Тариф "тепсініп" тұр

Бұлбұл Болат, Алматы Бұлбұл Болат, Алматы
14989

Еліміздегі коммуналдық қызмет ақысы біз үшін қымбат, өзгелер үшін арзан. 

Тариф "тепсініп" тұр

Елімізде жанар-жағармаймен жағаласып, ыстық, суық судың, кәріз құбыры жүйесінің, газдың және электр энергиясының бағасы қымбаттады.

Бұдан былай ел азаматтары суық су үшін өткен жылмен салыстырғанда -11%, ыстық суға - 3%, кәріз құбырына - 9%, газға - 5%, электр энергиясына 5-10% артық ақша төлейді.

Коммуналдық қызмет ақысының тамыздағы тарифі жыл басынан бері 5%-ға өскен. Бір жылда үй шығыны әр шаршы метр үшін 26,63 теңгеге ұлғайған.  Қоқыс үшін ел азаматтарынан ай сайын 161,74 теңге артық алым алынатын болған.

Қымбатшылық отандастарымызды сумен жабдықтау және кәріз құбыры жүйесі арқылы да қыспаққа алған. Суық судың бір текше метріне 71,6 теңге қосылса, ыстық судың бір текше метрі 221,77 теңгеге үстемеленген. Кәріз құбыры жүйесінің тарифі 46,83 теңгеге көтерілген.

Жылу ақысы 3,5%-ға артса, табиғи газдың бір текше метрі 17,05, ал төмендетілген газдың бір келісі 142,93 теңгеге қымбаттаған. 

Электр пешін қолданатындар үшін электр энергиясының 1 деңгейлі құны 100 кВт сағат үшін 1130, екінші деңгейлі құны көрсетілген көрсеткіш үшін 1498 теңге болып бекітілді. Электр пешін қолданбайтындар үшін электр энергиясының тарифі 100 кВт сағат үшін бірінші деңгейде 1157, екінші деңгейде 1508 теңгені құрайтын болды.

Айта кетейік, парламент палаталарының 4 қыркүйекте өткен біріккен отырысында президент Нұрсұлтан Назарбаев тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы мультипликативті нәтиже беретін сала екенін атап көрсетіп, үкіметке оны жаңғыртуды жүктеді. Елбасы ТКШ-ға қатысты заң жобасын жетілдіруді, тариф бағасын бақылауды, салаға инвесторлар мен халықаралық қаржы институттарын тартуды тапсырды.

"Саланы жаңғыртуға қыруар қаржы қажет. Инвестор мен халықаралық қаржы институттарын тарту үшін тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығына қатысты заң жобасын қайта қарау қажет. Тұтынушылар мен табиғи монополия субъектілерінің мүддесі теңесуі тиіс", – деді Қазақстан басшысы.

Бүгінгі таңда Қазақстан бұрынғы посткеңестік мемлекеттерден электр энергияс, коммуналдық қызмет ақысы ең арзан ел ретінде ерекшеленеді.

Мұны парадокс деп қабылдау керек сияқты. Себебі баға біз үшін қымбат, өзгелер үшін арзан.

Бұлбұл Болат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу