SCAT Испания, Грекия және Израиль шипажайларына рейс ашпақ

Жанболат Мамышев Жанболат Мамышев
6191

2017 жылы елдегі әуе компанияларының ұшақтары Испания, Грекия және Израиль елдеріне ұша бастайды.

SCAT Испания, Грекия және Израиль шипажайларына рейс ашпақ Фото: Мария Матвиенко

SCAT әуе компаниясы 2017 жылдан бастап Еуропаға рейстерін ашады. Еліміздің 19 әуе компаниясы Еуропалық одақтың қара тізімінен шыққаннан  кейін осындай мүмкіндікке қолымыз жетіп отыр. Бұл туралы шешімді 8 желтоқсан күні Еуропалық комиссия қабылдады. Біздің әуе компанияларымыз Еуропаға ұшу үшін Еуропаның авиациялық үкіметінен тексерістен өтуі керек.

"Олар бұл  мәселені 2017 жылы шешеді деп ойлаймын. Тәртіп бойынша, Еурокомиссия жылына екі рет тексеру жүргізеді. Сонымен қатар, бізге шектеу қойғанына қарамастан, жылына екі рет Еурокомиссия алдында есеп береміз. Әдетте, тексеру сәуір және қараша айында өтеді. Еурокомиссияға қол жеткізген дүниелер жайлы есеп береміз. Осы кезде басқа әуе компаниялары да есеп береді. Сондықтан, егер келесі есеп беру кезеңінде, яғни, сәуір айында SCAT дайын болса, онда Еурокомиссия ұшуға рұқсат беруі мүмкін. Менің ойымша, қазіргі уақытта SCAT осы мәселеге қатты назар аударып  отыр", – дейді инвестиция және даму министрлігінің азаматтық авиация комитетінің төрағасы Бекен Сейдахметов.

Оның айтуынша, әуе компаниясының  көздеп отырған жұмысы жетерлік. SCAT, негізінен, ел азаматтарын Грекия, Испания және Израиль шипажайларына жеткізуге ниеттеніп отыр.

Комитет басшысы журналистерге еліміз Еуропаның барлық елімен әуе тасымалын жасауға екіжақты келісім жасағанын айтты.

Елдегі басқа әуе компаниялары Еуропа елдеріне ұшуды бастауына болады, бірақ, әзірге ықылас білдіріп отырған ешкім жоқ. Оның айтуынша, Еуропаға ұшуға лайық ұшақтары бар Bek Air, Qazaq Air компанияларының әзірге Еуропаға ұшу жоспарлары жоқ. Ал қалған әуе компаниялары қажетті ұшақ түрлерінің болмауынан ЕО-ға ұша алмайды.

Елімізде, жалпы, 51 әуе компаниясы тіркелген.Оның ішінде 23-і жолаушыларды тасымалдау мүмкіндігіне  ие, ал 7 компания тұрақты әуе сапарын іске асырады, Air Astana, Qazaq Air, Bek Air, SCAT сияқты  4 компания шетелге ұша алады.

Қазіргі уақытта Еуропаға тек Air Astana ұлттық әуе тасымалдаушысы ғана ұшады. Бекен Сейдахметовтің мәлімдеуінше, 2017 жылы Астанадан Варшаваға және Хельсинкиге рейс ашылуы мүмкін.

"Иә, бізде келіссөздер жүргізіліп жатыр. Көктемгі-жазғы ұшуға нақты жоспар Finnair әуе компаниясында бар деп ойлаймын. Олардың билет сата бастағанын білеміз. LOT польша әуе компаниясы ЕХРО қарсаңында ұшуды  жоспарлап отыр", – дейді ол.

Көптеген компанияның ұшуға деген ниеті бар, бірақ, олар әзірге нарықты зерттеп отыр. Бұл нарық қой. Егер сұраныс болса, онда  биылғы жылы төмен коммерциялық толығу салдарынан біздің елдің нарығынан кеткен "Аустрия әуе желісі", "Чехия әуе желісі", "Британия әуе желісі" Қазақстанға ұшуды қайта бастайды".

Бекен Сейдахметовтің айтуынша, Қазақстаннан Қытайға ұшу қарқын алады. Олармен арадағы келісім жақсы. Қазіргі уақытта бізде құқықтық алаң аптасына 35 сапар. 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап, аптасына 42 рейске дейін артады. Air Astana-ның рейстер санын жиілетуге нақты жоспары бар. Дәл 13-14 желтоқсан күні біздің авиациялық әкімшілік пен әуе компанияның делегациясы слот мәселесіне рұқсат беру жөнінде келіссөз жүргізуге Қытайға барады.

Ұшу сапарларының артуы аясында Қазақстан авиациялық үкіметі әуе компанияларына шамамен 235 шетелдік ұшқышты тартуға рұқсат берген.

"Сала дамып жатыр. Егер әуе компаниясы жаңа ұшақ сатып алса, онда 2-3 экипаж дайындауы керек. Air Astana 2020 жылға дейін тағы 11 "Эйрбас"  және 1 "Боинг" сатып алуды жоспарлап отыр. Ал бұл 12 экипаж, оларға тағы ұшқыш керек", – дейді ол.

Еске сала кетсек, 2009 жылы ИКАО жүргізген тексеру  біздің көрсеткіштердің ИКАО стандарттарына 47% сәйкес екендігін көрсетті. Сондай-ақ, бізге елеулі екі ескерту жасалды.

"Бұл – бағалаудың ең төменгі деңгейі. Сонымен бірге, жазғы пайдалану бойынша елеулі ескертулер болды, бұл – әуе компанияларына дұрыс қадағалау жасалмағандықтың белгісі. Екінші елеулі ескерту жазғы жарамдылық бойынша", – дейді Бекен Сейдахметов.

2012 жылы ИКАО мамандары Қазақстанға шақырылды. Үш жыл бойы бізге техникалық көмек көрсетті. Осының нәтижесінде 2014 жылы ИКАО талаптарына сәйкестік деңгейі 64%-ға дейін көтеріліп, жазғы жарамдылыққа қатысты ескерту алынды.

2016 жылдың басында ИКАО талаптарына сәйкестік деңгейі 74%-ға дейін көтерілді. Әлемдік орташа көрсеткіш 63%-ды, еуропалық орташа көрсеткіш 76%-ды құрады.

2020 жылға дейін ИКАО талаптарына сәйкестікті 87%-ға жеткізіп, әлемнің мықты 30 әуе әкімшілігінің қатарына кіру жоспарланып жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу