Компанияның сайтында 2017 және 2018 жылдары шыққан Model 3 көліктері көпшілікке ұсынылды. Мінілген көліктер жаңасымен салыстырғанда 15-20 долларға арзан. Мәселен, Long Range нұсқасының жаңа Model 3-і 62 290 доллар тұрады, ал пайдаланылғаны 40 мың доллар шамасында.
Tesla мінілген көліктеріне де кепілдік беріп отыр.
"Әрбір көлік 70 тексеруден тұратын арнайы инспекциядан өтті. Көліктер 2 жылға және 80 мың шақырымға немесе 4 жылға және 160 мың шақырымға кепілдікпен сатылады", – делінген компанияның сайтында.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу