Рудный цемент зауытын іске қосуға тағы да қаражат жетпейді

7679

Несие беруші банкпен арадағы даудың салдарынан Рудный цемент зауытының құрылысы ұзаққа созылатын түрі бар. 

Рудный цемент зауытын іске қосуға тағы да қаражат жетпейді

Кәсіпорын басшысының мәліметі бойынша, жобаның 16,4 млрд. теңгеге қымбаттауы есебінен зауытты іске қосу үшін тағы да 2,8 млрд. теңге жетпейді. Құрылыстың бастапқы құны 2013 жылы жасалған (сол соманың көлемінде "Сбербанк" АҚ-дан несие алынған) және маңызды жағдайларды ескермейді.

Рудный цемент зауытының құрылысына сол 2013 жылы-ақ Мұқамеджан Тұрдақынов (2014 жылдан бастап Еуразиялық табиғи ресурстар корпорациясына (ENRC) қарайтын "Соколов-Сарыбай тау-кен өнеркісіп бірлестігі" АҚ басшылығынан кетті) мұрындық болған-ды. Жоба жылына 500 мың тонна клинкер беретін және 13,6 млрд. теңге тұратын құнымен Қостанай облысын индустрияландыру картасына енді.

"Құрылыс-монтаждау жұмыстарының бағасына 0,8 коэффиценті қолданылды, сонымен қатар ең төменгі айлық көрсеткіш (ТАК) деңгейі, құрылыс материалдарының бағасы және үш жыл бұрынғы валюта бағамы есепке алынды",-дейді "Рудный цемент зауыты" ЖШС қаржы директоры Лариса Савина. Оның мәлімдеуіне сәйкес, осы себептерге байланысты бөлінген қаражат әлі күнге дейін жетпей отыр. 

"Биыл жобаның іске қосу-реттеу жұмыстары ескеріліп, қазіргі күнгі құны есептелген болатын. Айырмасы 2,8 млрд. теңгені құрады. Осы ақшадан "Рудный цемент зауыты" ЖШС-нің  "Сбербанк" АҚ-да орналасқан депозиттік есеп-шотында 750 млн. теңге бар. Есеп-шотты ашып, осы ақшаны құрылыс-монтаж жұмыстарына жұмсағымыз келеді. Оған қоса 2,1 млрд. теңге көлемінде қосымша қаржыландыру мәселесін қарастыру қажет",- деп атап көрсетті Савина.

Осы ретте кәсіпорын құрылыс-монтаж жұмысының көлемі  96%-ға орындалғанын айтады. Таяу уақытта Германия мен Қытайдан шеф-монтаждау және іске қосу-реттеу жұмыстары бойынша мамандар келуге тиіс.

Жобаны бастау 2014 жылдан бері бірнеше рет кейінге қалдырылғанын атап кету керек. Бүкіл құрылыс кезінде кәсіпорынның өзі құрылыстың 1 жыл тоқтап тұрғанына куә болды: 2013-2014 жылдарда құрылыс 9 ай, биыл тағы үш ай тоқтап тұрды. Құрылыстың тоқтап тұру себептерінің бірі - қаржыландыру мәселесінде қиындықтардың шығуы.

"Сбербанк" АҚ орта бизнес департаменті директоры Павел Кулагин банк қалыптасқан жағдайға түсіністікпен қарайтынын, алайда барлық лимиттің біткенін айтады. Ал, дәл 2015 жылы банк кәсіпорын қарызын өтеуді жарты жылға созған болатын.  Осы жылдың мамыр айында қарызды тағы бір жылға бөліп төлеу туралы шешім қабылданды. "Жоба бастамашысы тарапынан құрылысты бітіріп, іске қосу мерзімі сол кезде де, қазір де түсініксіз. Құрылысты бітірудің басқа жолын қарастырған дұрыс",- дейді Павел Кулагин.

Сонымен қатар, банктің қаражатты игеру бойынша сұрақтары туып отыр. Павел Кулагиннің айтуынша, жабдықтың үлкен бөлігі теңгенің құнсыздануына дейін сатып алынған. Яғни, валюталық шығындар бағамның күрт өзгергеніне дейін болған. Жобаның рубльге қатысты мәселесі де осындай. Банкирдің айтуынша, рубльдің бағамы бұрынғыша қалған.

"Біз бүгінгі күні сюрвейер компаниясы атынан қызмет көрсетін тәуелсіз "Кови" компаниясымен жоба бойынша қаражатқа сараптама жүргізіп жатырмыз және дәл қазір жарияланған қаржымен келіспейміз. Қажетті есептерді ұсыну үшін компания тарапынан көмек қажет",- деп қорытты Павел Кулагин.

Мәселенің маңыздылығы

Рудный цемент зауыты құрылысы жобасы индустриализация картасына еніп, мемлекеттік қолдау алды. Бұдан бұрын облыстық әкімдік жариялаған мәліметке сәйкес, инфрақұрылым бюджет есебінен жүргізілді: техникалық және ауыз су құбырын, байланыс және электр құрылғылар желісін, тұрмыстық-шаруашылық және  жауын-шашын суын жіберетін канализацияны, автожол мен жылу желісін жүргізуге 730 млн. теңге бөлінді.  Жоба бойынша 750 млн. теңге несиеге кепілдік берілді, 747,5 млн. теңге сомасына субсидия төленді, ал "Тобыл" ӘКК тағы қосымша 700,8 млн. теңге бөлді.

Осыған қарамастан, кәсіпорын Ұлттық қордың ақшасынан жылдық 6%-бен "Сбербанктен" алған екінші несиені қайта қаржыландыруды сұрайды.

Жобаны іске асыруға Қостанай облысының билігі араласпақшы. Мақсат біреу ғана - ұзаққа созылған құрылысты бітіру. "Екі апта ішінде қаржыландыру мәселесін шешу қажет. Біріншіден, 700 млн. теңгенің есепшотын ашуға тырысу керек. Бұл сіздердің басшылықтарыңызға деген  біздің өтінішіміз. Егер құрылыс осылай тұратын болса, оны екі-үш жылдан кейін тонай бастайды. Екіншіден, қосымша ақша бересіздер ме әлде бермейсіздер ме, соның жауабын білуіміз керек",- деді осы мәселеге қатысты Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов "Сбербанк" АҚ өкілдерімен кездесуде.

Қостанай облысының әкімі жетіспейтін темір жол тұйықтарының құрылысына әкімдік 507 млн. теңге бөлетіндігін айтты. Осымен қоса, 2017 жылы мемлекеттік сатып алу тендерінің жеңімпазы болатын мердігерлермен әкімдік Рудный цементінің бірінші партиясын жеткізу мәселесін қарастырады.

Статистикаға сүйенетін болсақ, 2016 жылдың шілде айында Қазақстанда 1 млн. тонна цемент өндірілген. 2015 жылы 8,5 млн. тоннадан артық цемент шығарылған. Бүгінгі күні республикада  жылына жалпы қуаты 10,74 млн. тонна болатын 10 кәсіби зауыт жұмыс істейді. Оның ішіндегі ең ірі зауыттар: "Шымкент Цемент", "Central Asia Cement" (Қарағанды облысы), "Бұқтырма цемент зауыты" АҚ (Өскемен), "Стандарт Цемент" ЖШС бар.

"Қазақстан кәсіпорындарының цементке деген сұранысын толық қамтамасыз етіп отырымыз. Бірақ, цементті Қарағанды облысынан Қостанай облысына әкелетін болсақ, оның бағасы да қымбатырақ болатыны түсінікті. Рудныйдағы цемент зауытын іске қосу Солтүстік Қазақстан кәсіпорындары үшін цемент бағасына айтарлықтай әсер етіп, оны 10-15 %-ға төмендетеді. Алайда, бұл кәсіпорынның бәскелестері қазірдің өзінде көп",- деді "ҚР және Орталық Азия құрлысшылар одағы" ЗТҚ президенті Жалғас Әлманов.

Келешекте Рудный зауытына бәсеке тудыратын "Новоишимск цемент зауыты" ЖШС (СҚО) сонау 2014 жылғы есепте жұмыс істемейтін (тоқтатылған) кәсіпорын ретінде көрсетілген. 

Татьяна Шестакова  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу