Таунхаустарға сұраныс артады

Бауыржан Мұқан Бауыржан Мұқан
23389

Соңғы бірер жылда жердің бағасы тұрақталды.

Таунхаустарға сұраныс артады

Ашық деректердегі мәлімет бойынша, 2018 жылдың желтоқсан айында жылжымайтын мүлік нарығында Астана қаласы бойынша сатылымға қойылған жер учаскілерінің саны жыл басындағы көреткішпен салыстырғанда 30 пайыз азайған. Ал баға былтыр жыл айтарлықтай өзгере қоймаған. Мамандардың айтуынша, жыл санап сатылатын жерлердің азаюы нарықтағы алпсатарлықты азайтып, бағаны тұрақтандыра түсуде. Қазіргі таңда Астана қаласында бір сотық жер телімінің құны 1,57 млн теңге. Бұл былтырғыдан 2 пайызға арзан.

Ал Алматыда нарық сәл өзгешелеу. Сатылымға қойылған жер учаскілерінің саны керісінше 24 пайыз көбейген екен. Дегенмен, бұл да Алматыда бағаға әсер етпей отыр. Баға былтырғыдан 5 пайызға қымбаттап, қазір Алматы қаласының ішіндегі бір сотық жердің орташа бағасы 5,28 млн теңгеге жетеді.

Сарапшылардың айтуынша, қазіргі таңда нарықта 5-10 млн теңге аралығында үй салатын жер телімдері үлкен сұранысқа ие. Бұл негізінен орта таптың сұранысы. Яғни, орташа кірістері бар азаматтар қала сыртынан үй салуға кірісіп кеткен.

Сұраныс көбейді дегенмен, көп жағдайда сол орта таптың осындай жер сатып алуға ақшалары жетіңкіремей жатқанын айтады kn сараптама ортағының мамандары. Олардың айтуынша, мұндай жағдайда жер иелері жерді алғаннан кейін үйлерін салып бітіруге шамалары келмей қалады. Әрине, банктер мұндай кезде "көмектесе" алады. Бірақ олар қымбат кепілзатқа аз ақша беріп, олардың берген несиелері үй құрылысына толық жетпейтін көрінеді.

Осыған орай, сарапшылар алдағы бірер жылда қазақтардың, әсіресе, Алматы мен Астана тұрғындарының қала сыртында шаршы метрлері шағын таунхаустарға сұраныстары арта бастайтынын болжайды. Қазірдің өзінде біртіндеп салынып жатқан таунхаустардың шаршы метрі қала ішіндегі пәтер бағасымен бірдей. Ал орналасқан жерінің жер телімі арзан болса, тіпті пәтер бағасынан да арзанға түсуі мүмкін. Осыны ескеріп құрылыс компаниялары қазірден бастап қала сыртынан таунхаус соғуға мән бере бастағаны байқалады.

Өз кезегінде мемлекет те жол, су мен кәріз жүйелері секілді инфрақұрылыммен қамтамасыз ету керектігі белгілі. Елдегі баспана тапшылығы мәселесін шешуге мүдделі тараптардың бірі ретінде үкімет те осы орайда біріге жұмыс істеуі тиіс екенін айтады мамандар.

Қазір қала сыртынан 5-10 млн теңгенің жер телімдерін іздеушілер көбейді. 2015-2016 жылдармен салыстырғанда жер үй алушылар көп. Дегенмен, ол уақыттан бері доллардың курсымен бірге жер бағасы да айтарлықтай қымбаттағаны анық. Дегенмен, соңғы бірер жылда тұрақтала бастағанға ұқсайды.

Бауыржан Мұқан

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу