Субсидия сауатты фермерлер үшін

22260

Қазақстанда субсидияларды  алдын ала тиісті семинарларда оқыған фермерлерге беруді қамтамасыз ету ұсынылуда. 

Субсидия сауатты фермерлер үшін

11 шілдеден бастап "Атамекен" Ұлтық Кәсіпкерлер палатасының агроқұзыреттілік орталығы Қазақстанның ауыл шаруашылық тауарларын өндірушілер үшін білім беру семинарларын өткізуді бастады.агроқұзыеттілік орталығының директоры Төлеутай Рахымбековтың айтуынша, қысқа мерзім ішінде республика бойынша 140 семинар өтіп, оған 2 мың фермер қатысқан. Жылдың соңына дейін 10 мың қазақстандық фермерлердің қатысуымен 670 семинар өткізу жоспарланып отыр. Оның айтуынша, Қазақстан бойынша жалпы 200 мың ауыл шаруашылық тауарын өндіруші жұмыс істейді.

Фермерлер үшін білім алу тегін, ал орталық бюджет еебінен жұмыс істейді. Ауыл шаруашылық министрлігі бағдарламасы бойынша 1 млрд. теңге бөлінген. Бұл ақшаға орталық дәріс оқушыларды жалдайды, оның ішінде 20 отандық және 25 шетелдік мамандар бар. Мұндай санның болуы кездейсоқ емес, бағдарлама 25 саланы қамтиды, оның ішінде, мал шаруашылық және егін шаруашылығы бар. Сол себепті  әр дәріс оқушы өзінің саласы бойынша дәріс оқиды. Сабақ 1-3 күн ішінде өтеді, күн сайын 4 сағат теория және 4 сағат практика тікелей егін алқабында немесе шаруашылықта өтеді. "Егер сегіз сағат сабақ болып. Оның 4 сағаты теория және 4 сағаты практика болатын болса, онда барлығын көзбен көріп, қолмен ұстауға болады деген сөз",- дейді Төлеутай Рахымбеков.

Рахымбеков мырза дәріс оқушылар бір сағатқа 3 мың теңге немесе бір күнгі оқытуға 24 мың теңге алады, алайда шақырылыған дәріс оқушылардың бәрі бірдей бұл соманы лайықты деп есептей бермейді, олар бір күнге 100 мың теңге, тіпті 1 миллион теңге сома сұрайтындар бар деп атап кетті. "Маракетинг бойынша тіпті мал дәрігерлерінің өзі шаруашылықта бір күн болғаны үшін 100 теңге сұрайды. Қазақтар. Тегі мен атын да айта аламын. Бұл дұрыс деп есептеймін. Бір күнгі сабағы бір миллион болатын мамандар бар. Оған алдында бір адам отыр ма немесе жиырма адам отыр ма бәрібір. Ең бастысы, ақшаны жинап, қаламақыны берсең болғаны",- дейді ол.

Өңірлерде семинарларды өткізетін орынды табу қиындығы сияқты мәселелері кездеседі. Оның айтуынша, мұның басты себебі, семинар өткізуге болатын шаруа қожалықтарының ырымға сенетіндігі. Олапдың ойынша, олардың малдарының өсімі мен егіндеріне бөтен адамдардың көзі тиюі мүмкін. Алайда, мұндай адамдар аз, 100 шаруашылықтың төртеуі ғана бас тартқан. Сонымен қатар, бұл экономикалық жағынан тиімді, орталық семинар өтетін шаруашылық базасына бір күнге жалға бергені есебіне 97 мың теңге төлейді. "Яғни, біз жәй тегін келіп айт, көрсет демейміз. Олардың шығындарының жартысын төлейміз",- деді ол.

Айтпақшы, өңірлерде мұндай семинарларды тек агроқұзыреттілк орталықтары ғана өткізбейді, сонымен қатар, қоғамдық бірлестіктерден шетелдік компаниялармен бірлесіп жұмыс істейтін жеке оқу орталықтары да өткізеді.

"Біреулер тұқым сатқысы келеді, біреулер техника сатқысы келеді да- оқу орталықтарын құрады. Неге істемеске? Бұл маркетингтік тәсіл",- деп, ол жеке оқу орталықтары шетелдік тұқым мен жабдық өндірушілер есебінен жұмыс істейтінін атап кетті.

Оның айтуынша, 2017 жылы орталық 10 мың фермерді оқуға тарпақ. Осы ретте, Төлеутай Рахымжанов Қазақстан ауыл шаруашылықтары субсидияларын алуда алдын ала тиісті семинарларға  қатысуын міндеттеу сияқты шетелдің тәжірбиесін қолдана алуға болатынын атап кетті.

"Фермерлердің аталған курстар мен семинарлаға деген ынтасы жоқ дей алмаймын, соны одан әрі ынталандыра түсу үшін Польшада жасалып жатқан ұсынысты қарастырып көруге болар еді. Польшаның ауыл шаруашылық бойынша кеңес беруші кеңесі- бұл Варшавада орналасқан жеке қоғамдық құрылым. Ол сонау 1903 жылы Ресей патшалығы кезінде құрылған,- дейді ол. – Қазіргі таңда екі қор көзінен, яғни, Польшаның республикалық бюджеті мен облыстық бюджет есебінен қаржыландырылады. Фермерлерге бұл сөз емес, алайда олар субсидия алу үшін біліктілік санатын көтеретін курстан өтуі керек. Бір жағынан, бұл дұрыс, яғни субсидияны алатын адам оны қолдана білуі керек"

Сонымен қатар Төлеутай Рахымбеков келешекте семинарлар көп деңгейлі болуы мүмкін дейді. "Семинарлардың жартысын аталған тақырып бойынша 10-15 фермер жиналған  облыс деңгейінде өткізу керек шығар. Мүмкін оларды барлық облыс бойынша жинау керек шығар. Оларды бірақ рет республика деңгейінде жинау да жеткілікті болатын шығар. Мұндай мәселелер бар, алайда мұндай мәселе тек 20-30 ғана қатысты, мұны әр ауданда өткізу керек емес",- деді ол.

Сонымен бірге, тренингті дәріс оқушылардың өздері үшін де өткізу керек дейді ол. "Дәріс оқушылар мен тренерлердің біліктілігін үнемі көтеріп отыру қажет",- деді Рахымбеков мырза. Қазақстандық дәріс оқушылар қазақстандық жоғары оқу орындарының, сонымен қатар, оқу мекемелері мен ғылыми-зерттеу институттарының оқытушыларымен, семинарлар өтетін шаруашылық базаларының басшыларымен  ұсынылғандығын атап кетті.

Осыған байланысты дәріс оқушылардың өзін де оқытуды ұйымдастыру жоспарланып отыр. "Біз бұны үш оқу-әдістемелік орталық базасында жоспарлағымыз келіп отыр, оңтүстік пен оңтүстік-шығыс үшін Алматыда, батыс үшін- Батыс Қазақстан агротехникалық оқу орнында, солтүстік пен шығыс үшін С.Сейфуллин атындағы агротехникалвқ университетте өткізбекпіз",- деп түйіндеді Төлеутай Рахымбеков.

Еске сала кетсек, бұдан бұрын Қазақстанда fermers.kz. портаының жұмыс істей бастағаны хабарланған болатын.

Жанболат Мамышев

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу