Ресей мен Украина соғысты әрі қарай жалғастырмақ

718

Себебі Швейцарияда өткен дипломатиялық конференция айтарлықтай нәтижесіз аяқталды.

Ресей мен Украина соғысты әрі қарай жалғастырмақ Фото: АР агенттігі

Ресей мен Украина таяу болашақта шайқасты тоқтатпайтын тәрізді. Себебі бейбітшілікке алғашқы қадам аталған халықаралық кездесу айтарлықтай дипломатиялық табыс әкелмеді. Яғни, бұл саммит Еуропадағы Екінші дүниежүзілік соғыстан бергі ең үлкен әскери жанжалға нүкте қоя алатындай сыңай таныта алмады.

Швейцарияда демалыс күндері өткен екікүндік конференцияға Ресей мен Қытай жетекшілері қатысқан жоқ.  Сонымен қатар, Үндістан, Сауд Арабиясы, Оңтүстік Африка және Мексика тәрізді негізгі елдер жексенбіде аяқталған жиынның қорытынды құжатына қол қоймаған. Сондықтан бірқатар сарапшылардың пікірінше, бұл конференцияның мүмкіндігі шектеулі көрінді.

Осындай шақта Батыс уәде етсе де, қару тапшылығын бастан кешіп отырған Украина өзінің шығысында ресейліктердің шабуылдарын тоқтатуға күш салып жатыр.

Кремльдің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков болса, Швейцавриядағы конференцияның нәтижесін "нөлге жақын" деп сипаттады.

Соған қарамастан, Украина президенті Владимир Путин қазір өзінің бейбітшілік жобасының айналасына шет мемлекеттерді топтастыруға әрекеттеніп жатыр.

Жалпы алғанда, бейбіт конференцияның қорытынды коммюникесін  80-ге жуық ел мақұлдады. Бұл құжат ядролық қауіпсіздік, азық-түлік қауіпсіздігі, тұтқындарды босату, Ресейге әкетілген мыңдаған баланы қайтару тәрізді мәселелерді қамтиды.

Өткен аптада Ресей президенті Владимир Путин мәлімдегендей, егер Киев күштері Ресей 2022 жылы заңсыз аннексиялаған төрт облыстан шығарылатын болса және Украина НАТО-ға кіру ниетінен бас тартса, ол көрші елде атысты дереу тоқтатуға бұйрық бермек.

Тағы бір айта кететін жайт, Швейцария конференциясы негізгі проблеманы шеше алмады. Ол – Ресей басып алған аумақтарды Украинаға қайтару мәселесі.

Путиннің тағы бір шарты бойынша, Украина 2014 жылы Мәскеу заңсыз аннексиялаған Қырымды Ресейдің бір бөлігі деп мойындап, армиясын шектеп,  ядролық мемлекет емес деген статусын сақтауы керек.

Әрине, Киев бұл ұсыныстардың барлығын "сандырақ" деп атап, оларды орындаудан бас тартып отыр.

Осының алдында Зеленский 10 пунктен тұратын бейбітшілік формуласын жариялады. Оған сәйкес, Украина жерінен барлық ресейлік жауынгерлер мен офицерлер қуылып, әскери қылмыс жасағандар жауапқа тартылуы керек. Мәскеу бұл жобадан үзілді-кесілді бас тартты.

Вашингтонда орналасқан "Соғысты зерттеу" институтының мәлімдеуінше, Путин "таяу болашақта әділ келіссөздер өткізуге мүдделі емес", себебі ол ақыр соңында РФ жеңеді деп ойлайды екен.

Ресейдің 2022 жылдың ақпанында Украинаға кең ауқымды басып кіруі жүздеген мың адамның өмірін қиып, миллиондаған тұрғынды үйлерін тастап кетуге мәжбүр етті. Және де бұл соғыс әлемде астық пен тыңайтқыштар нарығының жұмысын бұзып, инфляцияы шарықтатып жіберді.

Соғыс сындарлы шақты бастан кешіп жатыр.

Украина армиясы әлемдегі ең айбынды армиялардың біріне қарсы тұруда төзімділік таныта білді. Бірақ Киев Батыстың қайта жабдықтауынсыз соғысты жалғастыра алмайды. Украина, сондай-ақ адам күші мен бекіністер жетіспеушілігіне байланысты қазір үлкен қиындықтарға тап болып отыр. Мұндай жағдай Ресейдің осы жазда ұрыс даласында жеңіске жету мүмкіндігін арттыруы мүмкін.

Дегенмен,  соғыстың басталғанына екі жылдан асса да, Ресей әлі күнге дейін Украина әскерін нокаутпен күйрете алмай отыр. Және де Мәскеу соғыс әрекеттерін күшейту үшін шетелден көмек іздеп жатыр.

Батыстың әскери сарапшылардың ойынша, шайқас кезінде кіші офицерлерінен айрылғандықтан, Ресей армиясына сапа жетіспейді қазір. Бұл дегеніміз, Ресейге кең ауқымды серпіліс жасау қиын болмақ. Ал Украина осы жағдайды пайдаланып, ресейліктердің жер басып алу әрекеттерін тежеп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу