Прокуратура көмектесуге дайын

Клара Ларина Клара Ларина
7649

Алты ай ішінде ОҚО-да 768 кәсіпкердің құқығы бұзылып, 70 шенеунікке жаза қолданылған. 

Прокуратура көмектесуге дайын

Өңірдің прокуратурасында жарты жыл ішінде кәсіпкерлер құқығын қорғау саласындағы бақылау қызметі жұмысының қорытындысы туралы айтылды.

"Бірінші жарты жылдықта прокуратура органымен 768 кәсіпкердің құқығы қорғалып, кәсіпкерлердің пайдасына 142,6 млн. теңге шешілді, кәсіпкерлердің құқығын бұзуға қатысты 70 лауазымдық тұлға тәртіптілік жауапкершілікке тартылса, екі лауазымдық тұлға кәсіпкерлікке қызметке заңсыз араласқаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды",- деп Оңтүстік Қазақстан облысы прокуратура органының 2016 жылдың бірінші жарты жылдығы жұмысын қорытындылау бойынша өткен  коллегия жиналысында  айтылды.  

abctv.kz  арнасына ОҚО прокурорының аға көмекшісі Батыр Ергешов әңгімелегендей, прокуратурамен бақылау қызметін іске асыру барысында басты назар кәсіпкерлер құқығын бұзуға қатысты жиі болатын тәртіп бұзушылыққа назар аударылды. Негізінен, тұрақты бөлшектік сауданы іске асырушы кәсіпкерлер құқығының бұзылуы және оларға әкімдіктермен сауда орындарын белгілемеуге байланысты кәсіпкерлерді әкімшілік жауапкершілікке тартуға  қатысты көптеген фактілер анықталды.

"Біздің прокурорлық жауап қату актілерімізбен полиция органдарының кәсіпкерлерді белгіленбеген жерлерде сауда жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы 510 қаулысы кері қайтарылды.  Жергілікті орган, Шымкент әкімшілігімен тиісті орындарды бекітпеген, полиция бұл адамдарды заңсыз әкімшілік жауапкершілікке тартқан. Барлық заңсыз қаулылар жойылып, біздің ұсынысымыз бойынша жергілікті атқарушы органдар қазіргі уақытта Шымкент қаласында  тұрақсыз саудаға арналған нақты арнайы орынды  белгілейтін нормативті-құқықтық актіні дайындауда",- деп түсіндірді Батыр Ергешов.

Осы нормативтік-құқықтық акті бекітіліп, әділет органдарында тіркеліп, заңды күшіне енбейінше, полиция органдары белгіленбеген жерлерде бөлшектік сауда жасаушылар немесе осыған мүдделі азаматтарды әкімшілік жауапкершілікке тарта алмайды, себебі бұл жерде құқық бұзушылық құрамы жоқ. Заңмен тыйым салынбаған болса, онда оған рұқсат етілген болып саналады.

"Полиция органы бұл бағытта шамадан тыс белсенділік көрсетіп, жаппай хаттамалар толтырған. Біз бұл тәртіп бұзушылықты дер кезінде анықтап, жауап қаттық. Егер бұл сол кезде жасалмағанда, онда осы мәселе бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылған тұлғалардың саны он есе көп болатын еді. Біз құқық қорғау органдарын және жергілікті атқарушы органдарды тиісті актілер заңды күшіне енбейінше  бұл жағдайдың жалғасуын болдырмау туралы ескерттік",- деді ол abctv.kz. арнасына.

Басқа тәртіп бұзушылықтың түрі - агроөнеркәсіптік кешеннің басымдылық  бағытында инвестициялық жобаларды іске асырушы тұлғаларға субсидияларды төлеу мерзімін сақтамау болып табылды.

"Прокурорлық жауап қату актілерінің қабылдаулары бойынша  кәсіпкерлер пайдасына 600 млн. теңгеден артық бюджеттік қаржы субсидия түрінде төленді, оны олар өткен жылдың желтоқсан айының соңында немесе осы жылдың бірінші тоқсанында алулары керек еді. Алайда,  облыстың жергілікті атқарушы органдары кәсіпкерлердің ауыл шаруашылығында инвестициялық субсидияларды алуға берген өтініштерін, негізсіз, осы жылдың екінші жарты жылдығына қалдырған. Аталған фактілер біздің тексеруімізбен бірінші жарты жылдықта анықталып, облыс әкімдігі атына тиісті актілер енгізілді. Олардың нәтижесі бойынша өтініштер қаралып, кәсіпкерлердің пайдасына 600 млн. теңгеден артық сома төленді",- деп ОҚО прокурорының аға көмекшісі мәлімдеді.

Заң бұзушылықтарға жол бергені үшін ОҚО ауыл шаруашылығы басқармасы бастығының орынбасары және осы басқарманың бас маманы тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Белгіленген өлшемдер атқарылуы тиіс
Кәсіпкерлік туралы заңнаманы қолдануды бақылау саласында прокуратура "Бизнестің жол картасы-2020" бағдарламасына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы ұсыныстар енгізді. Әңгіме облыста 2 мың шаршы метрден кем емес сауда орнымен және кем дегенде екі қабатты көлік қоятын орталығы бар  тиісті өлшемге сәйкес келетін заманауи үлгідегі сауда нысандарының құрылысын субсидияландыру сияқты шағын және орта бизнес субъектілерін несиелендіру құралы туралы болып отыр. 

"Бұл өлшемдерге қазіргі уақытта облыс кәсіпкерлерінің басым  көпшілігінің шамасы келмейді. Өздеріңіз ойлап көріңіздерші, ОҚО-да  180 мыңнан артық белсенді кәсіпкерлер жұмыс істейді, ал соның ішінде тек бір ғана  ШОБ субъектісі сауда орталығы құрылысы үшін аталған жеңілдетілген құралды алған. Ал ШОБ-ты дамыту - мемлекеттік саясаттың негізгі басымдылығы",- деді Ергешов мырза.

"Аталған қатал өлшемдердің орындалу қиындығына және аталған құралдың өңір кәсіпкерлері арасында айтарлықтай сұранысқа ие болмауына байланысты біз жағдайды сараптап, сауда орталықтарының талап етілген аудандарын 500-700 шаршы мертге дейін және көлік қоятын орындарды азайтуды ұсындық. Біздің бастамамызды Бас прокуратура да қолдап ұлттық экономика министрлігіне тиісті ұсынысты жіберді. Қазір оның барлығы қаралуда",- деді прокуратура өкілі.

Уақытында атқарылуы керек  
Прокурор кәсіпкерлердің құқығы көп бұзылатын сала деп жер қатынастарын көрсетті. Негізінен,бұл жергілікті органдармен жеке және заңды тұлғалардың жер телімінің мақсатты бекітілуін өзгерту туралы өтініштерін қарастыруда жиі бұзылады. 

Прокуратруаның тексерісі нәтижесінде 2015 жылы Шымкент әкімдігіне бизнеспен айналысқысы келетін тұлғалардан мақсатты белгіленген жер телімдерін жеке тұрғын үй құрылысынан коммерциялық мақсатқа өзгерту туралы 1500 өтініш келіп түскені анықталды.

Батыр Ергешовтың айтуынша, бұл жерде, ең бірінші, өтініштерді қарау мерзімін бұзу сияқты дөрекі тәртіп бұзушылықтар болған. Өтініштер, тіпті, екі жылдан артық уақыт қарастырылған, ал заң бойынша өтініштер 30 жұмыс күні ішінде қаралуы керек. Өтініштердің ұзақ қаралуына байланысты кәсіпкерлер жергілікті атқарушы органдардың кез келген  талаптарымен келісуге, тіпті, Шымкент қаласындағы 2012 жылғы жаңа бас жоспар бойынша "қызыл" жолаққа жататын  жер телімдері бойынша жеке меншіктік құқығынан ерікті түрде бас тартуға да келіскен. Ал олардың жер телімдері бас жоспарды қабылдағанға дейін алынған деп атап көрсетті прокуратура өкілі.

Сонымен қатар, әкімдік өтініш берген тұлғалардан жер телімдерінен ерікті түрде бас тарту туралы нотариалды бекітілген өтініштер қажеттілігіне тапсырма беріп, жер телімдерін коммуналдық меншікке беру туралы сотқа талап-арыз бергізіп ҚР Жер Кодексі талаптарын бұзған.

"Бізде әкімдік меншік иелерінен меншіктік құқығын алмастан, меншік құқығынан бас тартуды тиісті түрде рәсімдемей, яғни сот шешімі арқылы шығармай, "қызыл" жолақта тұрған жердің жартысын ұсынған. Бұл ҚР Конститутциясына қарама-қайшы, Конститутцияда әр адамның жеке меншікке құқығы бекітілген. Біз осындай 60-тан астам фактілерді анықтадық",- деп нақтылады Ергешов мырза.

Сонымен қатар, ол осындай өтініштерді қарастыруда мерзімін бұзуға байланысты әкімшілік жауапкершілікке тартудың қиындығы, әкімшіліқ құқық бұзушылық және әкімшілік жауапкершіліке тарту туралы хаттамаларды жасауға жер ресурстары басқармасы бойынша орталық өкілетті органдардың лауазымды тұлғалары ғана құқылы екендігімен көрінеді. Осылайша, ОҚО территориясында ҚР ӘҚ Кодексінің 1-бөлімі 137-бабының 12- тармақшасы бойынша жер телімдерін белгіленген мақсатын өзгерту тарулы өтініштерді қарастыру мерзімін бұзу туралы қозғалған істі қарастыру өкілеті бар мемлекеттік орган (прокуратура органдарынан басқа) жоқ.

Прокуратура мәселені шешу жолы ретінде жеке және заңды тұлғалардың жер телімдерінің белгіленген мақсатын өзгерту туралы өтініштерін кейіннен әкімдіктің өтініштерді қанағаттандыру немесе қанағаттандырудан бас тарту туралы құқықтық актілерін ұсынумен қарастыру процесін автоматтандыруды ұсынады, сонымен қатар бас қала, республикалық маңызы бар қала, облыстың жергілікті атқарушы органдардың жерлерді  қорғау және пайдалануды бақылау бойынша өкілетті органына  ҚР ӘҚ Кодексінің 1 бөлімі 137-бабының 12- тармақшасы бойынша  әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамаларды жасау бойынша құқықты беріп өкілеттілігін кеңейтуді ұсынды.  

Кәсіпкерлер кімнен қорқады
Тамыз айында облыс прокуратурасы жергілікті атқарушы және басқа да мемлекеттік органдармен бизнес-қызметте, сонымен қатар кәсіпкерлермен әр түрлі рұқсат етуші құжаттар, лицензиялар және т.б алу барысында  әкімшілік кедергілерді  анықтау бойынша акция жүргізеді. Осыған байланысты бақылау органы кәсіпкерлерден прокуратураға өздерінің қызметі барысында кездескен әкімшілік кедергілер туралы хабарлауды сұрайды.

Бәрінен бұрын, акцияның мақсаты - кәсіпкерлерге қазіргі уақытта көптеген қызмет көрсетулер мемлекетпен "Үкімет азаматтар үшін" мемлекеттік корпорациясы өкілеттігі арқылы және электронды үкімет порталында (egov.kz) электронды түрде ұсынылатынын түсіндіру. Сараптама көрсеткендей, ОҚО-да бірде-бір адам жер телімдерінің белгіленген мақсатын өзгерту үшін мемлекеттік қызмет алуда осы баламалы форманы қолданбаған. Олар тікелей қызмет көрсетушінің кеңсесіне, яғни жауапты тұлғаларға барған, алайда кәсіпкерлік кодекс қызмет көрсетуші мен қызмет алушының тікелей қарым-қатынас жасауына тыйым салады.

"Бір айға созылатын акция барысында біз кәсіпкерлердің белсенділігін, олардың барлық туындаған мәселелер жөніндегі хабарламаларын күтеміз. Өкінішке орай, кәсіпкерлердің басым көпшілігі мемлекеттік орган, құқық қорғау органдарына әлі де сене қоймайды, тіпті, ҰКП-ға да сене бермейді, сол себепті, осы тақырыпқа тікелей сөйлесуден бас тартып, қашқақтайды",- деді Ергешов мырза.

"Бұл кәсіпкерлер әлі де  лицензия және басқа да мемлекеттік қызметтер ұсынатын өкілетті органдардың тәртіп бұзушылықтары мен заңсыз әрекеттеріне келешекте олардың тарапынан жақсы қарым-қатынасты бұзып алмас үшін шағымдануға қорқатынын көрсетеді",- деп атап көрсетті ол.

Сонымен бірге, фактілер көрсеткендей,  өңір кәсіпкерлері тек мемлекеттік органдардың қызметкерлерінен қорықпайды. 2016 жылдың бірінші жарты жылдығы бойынша кәсіпкерлер құқығын бұзғаны үшін жаза қолданғандардың  арасында 70 лауазымдық тұлға болды, олар ескерту, сөгіс, қатаң сөгіс және т.б  түрінде  тәртіптілік жауапкершілікке тартылды, сондай-ақ, кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласқаны үшін екі қоғамшыл әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

"Бұл- заңсыз қорқыту арқылы дүкендерде  саудамен айналысатын кәсіпкерлерден олардың бизнесін  "қорғауға" және олардың бизнесін мемлекеттік органдардан қорғау үшін ақша талап еткен кәсіпкерлер құқығын қорғау бойынша қоғамдық бірлестік мүшелері. Олардың мұндай құқыққа ие еместігі анық және олар кәсіпкерлерді тоқсан сайын өз "қызметтеріне"  босқа ақша төлеуге мәжбүрлеген",- деп мәлімдеді ОҚО прокурорының аға көмекшісі.

Қабылданған прокуратуралық жауап қату шаралары бойынша осы тұлғаларға қатысты әкімшілік іс қозғалды, оларды әкімшілік жауапкершілікке тартып, біреуіне – ескерту түрінде, біреуіне- айыппұл төлеу түрінде жаза қолданылды. Сонымен қатар, прокуратура талабы бойынша кәсіпкерлерден заңсыз алынған ақшалар кәсіпкерлердің өзіне қайтарылып берілді.

Клара Ларина, Шымкент

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу