қалада тұруға міндетті емес. Мәселен, биылдың өзінде Қазақстанның мыңдаған ауылына интернет қосылады. Демек бұл дизайнер, программистер мен суретшілерге және көптеген жоғары деңгейдегі мамандарға ауылға көшуге мүмкіндік береді деген сөз. 

"Канзас университетінің ғалымы Арт Холлдың айтуынша, соңғы жылдары адамдар халқы аз, шағын ғана елдімекендерге барып өмір сүріп жатыр, себебі ауасы таза. Екінші жағынан қашықтықтан атқарылатын жұмыстың болғаны және салықтың аз төленетіні әсер етеді. Сарапшылардың көбі пандемиядан кейін, бұл үрдіс әлем бойынша етек жаятынын айтып отыр. Қалада тұратын үйдің қымбат болуы көптеген адамдарды ауылдар мен шағын қалаларға кетуге итермелеп отыр", – деп жазады мақала авторы.

Сонымен қатар адамдардың қаладан ауылға кетуіне жұмыссыздық әсер етуі мүмкін. Себебі пандемия қала экономикасының әлсіз екенін көрсетіп берді. Көптеген даяшы мен кеңесшілер жұмыссыз қалды, қоғам оларсыз да өмір сүре алады. Ал ауылдың өмір салты өзгерген емес, олар әлі күнге дейін қалаларды асырап, тамақпен қамтамасыз етіп отыр.

camonitor.kz : "Ленин, қазақтар және Қазақстан: мерейтой қарсаңындағы ойлар" деген материалды аталмыш газет Владимир Лениннің 22 сәуір күні болған туған күніне орай жариялаған. Осы жылдың 22 сәуірінде Владимир Лениннің (Ульяновтың ) туғанына 150 жыл толды. ХХ ғасырдың тарихына ерекше әсер еткен бұл тұлға болмағанда қазақ халқының өмірі басқаша болар еді. Тарихи тұлғаның қазақ халқының өміріндегі орны туралы танымал тарихшы Болат Асанов айтып берген.

"Ленин туралы айтқанды ең алдымен оның әлемдік тарихтағы орнын атап өту керек, адамзат баласының өміріне келген өзгерістер осы тұлғаның идеясы мен қайраткерлігіне байланысты болғанын атап өткен жөн. Ал енді Лениннің нақты қазақ халқының тағдырына қалай әсер еткені жайында мен бұдан бұрын да айтып келгем. Мысалы, 1917 жылғы революцияға дейін Түркістан аймағындағы Сырдария облысында өнеркәсіпте атқарылған бір жұмыс үшін орыс пролетариатына 90 тиын, өзбекке 86, ал қазақ пен қырғызға 69 тиын төленген. Демек, патша үкіметі кезінде қазақтар екінші емес, үшінші сұрыптағы адамдар болған. Ленин енгізген өзгертулердің арқасында қазақтар Ресей империясында, соңынан Кеңес Одағына айналған мемлекетте өзге ұлттармен теңдікке ие болды. Сонымен қатар, патша жүйесі қазақтардың жақсы жерлерін алып қоюды көздейтін. 1890-1915 жылдар аралығында қазақтың 20 млн гектар жерін алып үлгерген. 1903-1912 жылдар аралығында қазақ халқының саны 9 %-ға азайған. Ленин кезінде қазақ халқы автономия алған",– дейді тарихшы.

Caravan.kz: "Коммунистер Нұр-Сұлтан қаласындағы Ленин ескерткішінің қоқыста жатқанына наразы" деп жазады аталмыш газет. Басылымның хабарлауынша, биылғы жылы астаналық коммунистер ескерткіш алдында бас қоспайды және пролетариат көсеміне гүл шоғын апармайды. Оның себебі карантинге байланысты емес, оның себебі Нұр-Сұлтанда ескерткіштің жоқтығымен түсіндіріледі.
Басылым мақаласында кеңестік көсемдердің ескерткішін алып тастау үрдісі көптен бері айтылып келе жатқаны жазылған. Сонымен қатар бұл қаншалықты дұрыс қалыптасқан үрдіс дегенді айтады. Пікірталас барысында Ленин ескерткіші жиі сөз болады. Кезінде бұл ескерткіш кез келген елдімекеннің мақтанышы болатын. Нұр-Сұлтан қаласында көсемнің ескерткіші 20 жыл бұрын алынып тасталған. Алғашында оны орталық көшелерден алып тастап, кинотеатр артына қойған, соңынан мүлдем қоқысқа апарып тастаған.
 
Басылымның хабарлауынша, коммунистер жыл сайын үкіметке, астаналық әкімшілікке үндеу жасап, ескерткішке бір орын бөлуді сұраған, алайда мәселенің шешілетін түрі жоқ.
 
"Сондай ескерткішті қоқысқа тастау мәдениетсіздіктің белгісі деп санаймын. Шын мәнінде, ол қоқыста жатыр. "Горкомхоз"-дың ауласында, қоқыстың арасында жатыр. Біз оны өзіміз-ақ қайта жөндеп алар едік, өзіміз ескерткішті тазалап, күтетін едік, тек оны қоятын орын берсе болды, бірақ бермей жатыр", – дейді мәжіліс депутаты Владислав Косарев.
 
Liter.kz:"Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдердің қайсысы дағдарыстан жылдам шыға алады" деп жазады аталмыш басылым. Сарапшылар қиындықтан тез шығып кететін үш мемлекетті атады. Бұл одаққа Ресей, Қазақстан, Беларусь, Армения, Қырғызстан және Молдова мүше. Осы мемлекеттерде қабылдаған шараларға байланысты сарапшылар қай елдер дағдарыстан тез шығып, экономикасын жылдам ретке келтіретінін анықтаған.
Экономикалық қиындықтан жылдам шығып кететін мемлекеттер тізімін анықтау мақсатында мамандар Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдердің экономикалық және саяси факторларын зерттеген. Экономикалық өлшемдерге – корпоративтік басқарудың жетістігі, шағын және орта бизнесті қаржылай қолдау, бизнес ортаның ашықтығы, жемқорлық деңгейі сияқты көрсеткіштер зерттелген. Ал саяси фактор билікке деген сеніммен анықталады. 
 
"Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдердің қабылдаған шараларына байланысты сарапшылар экономикалық рецессиядан жылдам шығып кететін үш мемлекетті анықтады. Алдыңғы қатарда Қазақстан тұр, одан кейінгі орындарды Ресей және Армения иемденген",– деп жазады басылым.

Гүлмира Қамзиева

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу