Теңгенің девальвациясы аудит нарығын құлдыратты

Камила Абдиева Камила Абдиева
3842

Арзан мұнай өзіне қатысты аудит бастауға деген Қазақстан бизнесінің қызығушылығын бәсеңдетіп, аудиторлар арасында баға демпингінің пайда болуына әкелді. 

Теңгенің девальвациясы аудит нарығын құлдыратты

Қазақстандағы аудиторлық қызмет нарығы жеті жылда 77,8%-ға, жылына шамамен 55 мың долларға дейін құлдырап кетті. Мұндай қорытынды "Алматы қаласы өңірлік қаржы орталығының рейтинг агенттігі" АҚ (АӨҚО РА) әзірлеген 2008-2015 жылдардағы нарыққа шолу құжатында жасалды.

"2008-2009 жылдар аралығында доллар бойынша көрсетілген қызмет көлемі 32,7%-ға төмендегені байқалды, бұған себеп 2007-2009 жылдардағы дағдарыс болуы ықтимал. Сондай-ақ 2014-2015 жылдар аралығында да осыған ұқсас құлдырау байқалды, бұл кезеңде доллармен көрсетілген аудиторлық қызмет мөлшері 77,8%-ға қысқарған", – делінген сарапшы Игорь Ким әзірлеген агенттіктің шолуында.

1 сурет. Аудит нарығының көлемі мен теңгенің долларға шаққандағы бағамының серпіні

Дереккөз: е-cis.info, Bloomberg, АӨҚО РА әзірлеген

Оның пікіріне сүйенсек, мұнай бағасының арзандауы мен теңге девальвациясының салдарынан туындаған қаржылық-экономикалық дағдарыс көрсетілген қызметр көлемінің құлдырауына себеп болған. Дағдарыс кезінде бастамашылық аудитке деген сұраныс азаяды, себебі ықтимал клиенттердің қаржылық жағдайы төмендейді.

"Жалпы көрсетілген аудиторлық қызметтер көлемінің шамамен 44%-ы ғана бастамашылық аудит өткізу қызметінің  үлесіне тиеді", – деп АӨҚО РА Қазақстанның қаржы министрлігінің 2016 жылдың 7 сәуіріндегі жағдай бойынша секторлық  мәліметтерін келтірді.

Бизнес шығындарын қысқартқандықтан ішкі нарықта бастамашылық аудит жүргізу бағасына демпинг жасалды, осының салдарынан халықаралық аудиторлық комапаниялар төмен бағамен жұмыс істеуге не нарыққа жаңа жергілікті ойыншыларды әкеліп, қызмет көрсетуден тартынуға мәжбүр болды деп сөзін жалғады шолудың авторы.

Аудит нарығында баға демпингінің орын алуына басқа себеп ретінде мемлекеттік сатып алу келтірілген.

Қазақстан аудиторлар палатасының жүргізген талдауына сүйенсек, аудиторлық қызметтерді мемлекеттік сатып алу кезінде "кейбір" ойыншылар жеңіске жету үшін қызметтің бағасын әдейі төмендетеді, кейін шындыққа жанаспайтын аудиторлық есеп шығарады, осылайша жалпы Қазақстанда өткізілетін аудит сапасын түсіреді.

Бұл ретте айта кету керек, қаржылық есептері көптеген инвестор үшін маңызды болып табылатын және 2015 жылы "Аудиторлық қызмет туралы" ҚР заңына енгізілген өзгертулерге сәйкес, аудиторлық есеп жүргізуге міндетті компаниялар "үлкен төрттіктің" компанияларына  қолдау көрсетеді.

Осылайша, әлдеқайда төмен бағаға аудит жүргізе алатын жергілікті компаниялардың қызметіне деген сұраныс артады. Алайда  аудиторлық компаниялар жауапкершілігінің күшейтілуі  бәсекелестікті азайтып, нарықта қалған ойыншылардың бірігіп нығаюына әкелуі мүмкін, бұл нарықтағы аудиторлық қызметтерге қойылатын бағаны көтеруі әбден мүмкін деген қорытынды шығарылды шолуда.

Дегенмен биылғы жылдың 11 наурызындағы жағдай бойынша Қазақстандағы аудиторлық қызмет нарығының шамамен 65-75%-ын әлі де болса "үлкен төрттіктің" халықаралық компаниялары бақылап отырғаны байқалды, олардың негізгі  клиенттері – ірі ұлттық компаниялар, банктер, сақтандыру және мұнай компаниялары.

2007-2016 жылдары "үлкен төрттіктің" компаниялары аудит жүргізген нысандар саны 808 компанияны құраса, отандық ойыншылар аудит жүргізген ірі компаниялар саны екі есеге аз болып, 422 компанияны құраған.

1 кесте. Қазақстанның ірі компанияларына халықаралық және отандық компаниялар көрсеткен аудиторлық қызметтер саны, 2007-2016 жылдар


Дереккөз: ҚР қаржы министрлігінің қаржылық есеп депозитарийі, "Қазақстан қор биржасы" АҚ, 2017 ж.

Әйгерім Сүлейменова, Камила Әбдиева

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу